Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 11 Мiндеттеме ұғымы және онын тараптары



Мақсаты: Азаматтық-құқықтық мiндеттемелердiң мәнiн талқылау.

Жоспар:

1 Міндеттеме ұғымы.

2 Міндеттемелердің түрлері.

3 Міндеттеменің қатысушылары. Міндеттемедегі тұлғалардың ауысуы.

4 Міндеттеменің туындау негіздері.

Әдебиеттер: Н.ә. – 1, б.83-85; 2, б.225; 3, б.307; 13,14

Есепті шығар;.Кенебаев Хасеновадан үлкен сомаға ақшаны қарызға алып, 2 айдан соң, яғни 1991 жылдың 15 тамызынан кеш қалдырмай қайтаруға міндеттенеді. Көрсетілген мерзімде ақша қайтарылмайды.Ақша орнына Кенебаев Хасеноваға 50%-ке өсірген соманы 1991ж. 1 желтоқсанынан қалдырмай төлеуге міндет алынған жаңа қолхат береді.

1991ж. қараша айында Кенебаев алыс шекара гарнизонында әскери қызметке шақырылады. 1993ж. қараша айында әскерден қайтқан соң Кенебаев теңіз жағалауындағы қалаға тұрақтап, кеме шаруашылығына жұмысқа кіріп, үйіне қайтпайды. Кенебаевтің туыстарынан оның мекен-жайын біліп Хасенова оған қарызы туралы ескертіп хат жазып жібереді, бірақ жауап алмайды. 1995ж. 15 қаңтарында Хасенова Кенебаевтан қарыз сомасын алып беру жөнінде сотқа талап арызын береді. Кенебаев Хасенованың талап қою мерзімінің ескергенін сілтеп, талапты мойындамайды. Хасенова Кенебаевтың әскердегі қызмет уақыты талап қою мерзімінің ескеруіне кірмеуі тиіс деген оймен, оның ескіруі өткен жоқ дуп санады. Сонымен қатар, Хасенова 1994жылдың қыркүйегінен 5 қарашасына дейін ауруханада жатқандығын растайтын медициналық құжаттарды сотқа ұсынады.

Бұл дауда кімдікі дұрыс? Егер Кенебаев Хасенованың хатына жауап беріп, қарызды қандай да бір жаңа мерзімге қарай қайтарып беруді уәде етсе, есептің шешімі өзгерер ме еді?

Бақылау сұрақтары:

1 Міндеттеме тараптары.

2 Міндеттеменің пайда болу негіздері.

3 Міндеттеме ұғымы, түрлері





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 1122 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...