Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Алыпты физиология кафедрасы



№ 6 ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

Тақырыбы: Қарапайым физиологиялық процестерден қорытынды сабақ.

Сағат саны: 4

Курс: 2

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Астана 2014ж

1. Тақырыбы: Қарапайым физиологиялық процестерден қорытынды сабақ.

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Физиология пәні, басқа ғылымдармен байланысы, медицинадағы маңызы.

2. Физиологияның даму тарихы.Физиология дамуындағы отандық және шет елдік ғалымдардың ролі. (И.М.Сеченов, И.П.Павлов, П.К.Анохин, К.В.Судаков, А.П. Полосухин, Н.У. Базанова и т.б.)

3. Тірі ағзалардың жалпы қасиеттері. Тұтас ағзаның қызмет етуінің жалпы принциптері - корреляция, реттелу, рефлекс, өзіндік реттелу.

4. Жүйелік даму. Тіршілік ету процестерінің жүйелік квантталуы.

5. Физиологиялық зерттеу әдістерінің дамуы.Физиологиялық зерттеулердің қазіргі кездегі әдістері

6. Қозғыш ұлпалар. Тітіркендіргіштердің жіктелуі.

7. Қозғыш жасушалардың негізгі қасиеттері (тітіркенгіштік, қозғыштық). Қозу.

8. Қозғыштықтың параметрлері: тітіркендіру табалдырығы, (реобаза), пайдалы уақыт, хронаксия, лабильділік, рефрактерлік. Аккомодация

9. Сөл бөлу.Сөл бөлу қызметтері. Сөл бөлетін клеткалардың биоэлектрлік ерекшеліктері. Сөл бөлудің ерекшеліктері (жүйкелік, гуморальдық).

10. Биоэлектрлік құбылыстар жайындағы ілімнің дамуы. (Гальванидің 1 және 2 тәжірибесі).

11. Мембраналық потенциал, әрекет потенциалы, оларды тіркеу әдістері, пайда болу механизмі.

12. Ұлпаның қозу кезіндегі қозғыштық қасиетінің өзгеруі..

13. Биопотенциалдар пайда болуының теориясы және олардың пайда болуы жайындағы қазіргі кездегі көзқарас. Жасуша тітіркенуі кезіндегі мембраналық және жасушаішілік процестер.

14. Мембрананың иондық каналдары. Биологиялық мембраналар арқылы заттардың активті және пассивті тасымалдануы.

15. Қозғыш ұлпалардың физиологиялық қасиеттері.

16. Қозғыш ұлпаларды тітіркендіру заңдары. (полярлық заң, «бәрі және ештеңе емес» заңы,күш заңы, күш және уақыт заңы, градиент заңы).

17. Қаңқа бұлшық етінің физиологиясы, олардың қызметтері. Еттердің негізгі қасиеттері.

18. Еттің күші және жұмысы. Еттің қажуы, тұтас ағза және жекелеген еттер қажуының теориялары. Орташа жүктеме заңы.

19. Қозғалтқыш бірліктер және әртүрлі еттердегі олардың ерекшеліктері.Бұлшық ет жиырылуның құрылыстық - қызметтік негізі. Қозу мен жиырылудың бірдейлігі. Еттің босаңсуы.

20. Еттер жиырылуының тәртіптері. Жеке дара жиырылу. Тетанустық жиырылу, оның түрлері. Қаңқа бұлшық етінің жұмысының түрлері. (изотоникалық, изометриялық, ауксотоникалы).

21. Бірыңғай салалы еттер физиологиясы, олардың қызметтері, физиологиялық қасиеттері, іс-әрекетінің реттелуі.

22. Бірыңғай салалы еттер мен қаңқа бұлшық еттерінің физиологиялық қасиеттерінің негізгі айырмашылықтары.

23. Электромиография, динамометрия, медицинадағы маңызы.

24. Жүйке талшықтарының жіктелуі (миелинді, миелинсіз).

25. Жүйке талшықтарының қасиеттері. Жүйке талшықтары бойымен қозу өткізу. Тұтас жүйке бойымен қозу өткізу заңдары.

26. Введенскийдің парабиозы, оның кезеңдері, медицина теориясы мен практикасы үшін маңызы. Өткізгіш жолдардың жүйелік ұйымдасуы.

27. Синапс - бұл нейрондар мен нейрондар арасында, нейронмен эффекторлық клеткалар арасындағы ұйымдасқан қызметтік байланыс ретінде. Синапстардың жіктелуі.

28. Синапс арқылы қозу берілуінің кезеңдері мен механизмдері. Медиатордың синтезделуі. Медиатордың бөлінуі. Постсинапстық мембрана рецепторларымен медиатордың өзара әрекеттесуі.

29. Қозу берілуінің электрлік теориясы. Синапстардың қасиеттері.

30. Синапс арқылы қозу берілуінің реттелу жолдары. Мидағы синапстық қозу берілуі.

5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, жұптасып жұмыс істеу, презентациялар, кейстади және т.б.)

1. Жүйке бұлшықеттік препарат және қөлбақаның оқшауланған балғыр бұлшықетінен препаратын дайындау.

2. Тікелей және тікелей емес тітіркендіргенде қозу табалдырығын анықтау.

3. Жеке бұлшық еттік жиырылу қисығын тіркеу тәсілі.

4. Динамометрия.

5. Электромиография.

6. Жүйке бойымен қозудың екі жақты таралуы.

7. Жүйкенің физиологиялық бүтіндік заңы.

8. Парабиоз.

9. Жүйке-бұлшық ет препаратында қажу орны.

10. Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылысты шерудің биологиялық тәсілі (Гальванидің 1- және 2- тәжірибелері мен К. Маттеучидің тәжірибесі).





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 2367 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...