Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жұмыс.Висцеральді рефлекстер



А) Ашнердің көзді-жүрек рефлексі.

Жұмыс барысы: көзі жабық жатқан зерттелушіде ритмокардиоскоп көмегімен пульсті анықтайды. Көз алмаларын бас бармақпен әлсін басады және басуды тоқтатпай 10-15 сек. өткеннен кейін аспап көрсеткішін белгілейді.

Б) Превельдің ортостатикалық рефлексі.

Жұмыс барысы: жатқан (санар алдында пациент 3-6 минут жатып алады) пациентте ритмокардиоскоп көмегімен пульс санайды. Пациенттің тұруын өтініп, 15-20 сек. кейін пульсті қайта санайды.

В) Геринг рефлексі

Жұмыс барысы: отырған пациенттің пульсін санайды. Содан соң, оның терең дем алуын және тынысын кідіруін сұрайды. Осы кезде пульсті қайта санайды.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда пульс (тәжірибеге дейін және одан кейін) қалай және неліктен өзгергендігін көрсетіңіз.

№ 4-жұмыс. Тамырлы рефлекстер. Жергілікті дермографизм.

Жұмыс барысы: шыны таяқшаның өткірсіз ұшыменневрологиялық балғаның ұстағымен немесе шпательмен тудырылады. Дені сау адам терісін әлсін тітіркендіргенде, ақ сызық- жергілікті ақ дермографизм білінеді. Дені сау адам терісін қатты және баяу тітіркендіргенде, тар ақ шеңбермен қоршалған қызыл сызық көрінеді. Бұл жергілікті қызыл дермографизм.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда не көргеніңізді белгілеңіз.

№5-жұмыс. Қарашық рефлексін зерттеу. Қарашықтың жарыққа деген тікелей реакциясы.

Жұмыс барысы: зерттелуші біркелкі жарықтандырылған бөлмеде және көзі ашық күйінде дәрігерге қарама-қарсы отырады. Дәрігер алақандарымен зерттелушінің көзін жапқанда қарашық бірден ұлғаяды. Осындай әдіспен келесі көздің реакциясын зерттейді.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда қай бұлшық етттер көмегімен қарашық диаметрі өзгереді және осы бұлшық еттер қандай жүйкелік талшықтармен жүйкелендіріледі?

№ 6-жұмыс. Терілік рефлекстер: пиламоторлы рефлекс немесе «қаз терісі» рефлексі.

Жұмыс барысы: трапеция бұлшық етінің аймағында ауыртпалық немесе суықтық тітіркендіргішпен тудырылады. Дені сау адам терісін эфирмен сүрту немесе иненің үшкір ұшымен тітіркендіру кезінде «қаз терісінің» түзілуі туады.

Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: қорытындыда жұлынның алдыңғы түбірлері, бүйірлі мүйіздері және шектелі симпатикалық бағанның жарақатында рефлекстің тумайтындығын жазыңыз. Жұлын көлденеңдігінің жарақаттануы, жарақаттан төмен жерде рефлекс күшеюін тудырады.

№7 ЖҰМЫС. Кестемен жобаны салу

Пресинапстық тежелу.А-1-тежелген нейрон,А-2-қоздыратын нейрон,А-3-эффекторлық нейрон.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 910 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...