Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

АЛҒЫСӨЗ



Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы, экономикалық және әлеуметтік дамуында үлкен жетістіктерге жетіп, шетел мемлекеттерімен байланыстары нығайып, басқа елдермен тауар айналымы жылдан жылға ұлғаюда.

Елдің негізгі байлығы халық болып табылады, яғни қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін жүйеде - өндірістік үрдістерде, негізгі рөл атқаратын, өңдіруші кұштердің бөлігі.

Мемлекеттің негізгі міндеті, сөзсіз, республика азаматтарының денсаулығын сақтау және жақсарту болып табылады. Ауруды емдегеннен, оның алдын алу оңай екені белгілі, осыған сәйкес, аурулардың дамуынының алдын алуда профилактикалық медицина үлкен рөл атқарады, оның барлық негізгі жетістіктері қоршаған орта факторларының адам денсаулығына әсері туралы ғылымда – гигиенада жинақталған.

Қазақстанда дәрігерлер дайындау саласында білім беруді мемлекеттік тілде жүргізу кең қолданылуда. Бірақ, гигиена бойынша тек қана классикалық мәліметтер ғана келтіріліп қоймай, сонымен бірге республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайларының көптеген ерекшеліктері ескеріліп жазылған, медициналық жоғарғы оқу орындарына арналған «Жалпы гигиена» пәнінен қазақ тілінде дайындалған оқулық әлі жоқ.

Барлық салалардағы дәрігерлердің гигиенаның негіздерін білуі аурулардың көптеген түрлерінің алдын алудың кепілі болып табылады, жастарды салауатты өмір салтына сәйкес өмір сүруге тәрбиелеуге және тұрғындардың орташа өмір сүру уақытын ұзартуға мүмкіндік береді.

Гигиена - медицина ғылымының аса маңызды саласы, медициналық жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті – болашақ дәрігерлерде гигиеналық көзқарас қалыптастыру болып табылады.

Медицина жұртшылығының назарына ұсынылып отырған қазақ және орыс тілдеріндегі жалпы гигиена оқулығы, гигиеналық білімдерін өз жұмысында жақсы пайдалануға қабілетті медициналық кадрлар дайындауды қамтамасыз етуге арналған.

Авторлар ұжымы, осы оқулықтың мазмұны мен дайындалуына байланысты пікірлерін ұсынушыларға өз алғыстарын алды ала білдіреді. Оқулықтың бұл нұсқасы соңғы емес, келесі басылымдарда пікір білдірушілердің ұсыныстары мен ескертулері ескеріледі.





Дата публикования: 2015-02-28; Прочитано: 1356 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...