Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бұл симптомдарға қарап қандай ауру туралы ойлауға болады?



А) Көмейдің жедел стенозы

В)Пневмония

С) Трахеит

D)Бронхоаденит

Е) Көкжөтел

Аймақтық дәрігерге 2 жастағы ұл баланы анасы алып келді. 2 аптадан бері ауырады, мазасыз, дене температурасы 37,20С. Терең ылғалды жөтел жиі байқалады, өкпесін тыңдағанда құрғақ және жайылмалы ылғалды әр түрлі калибрлі сырылдар естіледі. Аускультациялық зерттеуге қарап қандай ауру туралы ойлайсыз?

А) Көмейдің жедел стенозы

В) Бронхит

С) Пневмония

D) Плеврит

Е) Бронхоаденит

Дәрігердің қабылдауына 10 айлық ұл бала анасымен келді. Дәрігер тексеру барысында жедел пневмония ауруына күдіктенді. Бұл диагнозды қоюға не себеп болды?

А) Терең ұстама тәрізді жөтел

В) Ауыз төңірегіндегі цианоз

С) Өкпеде ұса көпіршікті ылғалды сырылдар

D) Дене температурасы 37,8 С

Е) Минутына 30 рет тыныс алу

Аймақтық дәрігерге 8 айлық баланы анасы алып келді. Терісінде және шырышты қабатта экссудативті-катаральді диатездің белгілері бар, жедел респираторлы инфекциямен ауырған. Аурудың 4 күнінен бастап балада «үрген» тәрізді өрескел жөтел, жалпы мазасыздық, ентігу, дем алу кезінде шулы тыныс, қырылды дауыс пайда болған.

Бұл симптомдар нені көрсетеді?

А) Круп синдромы

В)Туа бітті стридор

С) Көкжөтел ұстамасы

D) Бөгде зат түсу

Е) Жедел пневмония

Аймақтық дәрігерге 6 айлық ұл баланы анасы алып келді. 3 күн бойы жедел респираторлы вирусты инфекциямен ауырады. Қаралған күні баланың жағдайы нашарлаған: мазасыз, дене температурасы 37,50С, «үрген» сияқты өрескел жөтел, бұғана үсті мен қабырға аралығының ішке кіруімен шулы тыныс алу, инспираторлық ентігу, тыныс алуы минутына 50 рет, мұрын-ауыз төңірегінде цианоз. Перкуссия кезінде өкпеде қорап тәрізді дыбыс. Аускультацияда өрескел тыныс шуы, қатаң сырылдар, біршама орнықпаған әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 474 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...