Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ж. «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» мен 1824ж. «Орынбор Қырғыздары туралы Жарғы» және оның мәні



«Сібір қырғыздары туралы Жарғы» — қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат болып табылады. Александр I-ның 1822 ж.22 шілдедегі Жарлығымен күшіне енген. Ол Орта жүзді жаңа әкімшілік бөлуге әкеліп соқтырды:

әкімшілік ауыл 50-70 түтін

ұлыс 10-12 ауылдан

округ 15-20 болыстықтан тұрды.

Ауылдық старшиналар 3 жылдық мерзімге сайланды, әрі ол округтік бұйрықпен бекітілді. Болыстарды басқаруға сұлтандардың құқығы өзге де сұлтандарды сайлай алатын қауымның келісімімен тікелей төменгі желі бойынша және туысқандарына жүрді. Осындай жағдайда оны облыстық басқарма бекітті. Болыстарды басқармайтын сұлтандар өзінің дәрежесін сақтап қалды, басқаруға араласпады, хандардың үкіметін жоюмен бірге патшалықтың қазақ ақсүйектерінің құқығы мен артықшылықтарын шектеуге ұмтылысы байқалды. Барлық сот істері қылмыстық, арыз және шағым бойынша басқару болып бөлінді. Біріншісіне отанын сату, кісі өлтіру, тонау, барымта, үкіметке ашықтан ашық бағынбау жатты. Осы істердің барлығы империяның заңдарымен округтік бұйрықтарда қарастырылды. Құқық бұзушылықтың қалған түрлері арыз болып табылды да оны ауылдар мен болыстарда жергілікті ғұрып бойынша билер қарастырды. Жарғыда мыналар болды: халықты нанмен қамтамасыз етуді, өнер-кәсіптің, сауда-саттық дамуы жөніндегі шараларды, кедендік және баж алымын сақтау жөніндегі шараларды белгілейтін мақалалар қамтылды. Құжатта патшалықтың отарлау саясатына бағытталған істерінің бірі — халықты орыстандыру көрсетілген. Бұл саясатта халықты шоқындыру, поптарға Құдай сөзін оқыту үшін шіркеулер ашуға кеңес беріледі, оқу, жазу, арифметика қамтылған. Сұлтандар мен старшиналардың балалары қазына есебінен ашылған әскери бөлімдеріне оқуға түсулеріне рұқсат етілді, бітірген соң олардың қалаулары бойынша қызметке тағайындалды. Әрбір отбасы өз баласын империяның ішкі жағындағы оқу орнына түсіруге құқық алды. Жарғыны қабылдау кезеңінде құлдар бұрынғы күйінше қалып қойды, жаңадан құлдар сатып алуға катаң тыйым салынды. 1822 ж. Жарғы Қазақстанды отарлау саясатына қатысты күш ала бастады. Дегенмен хан үкіметін жою, сұлтандардың құқықтарын шектеу, құлдықтан бас тарту, алға қозғалудың еркіндігі, білім берудің дамуы Қазақстанның тарихи дамуына жағдай жасады.

Орынбор қырғыздары туралы жарғы

– Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.

37. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1836–1838 жж.)

Қазақ халқының азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтерілістің маңызы зор.

Ішкі Ордада көтерілістің алғашқы толқыны 1827–1829 жылдары болып өтті. Қазақ ауылдары Оралдың арғы жағына қайта орала бастады. Өткір жер дауы, салықтық езгі, әлеуметтік қысым, отаршылдық қанау 1836 жылы көтеріліске әкелді. Көтерілісті белгілі батыр Исатай Тайманұлы мен ақын Махамбет Өтемісұлы басқарды.

1836 жылдың ақпанында Ішкі Орда қазақтарының Жәңгір ханға қарсы ашық күресі басталды. Оған сылтау болған Исатайдың хан ордасына шақырылуы еді. Ол барудан бас тартты және өзінің ауылдарын қыстаудан көшіріп алып, көтерілісшілердің үлкен лагерін жинады.

Хан мен оның айналасындағылар жала жабуға көшті. Барымта кезінде біреулер бақташы шалды өлтірген болатын. Қарауылқожа жүргізген тергеу ісі Исатайдың және оның жақтастарының өлімге қатыстылығын дәлелдеуге тырысады. 1836–1837 жылдары Жәңгірге қарсы арыз-шағымдар жазуды Исатай халық алдында хан мен оның айналасындағылардың саясатын әшкерелеу үшін пайдаланды. Исатай халық көп жиналған кезде Ордаға арыз тапсырады, бұл арызды хан 12 күннің ішінде қарастыруға уәде береді, бірақ ештеңе де өзгермейді. Хан уәдесінен таяды. 1837 жылдың басында көтерілісшілердің қимылы өрши түсті. Көтерілісшілер Жәңгір ханнан өзінің айналасындағылардың Балқы би мен Қарауылқожаны шеттетуді, билікті ру старшындарының қолына беруді, сондай-ақ көтерілісшілерге қарсы басталған барлық істерді тоқтатуды немесе оларды билер сотының құзырына беруді талап етті. Жәңгір хан қатты састы. И. Тайманұлы әкімшілікті ханмен арадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешуге болатындығына көздерін жеткізуге тырысты. Бұл кезде Орынбор әкімшілігі мен хан асығыс түрде казак әскерін, хан жасақтарын жасақтай бастады. 15 қарашада таң алдында Тастөбе елді мекенінде көтерілісшілер мен жазалаушылардың арасында кескілескен соғыс болды. Шайқаста көтерілісшілер жеңіліп, орасан көп малдары қырылды, ондаған адам қаза тапты. Бірақ аздаған қосынмен Жайықтың сол жағасына өтіп Исатай мен Махамбет құтылып кетеді.

Енді көтеріліс Жайықтың сол жағасында жалғасады. 1838 жылғы 12 шілдеде Кіші жүз жеріндегі Қиыл өзенінің бойында көтерілісшілердің жазалаушылармен кезекті шайқасы өтіп, осы ұрыста Исатай мерт болады.

Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің негізгі қозғаушы күші көшпелі рулар болды. Қозғалыстың стихиялығы, нақты бағдарламасының болмауы, ұйымшылдықтың жетіспеуі жеңіліске әкелді.

Махамбет Өтемісұлы халық көтерілісінде маңызды рөл атқарды. Ол жалынды жырлары арқылы халықты патша үкіметі мен отаршылық билікті жақтаған хандарға қарсы күреске шақырды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 3206 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...