Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Beside



12) Көмекші сөз Beside –қасында деп аударылады.

He was sitting beside me. Ол менің қасымда отырды.

Between.

13) Көмекші сөз Between –арасында деп аударылады.

The Mediterranean Sea is between Europe and Africa. Жерорта теңізі Еуропа мен Африканың арасында орналасқан.

By.

14) Көмекші сөз By ырықсыз етістегі етістіктен кейін істі атқарушыны айтқанда, іс-уақытын көрсеткенде қолданылады және -мен, -пен жалғауларымен, таман деп аударылады.

“Anna Karenina” was written by Tolstoi. «Анна Каренинаны» Толстой жазды.

Can you finish the work by 6 o′clock? Сіз бұл жұмысты сағат алтыға таман бітіресіз бе?

Down.

15) Көмекші сөз Down – астында, төменде, деп аударылады.

He went down the stairs. Ол баспалдақпен төмен түсті.

During.

16) Көмекші сөз During кезінде, бойыдеп аударылады.

During the year he has made great progress.

Жыл бойы ол үлкен табыстарға жетті.

Except.

17) Көмекші сөз Except басқа, қоспағанда деп аударылады.

Everybody is ready except you.

Сізден басқасы бәрі дайын.

For.

18) Көмекші сөз For үшін, арналған, артынан деп аударылады.

He will do it for you.

Ол осыны сіз үшін істейді.

I sent him for the doctor.

Мен оны дәрігерге жібердім.

From.

19) Көмекші сөз From -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен, -деп аударылады.

I shall stay in the library from five till seven.

Мен кітапханада бестен жетіге дейін боламын.

In.

20) Көмекші сөз – In мерзімді, мезгілді көрсеткенде айтылады. (да, де, та, те)

In January. Қаңтарда.

They will arrive in May. Олар мамырда келеді.

He will return in a week. Ол бір жұмадан кейін келеді.

Off.

21 ) Көмекші сөз Off – заттың бетінен, бөлініп алынған кезде қолданылады.

He took all the things off the table. Ол бүкіл заттарды үстел үстінен жинады

The cat fell off the roof. Мысық төбеден құлап түсті.

On.

22) Егер де зат есімдер үстінде немесе үстіне деген жағдайда көмекші сөз On қолданылады, сонымен қатар күн аттары, күн жатысы алдында қолданылады:

The telegram is lying on the table. Жедел хат үстелдің үстінде жатыр.

I was there on Tuesday. Мен онда сейсенбі күні болдым.

We returned to Moscow on the Ist of September. Біз Мәскеуге бірінші қыркүйекте қайтып оралдық.





Дата публикования: 2015-01-04; Прочитано: 966 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...