Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тест сұрақтарына жуап беріңіздер. 1. Экономикалық теорияның негізгі қызметтерін атаңыз:



1. Экономикалық теорияның негізгі қызметтерін атаңыз:

А) формациялық, әдістемелік, логикалық

В) танымдық, теориялық-әдістемелік, тәжірибелік

С) формациялық, әдістемелік, тәжірибелік

D) тәжірибелік, филсофиялық, танымдық

Е) гнесеологиялық, дүниетанымдық

2. Политэкономия терминін алғаш қолданған:

А) Жан Батис Кольбер

В) Франсуа Кенэ

С) Адам Смит

D) Альфред Маршалл

Е) Антуан де Монкретьен

3. Экономикалық білім құрылымындағы экономикалық теорияның мәні:

А) Қоршаған табиғатқа адамның қатынасын бейнелейді

В) адам еңбегінің нәтижесін жан-жақты зерделейді

С) сауда саласындағы адамдардың өнімді өткізумен байланысты қатынастары

D) қоғамдық өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы қатынастарды бейнелейді

Е) өндіріс көлемі туралы толық түсінік береді

4. Экономикалық теория бұл:

А) адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу нысаны;

В) шаруашылықты тиімді жүргізу заңдарының, шаруашылық жүргізуші тұлғалардың түрлі тарихи кезеңдегі іс әрекетін ұғымдармен категориялар арқылы зерттеу;

С) жекелеген оқиғалардан жалпы логикалық пайымдау әдісі;

D) жалпы пікірлер мен пайымдаулардан жеке қорытындыларды логикалық тұжырымдау әдісімен зерттеу;

Е) шаруашылық жүргізуші тұлғалардың өтпелі кезеңдегі іс әрекетін талдау.

5. Мемлекетке сауданы кеңейтуді, елде алтынды жинақтауға кеңес берген;

А) Утопистер

В) Меркантилистер

С) Маржиналистер

D) Физиократтар

Е) Классиктер

6. Меркантилизм тұжырымдайды:

А) материалдық игіліктер өндірісі байлық әкеледі

В) еңбек өнімдерін тиімді бөлу табысты етеді

С) артықшылығын ескере отырып, өндірісті дамыту

D) максималды пайда табуды ұсынады

Е) байлық – бұл бәрінен бұрын алтын болып табылады

7. Байлықтың көзі сауда саласында емес, барлық материалдық өндірісте деп тұжырымдайтын экономикалық мектеп:

А) утопистік бағыт

В) маржиналистік мектеп

С) классикалық мектеп

D) әлеуметтік бағыт

Е) тарихи мектеп

8. “Халықтар байлығының табиғаты және себептері жөнінде зерттеу” еңбегінің авторы:

А) К.Маркс

В) П.Самуэльсон

С) Д.Рикардо

D) А.Смит

Е) Л.Вальрас

9. Неоклассикалық бағыттың сипатты белгілері:

А) қоғамның дамуын тежеуші деп экономиканы мемлекеттік реттеуден бас тарту

В) жиынтық сұраныс арқылы рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттігі

С) еркін бәсеке жолымен барлық әлеуметтік – экономикалық мәселелерді шешу

D) аралас экономикадан рыноктық шаруашылық жүргізу жүйесінің артықшылығы

Е) экономиканың толық еркіндігі

10. Физиократтардың теориялық ілімі:

А) қоғамның байлығы тек саудада пайда болады;

В) ұлт байлығы материялдық өндірісте, оның барлық салаларында пайда болады;

С) Байлықтың өсуі алғашқы жұмсалған сома қосымша өлшемге өскен жағдайда мүмкін болады;

D) Байлықтың көзі ауыл шаруашылығында;

Е) Құңдылық туралы ілім.

11. Өндіріс деген не?

А) бұл өндіріс құрал-жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар

B) бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданылады

C) бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажетті материалдық және рухани игіліктерді құру процесі

D) бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б.нәрселер

E) бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлісінің болуы және оның мамандануы

12. Еңбек құрал-саймандары – бұл:

А) табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер

B) еңбек заты мен жұмыс күші

C) ақыл-ой және дене қызметтері

D) әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б.нәрселер

E) машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары

13. Өндіріс құрал-жабдықтары:

А) өндіргіш күштер мен еңбек заты

B) еңбек құрал-саймандары мен өндіргіш күштер

C) еңбек заты мен жұмыс күші

D) еңбек заты мен құрал-саймандар

E) еңбек құрал-саймандар мен жұмыс күші

14. Қоғамдық өндірістің құрылымын көрсетіңдер:

A) әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылым

B) материалдық емес және өнеркәсіпті өндірістер

C) Материалдық және материалдық емес

D) өндіруші және қазба байлықтарын өндіретін өнеркәсіптер

E) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы

15. Еңбек өнімділігіне тікелей әсер етеді:

A) Жұмысшылардың білім деңгейі

B) Техникамен қамтамасыз етілуі

C) Менеджерлердің тиімді қызметі

D) Өндіріс технологиясы

E) аталғандардың барлығы

16. Баға деген түсінікті анықтайтын ақшаның қандай қызметтері бар?

A) айналым құралы

B) құн шарасы

C) төлем құралы

D) жинақтау құралы

E) өндіру құралы

17. MV=PQ фишер формуласындағы «М» - ол:

A) сан

B) ақша айналымының жылдамдығы

C) тауар саны

D) ақша массасы

E) баға

18. Тауар өндірісінің анықтамасын тап:

A) материалдық игіліктерді өндіру

B) тауар мен көрсетілген қызметтерді өндіру

C) сатып алу-сату арқылы айырбастау үшін өнімдерді өндіру

D) өнім өндірушінің тікелей тұтынуы үшін өндіру

E) сатып алу арқылы айырбастау үшін өнімдерді өндіру

19. Шаруашылықтың қандай түрлерін білесің?

A) өндіріс, тауар

B) айырбас, тауарлық

C) натуралды, айырбас

D) жеке, жалпы

E) натуралды, тауарлық

20. Тауарлы шаруашылық қай формула бойынша дамиды?

A) өндіру-бөлу-тұтыну

B) өндіру-айырбас-тұтыну

C) өндіру-бөлу

D) өндіру-айырбас-бөлу

E) өндіру-тұтыну





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1227 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...