Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып. Макроэкономикалық тепе-теңдік



1. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары.

Негізгі сөздер: Мультипликатор, акселератор

1. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі.

Өндіріс қарқынын жеделдетуге қол жеткізу үшін, Батыс елдерінің әртүрлі мектеп өкілдері экономикалық өсудің моделі мен формулаларын жасап, алдағы уақытқа болжау құрады.

Өсу формуласынын негізінде кейнстің "мультипликатор" теориясы жатыр. Ол кейінірек "акселерация" теориясымен толықтырылды.

Мультипликатор – көбейткіш, ал акселератор - бұл дайын өнім сұранымының өсушілігіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті "Мультипликатор" ұғымын ағылшын экономисі Кан 1931-ші жылы ендірген, кейінірек Дж. М. Кейнс өзінің "Жұмыспен қамту, өсім және ақшаның жалпы теориясы" (1936) кітабында дамытты.

Мультипликациондық эффекті масштабын болжау үшін Дж. Кейнс ендірген тәуекелділіктің мәні зор: тұтыну шығындары мөлшері мен осы деңгейдегі табыс – “орташа тұтынуға бейімділік” – арасындағы тәуелділік. Орташа тұтынуға бейімділікті (“АРС” – арқылы белгіленеді) экономикалық ғылымда “психологиялық фактор” ретінде түсіндіреді себебі адамның тұтыну тауарларын сатып алу ниетін көрсетеді. Тұтынуға бейімділік дегеніміз ұлттық табыстың тұтыну бөлігінің (С) барлық ұлттық табысқа қатынасы (Y).

және “шектеулі тұтынуға бейімділік" (МРС) дегеніміз кез келген тұтынудағы өзгерудің табыстағы өзгеруіне қатынасын көрсетуі,

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары.

Жиынтық сұраным — тауар мен қызмет көрсетудің әртүрлі көлемін байқататын модель.Сондықтан тұтынушы, кәсіпорын және үкімет кез келген баға деңгейінде сатып алуға дайын. Жиынтық ұсыным — кез келген баға деңгейіндегі нақты өндіріс көлемі деңгейін байқататын модель.

Басқаша айтар болсақ, тепе-тендік жағдайы ресурстарды толық қолданғанды көрсетпейді. Практикада мынандай жағдайлар кездеседі: егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдануды қамтамасыз еткенде, ЖҰӨ-м тепе-тендігін құруға талап еткен деңгейден жоғары болып келеді. Егер ол жоғары болса, онда ЖҰӨ тепе-теңдігіне жету үшін өндіріс көлемін қысқарту қажет, яғни өндіріс ресурстарын да толық қолданбау қажет, сөйтіп ол жұмыссыздыққа алып барады.

Егер өндіріс деңгейі ресурстарды толық қолдағанда ЖҰӨ тепе-тендігін құруға талап етілген дейгейден төмен болса, онда сұраным ұсынымнан тұрақты түрде артып отырады. Ұсыным ешқандай арта алмайды, себебі ресурстар толық қолданылып біткен. Ал сұранымның шексіз артық болуы инфляцияға ұрындырады.





Дата публикования: 2014-10-19; Прочитано: 1852 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...