Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Индекстер



МҚБЖ-не қойылатын негізгі талаптардың бірі – үлкен көлемді информацияның ішінен қажетті жазбаны жылдам іздеу мүмкіндігі болып табылады. Индекстер – кестедегі мәліметтерді, индексі жоқ кестелермен салыстырғанда іздеуді едәуір шапшаңдататын тиімді құрал. Индексте қолданылатын өрістер санына тәуелді қарапайым және құрамды индекстер деп ажыратылады.

MS Access-те индекстің еркін санын жасауға мүмкіндік бар. Индекстер кестенің макетін сақтау кезінде жасалады және жазбаларды енгізу мен өзгерту кезінде автоматты жаңаланады. Біз кез келген уақытта кестенің конструкторы терезесінде керекті жаңа индекстерді қосып, не керек еместерін жоюымызға болады.

MS Access-те индекстердің бірегейлігіне қойылатын талап міндетті емес. Тиісті информацияны іздеуді шапшаңдату үшін бірегей емес индекстер қолданылуы мүмкін.

Индекстердің басты ерекшелігі – индекстерді бастапқы кілтті жасау үшін қолдануымызға болады. Бастапқы кілттер автоматты индекстеледі. Осы жағдайда индекстер бірегей болуы тиіс. Бұл тек бір индексті өрістен тұратын кесте үшін осы өрістің мәндері бірегей болатындығын білдіреді. Құрамды индекстер үшін индексті өрістердің әрқайсысындағы шамалар қайталанатын мәндер болуы мүмкін. Алайда индексті өрнек бірегей болуы тиіс.

Құрамды индекстердің құрылуы

Бірнеше өрістерден тұратын индекстерді индекстер терезесінде анықтау қажет.

1. Конструктор терезесінде құрамды индекс жасайтын кестені ашамыз. Ол

үшін мәліметтер қорының терезесінде анықтау қажет. Ол үшін мәліметтер қорының терезесінде нұсқағышты осы кестеге апарып, Конструктор батырмасын шертеміз.

2. Саймандар қатарында Индекстер батырмасын шертеміз. Экранда

“Индекстер” сұхбаттасу терезесі ашылады. Ашылған сұхбаттасу терезесінде индекс бағанының бірінші бос өрісінде индекс атын енгіземіз. Индекстің аты ретінде индекске қосылған өрістердің бірінің атын немесе кез келген мүмкін болатын атты қолданамыз.

3. Сол жолдың Өрістің аты бағанында тізімнің ашылуы батырмасын шертіп,

индекстің бірінші өрісін таңдаймыз.

4. Келесі жолдың Өрістің аты бағанында индекстің келесі өрісінің атын

таңдаймыз. (Бұл жолда индекс бағанының өрісін бос қалдырған дұрыс). Осы сияқты индекстің қалған өрістерін де анықтаймыз. Индекс 10 өріске дейін қосады. Индекс үшін өрістерді таңдап болған соң, сұхбаттасу терезесінің тақырып жолында орналасқан терезенің жабылуы батырмасын шертеміз.

Келісім бойынша Өсуі бойынша сұрыптау реті беріледі. Кемуі бойынша нақты өрісті сұрыптау үшін Сұрыптау реті бағанында Кемуі бойынша мәні таңдалған өріс жолдарымен таңдаймыз.

Көпкестелі мәліметтер қорын жобалаудың ерекшеліктері

Іс жүзінде көпкестелі мәліметтер қорымен жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан жасалатын қосымша мәліметтер құрылымын жобалау мен кестелер арасындағы мәліметтерді тиімді етіп бөліктеу мәселелері ерекше мәндерге ие.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 672 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...