Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Профессор ___________Ф.А. Миндубаева




· Оқытушылар туралы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Миндубаева Фарида Анваровна, медицина ғылымдарының докторы, профессор, педагогикалық жұмыс стажы- 36 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: орталық жүйке жүйесінің физиологиясы, қан айналымы, еңбек физиологиясы, бейімделу физиологиясы.

Ғылыми мектебі: ҚММИ қалыпты физиология кафедрасының ізденушісі, Мәскеу қ., П.К. Анохин атындағы РМҒА-сының ҒЗИ қалыпты физиологиясында кандидаттық және докторлық диссертацияларды, профессор А.А. Самохинаның қол астында кандидаттық диссертация қорғаған, докторлық диссертацияның кеңесшісі профессор О.С. Глазачев (Мәскеу қ.). Дәрістерді ағылшын және орыс тілдерінде оқиды.

Жетістіктері: «Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» - 2007 ж., «Медициналық білім негіздері» - 2008 ж., «ҚММУ түлегін дайындауда компетентті шешім» - 2010 ж. циклдері бойынша біліктілікті жетілдіру.

ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.,

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төс белгісі ДСМ ҚР 2009 ж.

«ЖОО-ның үздік оқытушысы– 2009 ж» жалпымемлекеттік гранттың иегері.

Оқытушылар:

Кафедра профессор қ.а.: Абушахманова Айгуль Хамитовна, медицина ғылымдарының докторы, физиология кафедрасының доценты, педагогикалық жұмыс стажы - 12 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: бейімделу физиологиясы, еңбек физиологиясы, профпатология.

Ғылыми мектебі: Бүкілодақтық онкологиялық ғылыми орталық аспирантурасы, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Р.И.Габуния, ҚР ДСМ еңбек гигиенасы және проф. аурулардың ғылыми орталығында докторлық диссертацияның ізденушісі, ғылыми жетекшісі ҚР ҰҒА академигі, проф. Кулкыбаев Г.А. Дәрістерді қазақ және орыс тілдерінде оқиды.

Жетістіктері: «Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» циклі бойынша біліктілікті жетілдіру - 2007 ж.

ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.,

Кафедра доценты: Шандаулов Асылбек Хасанович медицина ғылымдарының кандидаты, физиология кафедрасының доценты, педагогикалық жұмыс стажы - 29 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: бейімделу физиологиясы, жас кезеңдерінің физиологиясы, еңбек физиологиясы, экология.

Ғылыми мектебі: КСРО МҒА СБ аспирантурасының күндізгі бөлімі, ҚР ҒА физиология институтының бұлшықет іс-әрекеті зертханасының меңгерушісі, ғылыми тақырыптарға жетекшілік. Дәрістерді қазақ және орыс тілдерінде оқиды.

Жетістіктері: «Медициналық білімдегі инновациялық технологиялар» циклі бойынша біліктілікті жетілдіру - 2007 ж.

ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.,

Оқытушы: Рамазанов Алибек Кайриденович, педагогикалық жұмыс стажы - 2 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: тыныс алу физиологиясы.

Ғылыми мектебі: академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ физиология кафедрасының магистратурасы, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Конкабаева А.Е.

Жетістіктері: ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.,

Оқытушы: Жашкеева Аделия Маратовна, педагогикалық жұмыс стажы - 2 жыл.

Ғылыми қызығушылығы: қанайналым физиологиясы.

Ғылыми мектебі: академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ зоология кафедрасының магистратурасы, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Мырзаханов Н.М.

Оқытушы: Тишбек Гулден Абдурахманкызы, падагогикалық жұмыс стажы – 1 жыл

Ғылыми қызығушылығы: қанайналым физиологиясы.

Ғылыми мектебі: академик Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ зоология кафедрасының магистратурасы, ғылыми жетекшісі м.ғ.д., профессор Мырзаханов Н.М.

Жетістіктері: ҚММУ ішінде «Физиология» циклі бойынша БЖФ Қарағанды қ. - 2011 ж.,

· Байланыс ақпарат: Кафедраның орналасқан орны Ерубаев-18, (№1 корпуста, аудитория 201-213) орналасқан, телефон: 56-41-81 (118)

· Пәннің саясаты: пәнді оқу кезiндегi студенттерге қойылатын кафедраның жалпы талаптары, ол жұмыс бөлiмiн орындамаған кезде қолданылатын шаралар және т.б.

Пән бойынша дәріске қатысу – міндетті түрде, сұрақтар пән бойынша аралық және қорытынды бақылауларға қосылады.

Студенттер ҚММУ қабылдаған оқу тәртібінің жалпы талаптарын орындаулары қажет.

Әр сабаққа студент оқытылатын тақырыптың сұрақтарына дайындалып келiп отыруы қажет. Ол үшiн негiзгi және қосымша әдебиеттерден дидактикалық материал оқып дайындалып келуi тиiс. Әдістемелік нұсқауда көрсетiлген сұрақтармен алдын-ала таныcуы қажет. Студент өзiн қызықтырған сұрақтарға кеңесті кафедраның қойған уақытында алуға құқылы.

Сабақтың құрылымы тақырып бойынша кіріспе бақылаудан, cтуденттердің тәжірибелік тапсырмаларды орындауынан, талдаған сұрақтар бойынша алған бiлiмiн тексеруден тұрады. Жалпы баға барлық нәтижелердiң қосындысы болып табылады.

Қанағаттанарлықсыз (Ғ) бағасын алса, сабақ өтелмеген болып табылады. Барлық босатылған зертханалық сабақтар мен практикалық сабақтар сәйкес аралық бақылауды өткізгенге дейін өтелуіне болады.

Студент «Физиология-1» пәні бағдарламасына сәйкес келетiн оқу жоспарын толық орындауы қажет, яғни, денi сау адамның негiзгi физиологиялық үрдiстерiн, негiзгi заңдылықтарын және ағзадағы тұтас реакциялардың қалыптасу механизмдерiн және оның реттелуін үйрену керек.

Физиология - жалпы организмнің, физиологиялық жүйелердің, мүшелердің, жасушалардың және жеке жасушалық құрылымдардың өмірлік қызметі туралы, организмнің қоршаған ортамен, әлеуметтік ортамен әрекеттесуі кезіндегі реттеу механизмдері туралы фундаменталды тәжірибелік-теориялық ғылым.

Физиологияның қазіргі заманғы даму ерекшеліктері анализдік бағыттауды тереңдету болып табылады - мембраналық, жасушалық үрдістерді, биофизикалық механизмдердің қозуы мен тежелуін зерттеу, ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде адамның мақсатты мінез-құлқын табиғи өмір сүру ортасында, өндірістік-еңбек, спорттық, авиациялық, космостық жағдайларда және де басқа қызметтерін зерттеу. Қазіргі таңдағы физиология денсаулықты, салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамның қызметтік еңбекке жарамдылығын болжауды қарастыратын ғылыми негіз ретінде саналады.

Физиология – теориялық пәндердің маңызды бөлімі, студент-медик дені сау ағзаның өмір сүруінің жалпы заңдылықтарын таниды және клиникаға дейінгі және клиникалық пәндерді меңгеруге көшу арқасында қазіргі кездегі дәрігер пайда болады. Адам организмнің өмір сүру заңдылықтарын тереңінен зерттеп білмесе оның бұзылу механизмдері мен қызметін және қалпына келуін білу мүмкін емес. Физиологияның зерттеу нысаны ретінде тірі организм және оның бөлімдерінің (жасуша, тін, мүше, жүйе) қызметтері қаралады. Дені сау адамдар ағзасын зерттеу болашақ дәрігерлерге қызметтік диагностиканы жылдам меңгеру әдістерін, денсаулық жағдайын анықтауға және ағзаның бейімделуін, қалыпты жағдайдан физиологиялық қызметтердің ауытқу дәрежесі бойынша қызмет деңгейін бағалауды үйретеді. Адам физиологиясы заңдылықтарын ашу - бұл өмір сүру ұзақтығын одан әрі жоғарылатуға қажетті жағдай, сауықтыруды тиімді ұйымдастыру, еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту, аурулардың алдын-алу және емдеудің жаңа әдістерін ашу. Физиология - әлеуметтік және жеке гигиена, бала мен ана денсаулығын қорғау, мектеп гигиенасы, еңбекті, мектептегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру негізі болып табылады. Қорыта келгенде, адам организмінің қалыпты қызметін білу, алдын-алу және клиникалық медицинаға негізделген.

Силлабус Физиология-1 қарапайым физиологиялық үрдістерге арналған, физиологиялық қызметтердің нейрогуморальды реттелуіне, өмір сүрудің негіздеріне, мінез-құлықтың жүйелік механизмдеріне.

· Пәннің мақсаты: студенттерде сау адам организмінің барлық жүйелерінің қызметін және оларды реттеу механизмдерінің негізгі заңдылықтарын қалыптастыру.

· Пәннің міндеттері:

· Адам организмінің өмір сүруін қоршаған ортамен өзара байланысы ретінде жүйелік білімді қалыптастыру;

· Студенттерді физиологиялық және клиникалық ойлауға үйрету;

· Ғылыми тәжірибе қою дағдысымен таныстыру;

· Тұтас реакциялар қалыптасуының негізгі заңдылықтары мен механизмдері туралы білім беру;

· Организмнің және оның жүйелерінің қызметтік жағдайын бағалау әдістеріне үйрету;

· Клиникалық -диагностикалық аспаптармен жұмыс істеу ұстанымдарына үйрету.

· Оқытудың соңғы нәтижелері

Студент:

Білуі тиісті:

· пәнді, мақсаты мен міндеттерін және оның келешек мамандығы үшін маңызын;

· дені сау организмнің қызметтік заңдылықтарын және жалпы физиология, жеке физиология және адамның интегративті мінез-құлық қызметі жағынан қаралатын физиологиялық үрдістердің реттелу механизмдерін;

· медицинада қолданылатын дені сау организмнің әртүрлі қызметтерін зерттеу әдістерінің маңыздылығын.

Істей алуға тиісті:

· дені сау организм қызметтерін негізгі зерттеу әдістерінің принциптерін түсіндіруді;

· әртүрлі көрсеткіштердің ақпараттық құндылықтарын (констант) және мүшелердің, жүйелердің және бүтін организмнің қызметін реттеу механизмдерін түсіндіруді;

· организмнің бейімделу нәтижесіне жетуі кезінде физиологиялық қызметтерінің қалыптасу және реттелу негізгі заңдылықтарын бағалауды және түсіндіруді;

· организмнің өмір сүру жағдайына байланысты негізгі мінез-құлық түрлерінің қалыптасуы және реттелу зандылықтарын бағалауды және түсіндіруді.

Дағдыларын меңгеруі тиісті:

· Динамометрия

· Көру өткірлігін анықтау

· Көру алаңдарын анықтау

· Түсті ажыратуды анықтау

· Қарашық рефлексін зерттеу

· Ауа және сүйек арқылы дыбысты өткізуді

· Эстезиометрия

· Ольфактометрия

· Дәм сезуді анықтау

· Болуға тиісті зат алмасуды анықтау

· Термометрия

· Жеке адамның психологиялық қасиеттерін анықтау үшін тестілеудің негізгі әдістемелерін

· Пәннің алғы реквизиттері: химия, медициналық биофизика, молекулярлық биология және медициналық генетика, анатомия -1.

· Пәннің кейінгі реквизиттері: физиология-2, патологиялық физиология-1, патологиялық анатомия-1, фармакология-1, микробиология.

Физиология-1 курсында келесi бөлiмдер оқытылады:

Жалпы физиология. Қарапайым физиологиялық үрдістер - тiрi материянын жалпы қасиеттерiн, қозу және тежелу үрдістерiн, қозғыш кұрылымдардың, нейронның, бұлшықеттердің қызметтік ерекшелiктерін зерттейді.

Физиологиялық қызметтердің нейрогуморальді реттелуі – ОЖЖ-нің жалпы физиологиясын, нейронның қызметтерін, ОЖЖ-гі қозу мен тежелудің таралу ерекшеліктерін, автономды жүйке жүйесінің физиологиясын, физиологиялық қызметтердің гормональді реттелуін зерттейді.

Өмір сүрудің негіздері – Энергетикалық және негізгі алмасу, тамақтанудың физиологиялық негіздері, жылу балансы, дене температурасының реттелуін қарастырады.

Мінез-құлықтың жүйелік механизмдері – мінез-құлық қалыптасуының жалпы принциптері, адамның еңбек іс-әрекеттері, талдағыштардың физиологиясы, есте сақтаудың физиологиясы, эмоциялар, психикалық іс-әрекеттер, ұйқы физиологиясы, бейімделу, биологиялық ритмдер зерттеледі.

Тақырыптық жоспар:

Дәрістердің тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы Өткізу түрі ұзақтығы
1. Физиологияға ғылым ретінде жалпы сипаттама. Мәселелік дәріс  
2. Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі принциптері. Мәселелік дәріс  
3. Қозу. Мәселелік дәріс  
4. Қозғыш ұлпалардың тітіркендіру заңдары. Мәселелік дәріс  
5. Мембраналық потенциал. Мәселелік дәріс  
6. Әрекет потенциалы. Мәселелік дәріс  
7. Рецепция. Өткізгіш жолдардың жүйелік ұйымдасуы. Мәселелік дәріс  
8. Синапстар арқылы қозу өткізу. Мәселелік дәріс  
9. Қанқа бұлшықеттері және бірінғай салалы еттердің физиологиясы. Мәселелік дәріс  
10. Еттер жиырылуы. Мәселелік дәріс  
11. Орталық жүйке жүйесінің жалпы физиологиясы. Нейронның қызметтері. Мәселелік дәріс  
12. Жүйке клеткаларының қозу мен тежелудің механизмдері. Мәселелік дәріс  
13. ОЖЖ-гі қозудың таралу ерекшеліктері. Мәселелік дәріс  
14. ОЖЖ ұйымдастыру қызметтерінің негізгі принциптері. Мәселелік дәріс  
15. Вегетативті жүйке жүйесінің физиологиясы. Мәселелік дәріс  
16. Жалғасы - Вегетативті жүйке жүйесінің физиологиясы. Мәселелік дәріс  
17. Физиологиялық қызметтердің гормональдық реттелуі. Мәселелік дәріс  
18. Гормондардың жалпы қасиеттері мен қызметтері. Мәселелік дәріс  
19. Зат және энергия алмасуы. Мәселелік дәріс  
20. Энергетикалық алмасу. Мәселелік дәріс  
21. Термореттелу. Изотермияның реттелуі. Гипотермия. Гипертермия. Мәселелік дәріс  
22. Мінез-құлық ұйымдасуының жалпы принциптері. Мәселелік дәріс  
23. Туа біткен және жүре пайда болған мінез-құлық. Мәселелік дәріс  
24. Шартты рефлекторлық қызметтердің тежелуі. Мәселелік дәріс  
25. Ұйқы физиологиясы. Мәселелік дәріс  
26. Жоғары жүйке қызметтерінің типтері. Мәселелік дәріс  
27. Бірінші және екінші сигнальды жүйелер туралы И.П. Павловтың ілімі. Мәселелік дәріс  
28. Мотивациялар. Мәселелік дәріс  
29. Талдағыштардың физиологиясы. Сезімтал жүйелердің құрлысының жалпы принциптері. Мәселелік дәріс  
30. Талдағыштардың физиологиясы. Ақпараттарды талдау механизмдері. Мәселелік дәріс  
31. Есте сақтау. Мәселелік дәріс  
32. Эмоциялар. Мәселелік дәріс  
33. Адамның психикалық қызметтері. Мәселелік дәріс  
34. Адамның психикалық қызметтері. Психикалық қызметтердің нейрофизиологиялық негіздері. Мәселелік дәріс  
35. Ауырсыну физиологиясы. Мәселелік дәріс  
36. Адамның еңбектік іс-әрекеті. Мәселелік дәріс  
  Жалпы сағаты:   36 сағат

Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы Өткізу түрі ұзақтығы
1. Физиологиялық зерттеудің әдістері. Қозғыш тіндердің тітіркендіру заңдары. Тәжірибелік сабақ  
2. Қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Қозғыштықтың параметрлері Тәжірибелік сабақ  
3. Биоэлектрлік құбылыстар. Биопотенциалдардың табиғаты туралы қазіргі кездегі көзқарас. Тәжірибелік сабақ  
4. Жалпы физиологиядан соңғы сабақ. Коллоквиум  
5. Бұлшықеттердің физиологиялық қасиеттері. Бұлшықеттердың жиырылу түрлері. Тәжірибелік сабақ  
6. Жүйке талшықтары арқылы қозуды өткізу заңдары. Парабиоз. Синапстардың физиологиялық қасиеттері. Тәжірибелік сабақ  
7. Қарапайым физиологиялық процестерден соңғы сабақ. Коллоквиум  
8. ОЖЖ қозудың таралуының ерекшеліктері. Тәжірибелік сабақ  
9. ОЖЖ тежелу процестері. Тәжірибелік сабақ  
10. Эндокринді бездердің жалпы сипаттамасы. Гормондардың жалпы қасиеттері мен функциялары Тәжірибелік сабақ  
11. Физиологиялық функциялардың нейрогуморальді реттелуі бойынша соңғы сабақ. Коллоквиум  
12. Энергиялық алмасу. Тамақтану. Тәжірибелік сабақ  
13. Жылу алмасу және дене тампературасының реттелуі. Тәжірибелік сабақ  
14. Тіршілік әрекет негіздері бойынша соңғы сабақ. Коллоквиум  
15. Дәм сезу талдағышы. Иіс сезу талдағышы. Тәжірибелік сабақ  
16. Көру талдағышы. Көру талдағышын зерттеу әдістері Тәжірибелік сабақ TBL (командада оқыту) CBL (клиникалық жағдайға негізделген оқыту)  
17. Есту талдағышы. Вестибулярлы талдағышы. Тәжірибелік сабақ  
18. Тері талдағышы. Тәжірибелік сабақ  
19. Талдағыштардан аралық бақылау. Коллоквиум  
20. Шартты рефлекстер қалыптасуының нейрофизиологиялық механизмдері. Тәжірибелік сабақ  
21. ЖЖ іс-әрекетін зерттеу әдістері. ЖЖ іс-әрекетінің типтері. Тәжірибелік сабақ  
22. Адамның жоғары психикалық қызметтерін зерттеу әдістері. Есте сақтау. Тәжірибелік сабақ  
23. Адамның жоғары психикалық қызметтерін зерттеу әдістері. Эмоциялар. Тәжірибелік сабақ  
24. Тәртіптің жүйелі механизмдері бойынша аралық бақылау. Коллоквиум  
  БАРЛЫҒЫ:   72 сағат

Кеңес беру уақыты: Кеңес беру күн сайын 16.30-ден 17.30 сағат аралығында жүргiзiледi.

Аралық бақылау уақыты:

мамандық Курс/ағым/топ пән апта/күн уақыт
«Жалпы медицина» 2 курс 1 ағым / 201, 202, 203, 232, 233, 234, 235 2 ағым/ 204, 205, 206, 236, 237, 238, 239 3 ағым / 207, 208, 209, 240, 241, 242, 243 4 ағым / 210, 211, 212, 244, 245, 246, 247 5 ағым / 213, 214, 215, 248, 249, 250, 251 6 ағым / 216, 217, 218, 252, 253, 254, 255 7 ағым / 219, 220, 221, 256, 257, 258, 259 8 ағым / 222, 223, 224, 260, 261, 262, 263 9 ағым / 225, 226, 227, 264, 265 266, 267 10 ағым / 228, 229, 230, 231, 268 269, 270 Физиология-1   11 апта10.11   10 апта/04.11   11 апта /14.11   10 апта /08.11   11 апта /16.11   10 апта /07.11   10 апта /08.11   11 апта /16.11   11 апта /10.11   10 апта /04.11 16.30-17.20
  2 курс 1 ағым / 201, 202, 203, 232, 233, 234, 235 2 ағым / 204, 205, 206, 236, 237, 238, 239 3 ағым / 207, 208, 209, 240, 241, 242, 243 4 ағым / 210, 211, 212, 244, 245, 246, 247 5 ағым / 213, 214, 215, 248, 249, 250, 251 6 ағым / 216, 217, 218, 252, 253, 254, 255 7 ағым / 219, 220, 221, 256, 257, 258, 259 8 ағым / 222, 223, 224, 260, 261, 262, 263 9 ағым / 225, 226, 227, 264, 265 266, 267 10 ағым / 228, 229, 230, 231, 268 269, 270 Физиология-1   17 апта /22.12   17 апта /23.12   17 апта /26.12   17 апта /27.12   18 апта /28.12   17 апта /22.12   17 апта /27.12   18 апта /30.12   18 апта /29.12   18 апта /30.12 16.30-17.20

Қорытынды бақылау уақыты: академиялық күнтізбеге сәйкес өткізіледі.

· Cтуденттердiң өзiндiк жұмысына арналған тапсырмалар

СӨЖ тақырыптық жоспары:

Тақырыптың аталуы   Орындау түрі ұзақтығы
1. Биологиялық мембраналардың қызметтері. Мембраналардың иондық каналдары. Әдебиеттермен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттарды дайындау  
2. Қызметтік жүйелер туралы П.К. Анохинның ілімі. Әдебиеттермен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттарды дайындау  
3. Гипоталамус-гипофиз-бүйрек үсті бездер жүйесі. Әдебиеттермен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттарды дайындау  
4. Секреция. Әдебиеттермен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттарды дайындау  
5. Тамақтанудың физиологиялық негіздері. Тамақтанудың теориялары. Әдебиеттермен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттарды дайындау  
6. Эмоциональдық стресс. Әдебиеттермен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттарды дайындау  
7. Бейімделу физиологиясы. Әдебиеттермен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттарды дайындау  
8. Биоритмология. Әдебиеттермен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттарды дайындау  
9. Экспериментальды невроздар. Әдебиеттермен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттарды дайындау  
10. Адамдардың жоғарғы психикалық қызметтер ерекшеліктері. Әдебиеттермен жұмыс, презентация және тақырыптық рефераттарды дайындау  
  БАРЛЫҒЫ:   54 сағат

· Пән бойынша тапсырмаларды тапсыру және орындау графигі:

апта                              
СӨЖ бойынша тақырыптардың №                   3,4          
апта                              
СӨЖ бойынша тақырыптардың №           8,9                  

· Әдебиеттер негізгі және қосымша





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 1524 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.014 с)...