Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сұйық және қатты белсенді қалдықтардың жіктелуі



Қалдықтардың санаттары Меншікті белсенділік, кБк/кг
Бета-бөлшектерін сәулелендіретін радионуклидтер Альфа-бөлшектерін сәулелендіретін радионуклидтер (транс-урандыларды қоспағанда) Трансуранды радионуклидтер
Төмен белсенділікті 103 кем 102 кем 101 кем
Орташа белсенділікті 103-нен 107-ге дейін 102-нен 106-ге дейін 101-нен 105-ге дейін
Жоғары белсенділікті 107 артық 106 артық 105 артық

Сондықтан, негізгі қойылатын талап - қалдықтарды қауіпті болатын уақыт бойына қоршаған ортадан (жер асты сулары, атмосфера) оқшаулау болып табылады.

Қойманың жобасын жасау және жүзеге асыру кезінде ХРҚК ұсынған принципті жетекшілікке алады. Бұл принцип бойынша, қойманы жапқан кезде, оның халық үшін қауіп-қатері (қойма эволюциясының ең ықтимал жолдарын ескергенде) жылына 0,3 мЗв дозадан аспау керек.

Көму пунктінің ұзақ мерзімдік қауіпсіздігі, көмуге таңдап алынған жерлердің қолайлы сипаттамаларының, жобаның инженерлік-техникалық сипаттамаларының, қалдықтардың тиісті түрі мен құрамының (ұзақ өмір сүретін радионуклидтер мөлшерінің лимитін белгілеумен), пайдалану процедуралары мен ведомстволық бақылау шараларының үйлесімділігімен қамтамасыз етіледі.

Қалдықтарды көму жүйесі келесі шараларды қамтамасыз етуі қажет:

· қалдықтарды, олар түсетін қоршаған ортаның нысандарынан оқшаулау;

· радионуклидтермен ластануы үшін, ашық қоршаған ортаның нысандарына түсетін мүмкіншілігі бар радионуклидтердің шығарындыларын бақылау;

· көму пункті жабылғаннан кейін, бекітілген мерзім бойына көму алаңына үнемі бақылау жүргізу; бұл жағдайда, АТЭХАГ стандарттарында бірнеше ондаған метр тереңдікте орналасқан қоймалардың қауіпсіздігін, ведомстволық бақылаудың белсенді іс-шараларын қолданбай, қамтамасыз ету мүмкіншілігі қарастырылған.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 668 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...