Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика заңдылығы ретінде



1. Экономикалық цикл, циклдың кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.

2. Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері, ұзын толқындар.

Негізгі сөздер: Экономикалық кезең (цикл), дағдарыс, өрлеу, депрессия, тірілу

1. Экономикалық цикл, циклдың кейнстік, неокейнстік және монетарлық тұжырымдамалары.

Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін анықтайды. Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады. Экономикалық өсудің кезеңдік ауытқұын Кейнсиан мектебі акселерат принципімен және мультипликационды-акселерациондық механизмнің әрекетімен түсіндіреді.Ағылшын экономисі Дж. Кейнстің ойынша, цикл фазасының алмасуы күрделі қаржы мөлшерімен байланысты, ол пайда мөлшері мен пайыз (%) мөлшері ара-қатынасымен түсіндіріледі. Дағдарыс сонда ғана болады, егер пайда мөлшері (“шекті тиімділік”) пайыз (%) мөлшеріне дейін төмендесе, онда ол мынаған алып келеді: кәсіпкердің өндірісті дамытуға қаржы салу ниеті жойылады. Қазіргі Дж. Кейнстін ізбасарлары - "неокейнстіктер" - мәселен американ экономисі - Пол Самуэльсон былай дейді: нарықтық экономиканың циклдық сыйпаты ұлттық табыстағы тұтыну үлесінің төмендеуімен және акселератор жеделдету іс-әрекетімен түсіндіріледі. Олар күрделі қаржы тербелісінің амплитудасына және оның уақыт бойынша үлестірілуіне оңнемесе теріс әсер етіп, өндірістің өсуінен оның қысқаруына бет бұрыс жасайды. Американ экономисі Милтон Фридмен басқарған "монетаристік мектеп" өкілдері "неокейнстіктерден" айырмашылығы олар нарықтық экономыканың циклдық дамуының басты себептерін ақша факторынан іздейді. Ақша сұранымы нарықтық экономика тұрақсыздығының себебі болып табылады.

2. Қазіргі циклдық дамудың ерекшеліктері. ұзын толқындар.

Қазіргі кезде циклдық дамудың өзіндік ерекшеліктері бар. Олар екінші дүниежүзілік соғыстын, ғылыми-техникалық революцияның әсерінен және мемлекеттің экономикалық ролінін өсуімен туындаған. Экономикалық дағдарыстар тым жиіледі және терендей түсті, сонымен қатар депрессия фазасы ұзақтығының ұлғаюымен ерекшеленді. Мұндай құбылыстар 1974-1975-ші және 1980-1982-ші жылдардағы экономикалық дағдарыстар кезеніңде байқалды. Бұл құбылыстар көптеген индустриалды — дамыған елдердің экономикасын қамтыды. Циклдық теорияны жасауда айырықша орынды Николай Дмитриевич Кондратьев (1892-1938) алады. Ол Петербург университетінің түлегі, кейінен сонда профессор болған. Экономика институты ғылыми кеңесінің мәжілісінде 1926-шы жылы 6-шы ақпанда жасаған “Коньюктураның үлкен циклдары” баяндамасы оған әлемдік атақ әкелді. Зерттеудің толық нәтижесі осы атпен 1928-шы жылы шыққан кітапта баяндалды. Экономикалық циклдардың 7-11 жылға созылатындығы белгілі болса, бұдан басқада 48-55 жылға созылатын ұзақ циклдардың бар екендігі белгілі бола бастады.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 2064 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...