Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азіргі ғаламдық мәселелер, оларды шешудің жолдары мен әдіс-амалдары қандай?



БҰҰ құрылымдарының белсенді және мақсатты қызметінің нәтижесінде халықаралық шиеленістердің түйінін шешу,келісімдік процестерді жолға қою,мемлекеттердің мүдделерін түйістіру,халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агессияны айыптау, халықарлық проблемаларды шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашылады.Бұл жағдайда БҰҰ қызметі халықаралық –құқықтық шеңберде болады.БҰҰ және оның органдарының міндеттері мыналар.Халықаралық проблемаларды шешудің тәсіі ретінде соғысты болдырмау; елдер мен халықтардың алдында пайда болатын проблемаларды шешу үшін халықаралық жағдайлар жасау.Қазіргі жағдайда жер планетасындағы адамзат өмірінің ғаламдану тенденциясын мүдделері ұлттық-мемлекеттік құрылым шеңберіне сыймайтын ұлттық емес экономикалық құрылымдар жүзеге асырады. Бұлар постиндустриалдық өркениеттің алыптары транс ұлттық компаниялар(ТНТ), трансұлттық банктер(ТНБ) және басқада мемлекеттік емес және ұлттық емес құрылымдар.Халықаралық қатынастарда олардың ықпалы барған сайын өсе түсуде,бірақ тұтастай алғанда қазіргі адамзат бізді осы әлемге алып баратын жолдың алғашқы баспалдағында тұр деп айтуғак болады.Екі әлеуметтік жүйенің теке – тіресі екі әскери блоктың құрылуына әкеліп соқты: НАТО және Варшава шарты ұйымы.Бұлар жауласушы екі жүйенің қаруы болған әскери –саяси одақтар еді.Әлемдік социалистік жүйенің күйреуі Варшава шарты елдерінің әскери блогының тарауына алып келді.Нато өзінің қарулы күші бар, БҰҰ мен қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен нақты әскери функцияларды орындайтын әскери-саяси одақ болып сақталып қалды. Әрине НАТО-ң өмір сүруі – бұл биполярлық дүниенің алдыңғы және ол қазіргі халықаралық өмірде айтарлықтай күрделі жағдайлар туғызады, өйткені НАТО жеке еріктің қаруы. НАТО-ң өмір сүруі және ол іске асырып жүрген белсенді әскери әрекеттер басқа елдерді осыған ұқсас әскери-саяси блоктарды құруына итермелеуі мүмкін.

Еуропа бірлестігі, Еуразиялық қауымдастық, Азия-Тынық мұхит аймағы, Африка елдері мүдделерінің бірлігі тәрізді аймақтық ұйымдар әлемнің көпполюсті моделінің қалыптасуында ерекше мәнге ие болуы мүмкін.

Қазіргі таңда саясаттың, ғылымның, субъективтік факторлардың рөлі орасан зор. Жеке бір мемлекет не саяси, әскери, экономикалық топтарға емес, бүкіл адамзаттың мұратына қызмет етерлік ғылым мен техникалық даму бағдарламаларын жасап, іске асырған абзал. Оның жолы өте көп. Дамыған елдер күш- жігерін қосып, қаражаттарын бөліп СПИД, рак немесе жүздеген басқа ауруларды емдеп, тіпті дүниежүзілік дәрігерлік жүйе жасаса, қандай ғажап. Космосты бейбіт мақсатта игеретін дүниежүзілік ұйым құрса, жаопы жаңа экономикалық тәртіп орнатса. Мұндай мысалдарды ондап келтіруге болады. Ғаламдық мәселелерді шешуде халықаралық ұйымдардың рөлі ерекше деуге болады. Мәселен, қазір дағдарыс жағдайын қарастырсақ. Дағдарыс жағдайында халықаралық ұйымдар бұдан шығудың жолдарын қарастыруда.




Дата публикования: 2015-02-18; Прочитано: 1253 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...