Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

дәріс. Оңтүстік Шығыс Азия елдері (ОША)



Аймақтың дамуының жалпы сипаттамасы. Отаршылдық кезеңінен кейін ОША елдерінің дамуы әр түрлі уақытта басталады. Мәселен, Индонезия, Бирма (Мьянма), Филиппин, Солтүстік Вьетнам үшін ол екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін-ақ, ал Лаос, Оңтүстік Вьетнам және Камбоджа – 1954 ж., Малайзия – 1957 ж., Сингапур – 1965 ж., Бруней үшін 1984 ж. басталды. ОША-ның мұндай бірқалыпты емес дамуы әр елдің ішкі саясаты мен жалпыаймақтық дамуға әсерін тигізді. 1967 ж. құрамына Үндіқытай және басқа мемлекеттер кірген Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ассоциациясы (АСЕАН) құрылды. 90-жылдары қалған мемлекеттер АСЕАН-ға кірді. Осы кезден бастап бұл аймақтың 10 мемлекетінің тағдыры бірдей болды.

Вьетнам

1945-54 жж-ғы Вьетнам. Жапония ОША-дан кеткен кезде Вьетнам тәуелсіздігінің лигасы басшыларының беделі күшейді. Үкімет функциясын атқаратын «Вьетнамды азат ету ұлттық комитетінің» басшысы Хо Ши Мин болды. ОША елдерінде сияқты Вьетнам басшылары «вакуумдық» жағдайды (жапондықтар кетті, ал ескі отаршылдар әлі келмеді) пайдаланып, 1945 ж. 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасын (ВДР) жариялады.

Бірақ 1945 ж. қыркүйектің соңында Франция өз әскерлерін Вьетнамға жібереді. Олар Потсдам конференциясы бойынша ағылшындардың көмегімен Сайгонды, кейіннен елдің оңтүстігін толығымен жаулап алды. 1945 ж.Үндіқытай компартиясы өзін-өзі тарату жөнінде жариялады. Сол уақытта коммунистер Льен-Вьет лигасын құрды, оған вьетнамдықтармен қоса Солтүктегі ұлтшыл көзқарастағы буржуазия өкілдер де кірді. Бұл қозғалыстың басында Хо Ши Мин тұрды. Осылайша, Вьетнамдың бөлінуі басталды.

Солтүстікте 1946 ж. басында Ұлттық жиналысқа және жергілікті өкімет органдарына сайлау өткізілді, ал осы жылдың қарашасында конституция қабылданды. 1946 ж. наурызда ұзақ келіссөздердің нәтижесінде Франция үкіметі ВДР-ды тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады, бірақ ол Франциялық Кеңеске кіруі керек болды. 1946 ж. қыркүйекте Франция елдің Оңтүстігінде құрылған «Кохинхин Республикасын» да мойындады. Бірақ 1946 ж. желтоқсанда Франция ВДР-ге қарсы 8 жылға созылған әскери қимылдарын бастады.

Алдымен жетістіктер Францияның жағында болды, 1947 ж-ға дейін олар Ханой мен ВДР-дің басым территориясын басып алды. Бірақ Хо Ши Миннің ұзақ партизандық соғыс тактикасын таулы аймақта және джунглиде қолданғаннан кейін бастама коммунистер қолына көшті. Сонда Франция елдің Оңтүстігінде «Вьетнам мемлекетін» құрады, оның басшысы етіп император Бао Дайды қояды. Оған жауап ретінде 1950 ж. КСРО ВДР-мен дипломатиялық қатынастар орнатады.

1951 ж. ақпанда Үндіқытай Коммунистік партияның (КПИК) II съезі өтеді. Осы кезден батап КПИК-тің вьетнамдық бөлігі өздерін Вьетнам Жұмысшы Партиясы деп атады. 1951 ж. наурызда Үндіқытай халқының біртұтас фронты құрылды, ол ұлттық тәуелсіздік үшін күрес жүргізді. Оның құрамына 3 елдің әскери коммунистері кірді.

Франция АҚШ қолдауымен ВДР-ға шешуші шабуыл жасауды ұйғарды. Во Нгуен Зиап басқаруымен солтүстік вьетнамдық әскер Дьенбьенфу ауданында француздарға соққы берді. Женевадағы жасалған бейбіт келісімдер бойынша Вьетнам 17 параллельде бөлінді.

1954-61жж ВДР мен Вьетнам республикасының дамуы. 1956 ж. Вьетнамда сайлау өткізіп, елді біріктіру көзделді. Бірақ АҚШ, КСРО және ҚХР елді екіге бөлінген жағдайында сақтап қалуды қалады. АҚШ-тың СЕАТО әскери-саяси блогын құруы Францияның Вьетнамның Оңтүстік бөлігіндегі иелігенен бас тартуына әкелді және Франция аймақтың басшылығын ауыстуруға келісім беруге мәжбүр болды. 1955 ж. күзде Бао Дай орнына Нго Динь Зьем отырғызылды.

1956 ж. Ұлттық жиналысқа сайлау өткізілді, конституция қабылданды. Оңтүстік Вьетнам республика мәртебесін алды. Солтүстікте коммунистік режим орнатылды. 1955 ж. тамызда Льен-Вьетті Вьетнамның отандық майданына ауыстыру көзделді. Бұл ұйым елді біріктіру үшін күрес жүргізу керек болды.

1956 ж. наурызда Оңтүстік Вьетнамда Құрылтай жиналысына сайлау өткізілді. Ол қазанда тұрақты конституцияны қабылдады. Конституция бойынша коммунистік идеяларды насихаттау заңмен қудаланды. Солтүстіквьетнамдық коммунистердің ықпалымен Оңтүстікте өкіметке қарсы оппозиция пайда бола бастады. 1960 ж. коммунистер бастауымен Оңтүстік Вьетнамды азат ету Ұлттық фронты (НФОЮВ) құрылды. НФОЮВ құрамына 3 саяси партия кірді: Демократиялық, Радикал-демократиялық және Ұлттық-революциялық партиялар.

1960 жж. басында ВДР-да жаңа конституция күшіне еніп, Солтүстікте социализм құру, Оңтүстікті азат ету, елді біріктіру мәселелері қарастырылды. 1960 ж. ПТВ III съезінде бұл мәселелер толық қаралды. ВДР басшылары мақсатқа жету үшін КСРО мен Қытайдан көмек алды.

1961-1975 жж. әскери-саяси қақтығыс. Елдің бірігуі. 1961 ж. көктемде ВДР көмегімен Оңтүстіктік Вьетнамды азат ету әскері құрылды. 1962 ж. ақпанда НФОЮВ бірінші съезі өтіп, оның бағдарламасы және Орталық Комитет құрылды. Президенті болып Нгуен Хыу Тхо, бас секретарь – Хюинь Тан Фат тағайындаоды. Бұл уақытта майдан қарамағында ел халқының жартысы болды. Режимді құтқару мақсатында АҚШ Нго Динь Зьемды тақтан құлатты, Сайгонда Нгуен Ван Тхиеу келгенше бірнеше басшылар ауыстырылды. АҚШ ВДР-ды бомбалауды бастады, әскери қақтығыс қызу жүріп жатты.

Нгуен Ван Тхиеу 2 жылдан кейін Вьетнам Республикасының жаңа коституциясын күшіне енгізді, президенттік және парламенттік сайлау өткізді. Конституция бойынша Оңтүстік Вьетнам коммунизмге қарсы болды.

АҚШ-тың Вьетнамдағы саясаты бүкіл әлемнің наразылығын туғызды. Бұндай жағдайларда Р.Никсон администрациясы 1973 ж. Парижде Вьетнамда әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қоюға мәжбүр болды.

1973 ж. қазанда НФОЮВ әскери күштері әлсіреген Тхиеу режиміне шабуыл жасай бастады. 1975 ж. Сайгонға шешуші шабуыл жасалды, ол «Хо Ши Мин операциясы» деген атқа ие болды. Сәуірдің аяғына таман Тхиеу режимі құлады. Вьетнам алдында бірігу мүмкіндігі туды.

Вьетнам социалистік республикасының құрылуы. 1976 ж. сәуірде Құрылтай жиналысына сайлау өткізілді. Құрылтай жиналысы Вьетнамның екі бөлігі Вьетнам Социалистік Республикасына (СРВ) бірігуін жариялады. 1976 ж. аяғында ПТВ IV съезі өтті. Бұнда партия коммунистік партияға ауыстырылды (КПВ) және оның басты мақсаты Вьетнамда 20 жыл ішінде социализмді құру болды. СРВ бас хатшысы болып Ле Зуан, премьер-министр – Фам Ван Донг тағайындалды. СРВ Президенті Тон Дык Тханг болды.

Біріккеннен кейін бірінші жылдары Вьетнамда 1960 ж-ғы ВДР конституциясы әрекет етті. Жаңа концепция 1980 ж. Құрылтай жиналысында қабылданды. Конституцияда СРВ пролетариат диктатурасының мемлекеті екендігі айтылады. Мемлекттік органдардың саяси негізін Ұлттық жиналыс пен Ұлттық Кеңес құрады. Басқару рөлі Отандық майданға берілді, оның құрамына КПВ, Демократиялық партия, Социалистік партия, кәсіподақтар, жастар, әйелдер ұйымдары және басқалар да кірді. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып Ұлттық жиналыс саналды.

Біріккеннен кейін Вьетнам өзінің саяси одақтасы ретінде КСРО-ны таңдады. Елдің саяси жағдайы төмендеп кетті, ал 1979 ж. Қытаймен қатынасы мүлдем жойылды. Екі ел арасында қарулы қақтығыс пайда болды. 80-жж. Вьетнам қоғамының жағдайы өте нашар болды, экономикалық дағдарыстар жайлай бастады.

80-90 жж. Вьетнам. 1986 ж. ОК бас секретарі Ле Зуан қайтыс болды. Осы жылы КПВ VI съезі өтті. Онда басшылықтың ішкі және сыртқы саясаттағы қателіктері және т.б. мәселелер қаралды. Елде мемлекеттік және партия шенеуніктеріне қарсы ашық ереуілдер басталды. Өкімет 80 жж. аяғында экономикалық жағдайда дұрыстау үшін қытайлықүлгіде даму жолын таңдады. Шаруалар жерді жалға алуға мүмкіндік алды, қалаларда жеке кәсіпкерлікке жол берілді, тауарларға бірқалыпты бағалар енгізілді және т.б. 1987 ж. шетел инвестициялары туралы заңның қабылдануынан кейін елде аралас және жүзпайыздық шетел фирмалары пайда болды. Бұның бәрі жағымды әсерлер бере бастады. Осы кезде көп жылдар бойы өмір сүрген карточкалық жүйе жойылды.

80 ж. соңынан бастап СРВ-ң сыртқы саясатында да өзгерістер болды. Камбоджадан әскерін шығарғаннан кейін және социалистік жүйенің құлауынан кейін Вьетнам басшылары ҚХР-мен қатынастарын қалпына келтіруді ұйғарды. Вьетнам АСЕАН-ң толық мүшесі болды және оның экономикасы ОША экономикасымен тығыз байланыста бола бастады.

Лаос

1945 ж. 12 қазанда Лаос тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Король билігіне қарсы құрылған Ұлттық Комитетке Лао Итсала майданының өкілдері кірді. Король Луангпрабанга тақтан кетірілді. Ел Патет-Лао конституциялық монархия болып жарияланды. Франция бұл режимді тез арада жойып жіберді. 1946 ж. тамызда Франция мен корольдік режим арасында келісім жасалды, ол бойынша Лаос автономия алып, конституция қабылдады (ол 1947 ж. мамырда күшіне енді). 1947 ж. тамызда Ұлттық жиналысқа сайлау өтті, бірінші саяси партиялар пайда болды.

1949 ж. жазда үндіқытай соғысы кезінде Франция Лаоспен келісімге қол қойды, Лаостың тәуелсіздігі тек қана ол Үндіқытай және Француздық Кеңестің құрамына кірсе ғана сақталады. Бұл қадам Лао Итсал майданының құлауына әкелді. Солшыл радикалдар Суфанувонг басқаруымен тәуелсіздік үшін күресті жалғастырды. 1949 ж. наурызда коммунист К. Фомвнхан басқаруымен партизандық соғыс басталды, біртіндеп Вьетнам шекарасына жақын Лаостың Шығысында азат етілген аудандар пайда болды.

1950 ж. Еркін Лаос Майданы – ФСЛ (Нео Лао Итсала) және Суфанувонг басшылығымен Қарсылық (Сопротивление) үкіметі құрылды. 1951 ж. ФСЛ Үндіқытай халықтарының біріккен майданына кірді, 1954 ж. ФСЛ Лаос территориясының жартысын бақылап отырды.

Осы уақытта бірінші үндіқытай соғысы аяқталды. Женева Жиналысында батыс елдері Лаос территориясынан «вьетнамдық еріктілерді» шығару және ФСЛ күштерін капитуляциялауды талап етті. Лаоста әскери қимылдар тоқтатылып, француз және вьетнам әскерлері шығарылды.

Тәуелсіздіктің бірінші жылдарында Лаостың дамуы. Тәуелсіз Лаос конституциялық монархия болып қала берді. Конституция бойынша билік басында король отырды. Жоғарғы заң шығарушы орган 4 жылға сайланатын Ұлттық Жиналыс болды. Жалпыға бірдей сайлау құқығы енгізілді, король премьер-министрді тағайындау және Ұлттық жиналысты тарату құқығына ие болды. 1955 ж. Лаос Ұлттық партиясы құрылды, оны К. Фомвихан басқарды, орынбасары – принц Суфанувонг.

1960 ж. жазда елде әскери төңкеріс болды. 1961 ж. көктем-жазда Лаос мәселесін шешу үшін Халықаралық конференция шақырылды. Ел ішінде солшылдар (Суфанувонг), оңшылдар (Бун Ум) және бейтараптылар (Суванна Фума) арасында әр түрлі келіссөздер жүрді, олардың негізгісі – келешек үкіметте орындар. АҚШ солшылдарды, КСРО, ҚХР, ДВР – Лаос патриоттық майданын (ПФЛ), Франция – Суванна Фуманы қолдады. Жеңіс Суванна Фума жағында болды. 60 жж. соңында екі зона арасында яскери жанжал асқынды. ПФЛ радикализациясы күшейді, ПФЛ-дың 1968 ж. қабылдаған бағдарламасы («12 пункт») АҚШ-ты жақтаушылармен күресуді көздеді.

1972 ж. НПЛ-дың құпия съезінде елдегі билікті тезірек алу, капитализмнен секіріп, социализмге өту мәселелері қаралды. Партия Халықтық-демократиялық (НРПЛ) аталатын болды, көш басшысы – К.Фомвихан.

1973 ж. Парижде Вьетнам, Лаоста әскери қимылдарды тоқтату туралы конференцияға қол қойылғаннан кейін жаңа саяси жағдай қалыптасты. 1975 ж. Вьентьянда келісімге қол қойылды, ол бойынша уақытша үкімет және басқа органдар қалыптасты. Премьер-министр – Суванна Фума, Суфанувонг Ұлттық саяси коалициялық қеңесті (НПКС) басқаруы керек болды, ол кейіннен маңыздылығы жағынан үкіметтен де асып кетті.

1975 ж. Ұлттық жиналыс таратылды, оның құрамында көбінесе оңшылдар болды. Осы уақытта коммунистер Оңтүстік Вьетнам мен Камбоджаны жаулап алды. 1975 ж. күзде жергілікті атқарушы органдарына сайлау өткізілді. Заң жүзінде биліктің ресми өтуі 1975 ж. Вьентьянда өткен Халық өкілдерінің ұлттық конгресінде болды. Монархия орнына Лаос Халықтық-Демократиялық Республика (ЛНДР) құрылды. Уақытша үкімет пен НКПС орнына Жоғарғы халықтық жиналыс (ВНС) құрылды. Оның төрағасы және ел президенті Суфанувонг болды. Лаостың саяси билігі премьер-министр К. Фомвихан қолында болды.

Лаос халықтық-демократиялық республиканың дамуы. 1975 ж. желтоқсаннан бастап Лаос тәуелсіз мемлекет болды. Конституцияның қабылдануы созыла бастады, оны Халықтық конргесс өкілдерінің декларациясы ауыстырды. Барлық билік НРПЛ қолына шоғырланды. Ел саяси-әлеуметтік дамуы жағынан артта қалды. 80 жж. соңында Лаоста саяси өмірдің либерализациясы басталды, 1992 ж. К. Фомвихан қайтыс болғаннан кейін партия басшысы Кхамтай Сипхадон болды. 1991 ж. Лаоста конституция қабылданды, ол саяси және экономикалық өмірді кішкене болса да демократияландырды. НРПЛ елді басқаратын жалғыз саяси партия болып қала берді. Нарықтық реформалардың арқасында халықтың әлеуметтік деңгейі көтерілді, мысалы, 1996 ж. 350 АҚШ долларына тең болды (ол Вьетнамнан 1,5 есе үлкен). Бірақ экономика бірқалыпты дамымайды, Лаос әлі де онша дамымаған елдердің қатарында қала берді. Сыртқы саясатында Лаос достастық принципін ұстанады. Ол Вьетнам, ҚХР, Солтүстік Корея және Кубамен қатынастарын дамытты.





Дата публикования: 2014-12-10; Прочитано: 2259 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...