Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рефлекс.Рефлекторлық доға,оның бөлімдері



Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі- рефлекс.Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған францу философы Рене Декарт 1664 ж. Оған ғылыми сипаттама берген шех ғалымы Прохаска 1817ж. Рефлек туралы ілімді одан әрі дамытып,рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П.Павлов,П.К.Анохин

Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйесінің сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге қайтаратын күрделі жауабы.Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға,яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына,онан шеткі ағзаға жеткізетін жол

Ол бес бөлімнен тұрады: 1 Қабылдауыш құрылым-рецептордан; 2 қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден; 3 аралық нейрондардан тұратын орталықтан; 4қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5 жауап беретін құрлымы - эффектордан тұрады.

Рефлекс доғасы, жүйке доғасы — рефлекс процесіне қатысатын жүйкелік құрылымдар жиынтығы. Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы М.Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты.

Ең қарапайым доға бес буыннан: рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйке және атқарушы орган — эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекстің қызметін атқарады,яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс бір жола жоғалып кетеді.Соңғы кезде рефлекстік доға мен қатар рефлекстік шеңбер деген ұғым қолданылады.Рефлекстік шеңбердің доғадан бір бөлімі артық болады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 15748 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...