Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сімдегі және бордақылаудағы малдарды бағалау ерекшеліктері



Қаржылық есептіліктің 1-ші Ұлттық стандарты және Қаржылық есептіліктің 41-ші «Ауыл шаруашылығы» халықаралық стандартына сәйкес билогиялық активтер дегеніміз ұйымның меншігіндегі малдар мен өсімдіктер.

Сондықтан, өсімдегі және бордақылаудағы малдардың есеп объектісі болып: төл, тірі салмақ және тірі салмақ өсімі, ересек мал топтарына және негізгі табынға ауыстырылған төлдер; негізгі табыннан шығарылып бордақылауға қойылған негізгі табын.

Өсімдегі және бордақылаудағы малдардың қозғалысы, олардың сақталуын қамтамасыз етуге байланысты барлық операцияларды дер кезінде бухгалтерлік есебін жүргізіп отыру қажет.

Негізгі табыннан шығарылып бодақылауға, бодақылауға қойылған малдар бухгалтерлік есепте баланстық құндарымен немесе сатудың таза құны бойынша бағаланады.

Басқа жақтан сатып алынған жас төлдер сатып алуға байланысты шығындарды ескере отырып, әділ құны бойынша бағаланады.

Бордақылаудағы жас төлдердің және ірі малдардың тірі салмағы өсіру және бордақылауға байланысты өзгеріп отырады, сондықтан кәсіпорын бордақылаудағы малдардың тірі салмақ өсімін жүйелі түрде өлшеп отыруға тиісті.

Тірі салмақ өсімі ет алу үшін бағылатын малдың түрлері бойынша өлшеу жолымен (ірі қараны, шошқаны) және есептеу жолымен (қой, лақ, құс, үй қояны) анықталады.

Өлшеу жолымен – тірі салмақ өсімінің ай басындағы және ай соңындағы салмағын өлеу арқылы, салыстыра отырып анықтайды және оның нәтижесінде әрбір мал түріне қарай алынған 1 центнер салмақ өсімі нақты өзіндік құны бойынша бағаланады. Есептеу жолымен – алынатын тірі салмақ өсімі қозылардың, лақтардың, құстар мен үй қояндарының шаруашылықта болу күндерін (азық-күндері) мен 1 (бір) азық құнының өзіндік құнының негізінде анықталады. Осы топтағы малдардың тірі салмақ өсімі тоқсанға бір рет малдардың ішінен таңдау арқылы өлшену жолымен шығарылады.

Өсімдегі және бодақылаудағы малдардың тірі салмақ өсімі былайша анықталады: әрбір топтағы мал мен құстың ай соңындағы салмағына ай ішінде осы топтан шыққан мал мен құстың салмағын қосып, ай ішінде түскен мал мен құстың салмағы мен ай басындағы мал мен құстың тірі салмағын шегеріп тастайды. Алынған нәтиже есепті мерзім ішіндегі бордақылауда тұрған мал топтары бойынша тірі салмақ өсімін көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында малдарды өлшеу төл алынған кезде, малдарды сатып алу, бір топтан екінші жас тобына ауыстырған кезде, негізгі табыннан бордақылауға қойған кезде, сою, сату кезінде жүргізіледі.

Тірі салмағы есепке алынбайтын малдар бойынша (құлын, бота, күре, жас аң) өсім құны нақты азықтандырылатын күн санымен және 1 күн ішінде өсірудің нақты өзіндік құны бойынша анықталады.

Мал шаруашылығына алынған жас төлдер, яғни бұзау, қозы, құлын, бота және т.б. бухгалтерлік есепте өзіндік құны бойынша есепке алынады және оны төмендегідей тәртіппен көрсетуге болады:

- сауын малындағы бұзаулар – 1 төлдің өзіндік құны бойынша;

- сойыс малындағы бұзаулар – бұзаудың туған кезіндегі тірі салмағы және енесінен айырған төлдің 1 кг тірі салмағының өзіндік құны бойынша;

- торайлар – туған кезіндегі тірі салмағы және енесінен айырған төлдің 1 кг тірі салмағының өзіндік құны бойынша;

- қозылар – енесінен айырғанға дейін 1 қозының өзіндік құны бойынша;

- боталар мен құлындар – ірі жылқыны баққанда азықтандыруға жұмсалатын 60 азық күніне теңестірілген 1 құлынның өзіндік құны бойынша бағаланады.

Бір жас тобынан екіншісіне ауыстырылған мал баланстық құны бойынша есепке алынады.

Арам өлген немесе амалсыздан сойылған малдар баланстық құны немесе сатудың таза құны бойынша бағалануға жатқызылады.





Дата публикования: 2014-10-30; Прочитано: 1212 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...