Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Топырақтағы бақылауға жататын ингредиенттер



(Ц.И. Бобовникова, С.Г. Малахов, Э.П. Махонько бойынша)

Бақылау кезегі Өнеркәсіп кәсіпорындары Ауыл шаруашылығы Көлік
1-кезең Бенз(а)пирен, сынап, қорғасын, кадмий, никель, кобальт, молибден, ванадий, мыс, мышьяк, мырыш, хром, сурьма, селен, фтор (жалпы саны) Хлорорганикалық пестицид-тер: ДДТ және оның метабо-литтері, ГХЦГ, гексахлорбен-зол, полихлорпирен, поли-хлоркамфен, полихлорби-фенилдер  
2-кезең Күкірттің қосылыстары, өңделмеген топырақтың қышқылдығы, топырақтағы металдардың түрлері, мұнай өнімдері, топырақ микрофло-расының жағдайы Фосфорорганикалық пести-цидтер: фозалон, метафос, карбофос, хлорофос, фосфа-мид.Гербицидтер:2,4Д,атразин симазин, пропазин. Топырақ микрофлорасының жағдайы Автомагист-ральдар маңындағы қорғасын, бенз(а)пирен
3-кезең Қатты қалдықтармен ластанған топырақтың элементтік құрамы, металдардың органикалық уыт-ты қосылыстары. Топырақтың физикалық-химиялық құрамы-ның өзгерістерін бақылау Тыңайтқыштарды қолдану нәтижесінде топыраққа түсетін уытты заттар  

Топырақтың белсенді ластану деңгейін табиғи радициялық фонның көрсеткіштерінен асу дәрежесі бойынша бағалайды. Радиациялық фоны табиғи көрсеткішінен аспайтын топырақ таза, қауіпсіз болып есептеледі. Салыстырмалы қауіпсіз топырақтың ластану деңгейі табиғи фоннан 1,5 еседен аспайды, ал аса қауіптісі – 3 есе және одан жоғары болады.

Топырақтың санитарлық жағдайының көрсеткіштерінің бірі термофилдердің титрі – органикалық ластаушылардың ыдырау және өзгеру үрдістеріне белсенді қатысатын микроорганизмдер болып табылады.

Термофилдердің ең жоғары белсенділігі, олардың тіршілік үрдістері кезінде қалыптасатын, жоғары - 50-60ºС температура кезінде байқалады. Бұл жағдайларда органикалық заттардың ыдырауы мен патогенді микрофлораның жойылуы жылдамдайды. Термофилдерді өсіруге топырақтың ең аз мөлшері – титр неғұрлым төмен болса, топырақ соғұрлым қауіпті болып саналады.

Термофилдер-титрі – термофильдерді өсіріп шығаруға болатын, топырақтың ең аз мөлшері - неғұрлым төмен болса, топырақ соғұрлым қауіпті болып саналады.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1446 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...