Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Билет 119



Бруцеллез. ҚР эпидемиологиялық жағдай. Жедел, жеделдеу, созылмалы бруцеллез жағдайының стандартты анықталуы.

Бруцеллез – Brucella бактериясымен қоздырылатын,зооноздар тобына жататын,жедел және созылмалы түрлерінде өтетін инфекциялық -аллергиялық ауру. Аурудың жедел түрі токсико- бактериемиялық инфекция ретінде,созылмалы түрі -полиморфты клиникалық көріністермен,көбіне сүйек -буын, орталық және перифериялық жүйке жүйелерін,жыныс мүшелерін және басқа ішкі ағзаларды зақымаумен,хрониосепсис тәрізді ұзаққа созылуымен және рецидивті ағыммен сипатталады.

Стандартты анықтау: Жедел бруцеллез ремиттирлеуші,толқын тәрізді,гектикалық қызба;улану симптомдары; айқын қалтырау тершеңдікке ауысады,лимфаденопатия(барлық лимфа түйіндердің ұлғаюы:майда ауырсыну сезімсіз,қозғалғыш қасиеті бар),гепатомегалия және спленомегалия, дене салмағын жоғалту, ұйқының бұзылуы; мал шаруашылық жұмыстармен айналысу,мал сою, ет болшектеу,шикі және әбден өңделмеген ет сүт тағамдарын пайдалану; ИФА оң нәтижесі(G классына жататын антиденелерді анықтау);полимеразды тізбелі реакцияның оң нәтижесі;Райт реакциясының оң нәтижесі; тікелей гемаггютинация реакциясының оң нәтижесі;бруцелла антигенін байланыстырушы лимфоциттерді анықтау әдісінің оң нәтижесі,цистеин сынамасында IgG антиденелерін анықтау.Созылмалы бруцеллез6айдан артық созылатын әзсіз белсенділікпен сипатталады және полиартронейромиалгиялар,оссеалгиялар,парасимпатикалық вегетативті өзгерістер(терінің құрғауы,тері трофикасының,терморегуляцияның бұзылысы,аяқ қол ұштарының дірілі,метеосезімталдық,алақандардың табандардың гипергидрозы,лимфаденопатия,гепато және спленомегалия, бастың айналуы, құлақта шуыл,ұйқының бұзылысы,дене температурасы қалыпты н/е субжебрилді, лейкопения, салыстырмалы лимфоцитоз,ЭТЖ жоғарлауы,анемия;Кумбс сынамасының оң нәтижесі,; ИФА оң нәтижесі(G классына жататын антиденелерді анықтау);полимеразды тізбелі реакцияның оң нәтижесі;Райт реакциясының оң нәтижесі; тікелей гемаггютинация реакциясының оң нәтижесі;бруцелла антигенін байланыстырушы лимфоциттерді анықтау әдісінің оң нәтижесі,цистеин сынамасында IgG антиденелерін анықтау.





Дата публикования: 2015-01-24; Прочитано: 429 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...