Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жалпы рецептура» тақырыбы бойынша тестік тапсырмалар



1. Дәрілік түр дегеніміз:

а/ тұнба, қайнатпа, қоспа, ұнтақ, паста//

б/ ықпалды алу үшін қолданылатын біріктірілген препараттар//

в/ қолдануға қолайлы және қалаулы ықпалға қолжеткізуге қажетті дәрілік түр//

г/ әртүрлі агрегаттық жағдайдағы химиялық қосылыстар//

д/ мөлшерленген дәрілік түр//

2. Сыртқа қолдануға арналған ұнтақтар келесі мөлшерде жазылады:

а/ 5,0-100,0//

б/,05-0,1//

в/ 0,1-1,0//

г/ 1,0-5,0//

д/ 100,0-500,0//

3. Ресми дәрілердің жазылуы:

а/ саны 100мл аспайды//

б/ құнарлығы мен жалпы саны көрсетілмейді//

в/ құнарлығы мен ерітіндінің жалпы мөлшері көрсетіледі//

г/ мөлшері мен жалпы саны көрсетіледі//

д/ құнарлығын қатынастық түрде көрсетеді//

4. Новогаленді препараттарды жазған кезде көрсетеді:

а/ дәрінің түрі, атауы және саны көрсетіледі//

б/ дәрілік түрі, атауы, құнарлығы және саны көрсетіледі//

в/ атауы, құнарлығы және бейтарап заттардың саны көрсетіледі//

г/ атауы мен саны көрсетіледі//

д/ атауы, құнарлығы және балласты заттар саны көрсетіледі//

5. Мемлекеттік Фармакопея – бұл:

а/ препараттарды қолдану әдісі туралы дәрілерді зерттеу ғылым бөлімі//

б/ аталған елдің аймағында қолдануға рұқсат етілген препараттар тізімі//

в/ бір реттік, тәуліктік және улылық мөлшерді анықтайтын үлгіқалып пен нормалар//

г/ дәрілік препараттарды дайындау әдісін зерттейтін фармакология бөлімі//

д/ аталған елде рұқсат етілген препараттардың үлгіқалпы, нормасы мен сапасының жиынтығы//

6. Ұнтақтың мөлшерленген түріне жазылған дұрыс рецептті көрсетіңіз:

а/Rp.: Anaesthesini 0,3

D.t.d. N.10 in pulvis

S. 1 ұнтақтан күніне 3 реттен

#

б / Rp.: Anaesthesini 0,3

D.t.d. N.10

S. 1 ұнтақтан күніне 3 реттен

#

в/ Rp.: Anaesthesini 0,3 N. 10

D.S. 1 ұнтақтан күніне 3 реттен

#

г/ Rp.: Pulvis Anaesthesini 0,3

D.t.d. N.10

S. 1 ұнтақтан күніне 3 реттен

#

д/ Rp.: Pulvis Anaesthesini 0,3

D. S. 1 ұнтақтан күніне 3 реттен

#

7. Наркотикалық және соларға теңестірілген дәрілерге рецептті жазудың ерекшеліктері:

а/ кәдімгі бланктарға жазылады, дәрігердің қолымен және мекеменің мөрімен расталады//

б/ арнайы бланктарға жазылады, дәрігердің қолымен және мөрімен, сол сияқты емдеу мекемесінің меңгерушісінің қолымен және дөңгелек мөрмен расталады//

в/ екі данада жазылады, дәрігердің қолымен және мөрімен, сол сияқты емдеу мекемесінің мөрімен “Рецепттер үшін” расталады//

г/ арнайы бланктарға жазылады, дәрігердің қолымен және мөрімен, сол сияқты емдеу мекемесінің мөрімен “Рецепттер үшін” расталады//

д/ арнайы бланктарға жазылады, онда «Наркотикалық дәрілер үшін» көрсетілген, дәрігердің қолымен және мөрімен расталады//

8. Флакон түріндегі шығатын мөлшерленген дәріге жазылған дұрыс рецептті көрсетіңіз:

а/ Rp.: Sol. Trimecaini 0,25% - 400 ml

D.t.d. N.10 in flaconis

S. инфильтарциялық жансыздандыру үшін қабаттап енгізу

#

б/ Rp.: Sol. Trimecaini 0,25% - 4 ml

D.t.d. N.10 in flaconis

S. инфильтарциялық жансыздандыру үшін қабаттап енгізу

#

в/ Rp.: Sol. Trimecaini 0,25% - 400 ml

D.S. инфильтарциялық жансыздандыру үшін қабаттап енгізу

#

г/ Rp.: Sol. Trimecaini 0,25% - 400 ml

D.t.d. N.1 in flaconis

D.S. инфильтарциялық жансыздандыру үшін қабаттап енгізу

#

д/ Rp.: Sol. Trimecaini 0,25% - 400 ml in flaconis

D.S. инфильтарциялық жансыздандыру үшін қабаттап енгізу

#

9. Суспензия – бұл:

а/ ерімеген заттар жүзгін күйінде болатын ерітінді//

б/ қатты заттарды майда араластыру жолымен алатын ерітінді//

в/ қатты ерімейтін дәрілік заттар сулы ортада жүзгін күйінде болатын сұйық дәрілік түр//

г/ екі немесе бірнеше сұйықтықтарды араластыру жолымен алатын жүзгін күйінде болатын жұмсақ дәрілік түр//

д/ қатты дәрілік заттарды NaCl араластыру кезінде жүзгін күйінде болатын сұйық дәрілік түр//

10. Драже – бұл:

а/ дәрілік және көмекші заттарды грануламен қабаттау арқылы алынған қатты, мөлшерленген, арнайы түр//

б/ дәрілік және түр беруші заттарды тығыздау арқылы алынған қатты, мөлшерленген түр//

в/ішке қолданған кезде айқын терапиялық ықпалды алу үшін қажетті дәрілік түр//

г/ біріктірілген дәрілік препарат, қаптағышпен қапталған//

д/ дәріханада дайындалынатын дәрілік түр//

11. Драженің мөлшерленген түріне жазылған дұрыс рецептті көрсетіңіз:

а/ Rp.: Dragee Aminazini 0,025

D.t.d. N.30 in dragee

S. 1 дражеден күніне 1-2 реттен.

#

б/ Rp.: Aminazini 0,025 N. 30 in dragee

D.S. 1 дражеден күніне 1-2 реттен.

#

в/ Rp.: Dragee Aminazini 0,025

D.t.d. N.

S. 1 дражеден күніне 1-2 реттен.

#

г/ Rp.: Dragee Aminazini 0,025 N. 30

D.S. 1 дражеден күніне 1-2 реттен.

#

д/ Rp.: Aminazini 0,025

D.t.d. N. 30 in dragee

S. 1 дражеден күніне 1-2 реттен.

#

12. Рецепт – бұл дәрігердің жазбаша жүгінуі:

а/ дәріханаға науқасқа дәріні босатуы туралы берілген жазба//

б/ фармацевтке дәрілік препаратты дайындау тәсілі туралы жазба//

в/ науқасқа дәрілік препаратты көрсету және қолдану ерекшеліктері туралы жазба//

г/ провизорға белгілі науқасқа қажетті дәріні көрсету үшін берілген жазба//

д/ дәріханаға науқасқа дәрілік препаратты белгілі дәрілік түрде және мөлшері мен

оны қолдану әдісі көрсетіген түрде босатуы туралы жазба//

13. Галенді дәрілік түрге жататын препараттарды көрсетіңіз:

а/ тұнба, қоспа, линимент//

б/ кілегей, қайнатпа, таблетка//

в/ эмульсия, суспензия, тұнба//

г/ тұнба, сығынды, суспензия

д/ тұнба, қайнатпа, тұндырма//

14. Мөлшерленген дәрілік түрді көрсетіңіз:

а/ ұнтақ, таблеткалар, көз тамшылары//

б/ таблетка, драже, балауыз//

в/ балауыз, суспензия, паста//

г/ таблетка, драже, пластыр//

д/ паста, май, линименттер//

15. Ерітінді деп келесі жолмен алынған сұйық дәрілік түрді айтады:

а/ бір немесе бірнеше сұйықтықты тазартылған суда араластыру жолымен алған//

б/ дәрілік заттарды спирте, майда ерітіп, шайқау арқылы алынған//

в/ бензилпенициллин натрий тұзын 0,5% новокаин ерітіндісінде еріту арқылы алған//

г/ қатты немесе сұйық дәрілік заттарды сұйықтықтарда еріту жолымен алған дәрілік

түр//

д/ оларды глицеринмен аралстыру жолымен алу//

16. Дәрілік зат – бұл:

а/ жеке химиялық қосылыс, препарат ретінде қолданылатын//

б/ химиялық синтез өнімі, әртүрлі ауруларды емдеу үшін қолданылатын//

в/ ерітінді, ұнтақ және т.б. түрінде қолданылатын зат//

г/ тәжірибелік қолдану үшін қолайлы дәрілік препарат//

д/ ауруларды емдеу үшін қолданылатын біріктірілген дәрілік препарат//

17. Дәрілік препарат – бұл:

а/ өсімдік бөлігі, жануарлар мүшесі және химиялық синтез өнімі//

б/ дәрілік зат белгілі дәрілік түрде дайындалған//

в/ фармакологиялық қасиетке ие химиялық қосылыстар жиынтығы//

г/ адамның ауруын емдеу үшін қолданылатын химиялық қосылыс//

д/ жануарларға зерттелетін химиялық зат//

18. Дәрілік препараттардың халықаралық патенттелмеген атауы - бұл:

а/ химиялық құрылысы негізіндегі атауы//

б/ дәрілік заттың патенттелген атауы//

в/ Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының қабылдаған әсер етуші заттың химиялық

құрылысының атауы//

г/ химиялық құрылысы негізіндегі әсер етуші зат атауы//

д/ Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының қабылдаған дәрілік атауы//

19. Дәрінің Патенттелген коммерциялық атауы – бұл:

а/ фармацевтикалық фирма қабылдаған әсер етуші заттың атауы//

б/ химиялық құрылысы негізіндегі патенттелген атауы//

в/ Әлемдік Денсаулық сақтау ұйымының қабылдаған әсер етуші дәрілік атауы//

г/ фармацевтикалық фирма қабылдаған дәрінің саудалық атауы//

д/ химиялық құрылыстың әсер етуші заттының патенттелген атауы//

20. «Дженерик» немесе дженерикалық препараттар – бұл:

а/ химиялық құрылысы негізіндегі әсер етуші зат атауы//

б/ фармакологиялық қасиетке ие дәрілік заттың атауы//

в/ өндіріп шығарушы фирманың патенттелген атауы//

г/ өндіріп шығарушы фирманың халықаралық патенттелмеген атауы//

д/ химиялық құрылысы негізіндегі халықаралық патенттелмеген атауы//





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 945 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...