Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Практикалық жұмысының тақырыбы: У. Мористің жасанды ортаны ұйымдастыру тұжырымдамасы



Сабақ мақсаты:

1. Студенттің жалпы ой-өрісін кеңейту, мамандық бойынша дайындаудың теоретикалық базасын толықтыру, дизайн тарихы мен теориясы пәнінің көлемді материалынан жүйелі білім алу.

2. Өнеркәсіптік дизайн саласындағы жетістіктер негізін, түпкі ой мен концепцияның озара байлапысып, өнеркәсіптік дизайнның даму заңдылықтарын, сондай-ақ практикалық қызметпен тікелей байланысты мәселелерді шешу.

3. Дизайнерлік жұмыстардың аймақтары туралы, өткен дәуір стильдерінің алмасуы және дамуы туралы, стильдердің пайда болу уақыты мен ерекшеліктері, дизайн және сәулет өңірінен нақты мысалдар келтіре білу.

4. Берілген тапсырмамен сәйкес жұмыс жоспарын кұру, ұсынылған әдебиеттерді оқи отырып, мәнжазбаны сауатты толтырып жазу, ғылыми жұмысты талдау және зерттеу, негізгіні қосымшадан бөле отырып, мәтінмен жұмыс жасай білу.

Сабақ жоспары:

1. У. Морристің ертедегі шығармашылығы.

2. У. Морристің идеяларының Европа өнері мен архитектурасына әсері.

3. У. Моррис - Модерн стилінің алғашқы туындаушысы.

Жұмысқа қажетті құрал-саймандар:

Конспектілер, слайдтар.

Жұмысты орындау әдістемесі:

1.Силлабус тапсырмалары бойынша теориялық материалдарды дайындап келу.

2.Материалдарды оқу:

У. Моррис Мальборск және Экзетерск колледждерінде оқып (последний в составе Оксфордского университета). Сол жерде Бёрн-Джонспен танысып араласып кетті. Олардың арасындағы байланыс ортағасырға деген сүйіспеншілігімен трактарианецтердің қозғалысына қызығушылығымен анықталады. 1855 жылы Моррис Бёрн-Джонс пен Францияда саяхаттанып, 1856 жылы неоготикалық сәулетші Дж. Э. Стриттің бюросында жұмысын бастады. 1856 жылының жазында ол прерафаэлиттік қозғалысының басты фигурасы деп есептелетін Россеттимен танысты. Россетти Морристің ұйымдастырған Oxford and Cambridge Magazine атты журналында жұмыс жасауға келісім берді.

1861 жылы Моррис «Моррис, Маршалл, Фолкнер и Ко» атты декоративты-қолданбалы өнер туындылырын шығаратын фирманы ұйымдастырады Онда қызмет еткендер: Бёрн-Джонс, Ф. М. Браун, Филипп Вебб, Россетти.Және А. Хьюз и С. Соломон дегендер де атсалысқан.Әр-түрлі жағдайларға қарамастан бұл фирма Европаның мануфактурадан жетекші орын алып отырды. Рёскин сияқты Моррис те машиналық өндіріске қарсы болған.





Дата публикования: 2015-03-26; Прочитано: 1378 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...