Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Пәннің сипаттамасы



Пәннің сипаттамасы

Химия ғылым ретінде, ең алдымен заттар және олардың айналуы кезіңдегі процестермен тығыз байланыста болады. Зат- белгілі бір жағдайда физикалық және химиялық қасиеттермен сипатталатын тыныштық күйдегі массасы бар материяның нақты көрінісі.Табиғатта және көптеген жасанды жағдайларда барлық жаратылыстану ғылымдарының бір-бірімен өзара байланысып жататындығын байқауға болады (физика, химия, биология, геология, математика т.б.). Химия ғылымының пайда болуы жеке химиялық процестерді қолдан жасай білуге негізделген. Мысалы, металды балқыту, сыра ашыту, тері илеу және оны бояу тәрізді процестер. Химия ғылымында да практикалық білім теориядан бұрын туған. Химияны білу физика-химиялық өндірістік процесстерді түсінуге мүмкіндік береді.

1.1.Пәннің пререквизиттері: математика,физика. Жоғарғы оқу орнында білім алатын студент бейорганикалық химия курсын: негізгі заңдарды,химиялық қосылыстардың формулаларын жазып үйрену, химиялық реакцияларды жаза білуге және оларды орындау ең басты міндет.

1.2. Пәнді оқудың мақсаты: Студенттердің ғылыми-жаратылыстану көз-қарасын қалыптастырудың тәрбиелік және даму деңгейін шыңдау, оның химиялык ойлау қабілетін арттыру. Екіншіден, нақты іс жүзінде химияның заңдарын қолдану жолдарымен және қазіргі ауыл-шаруашылық проблемаларды, сондай-ақ, студенттерді пайдаланатын заттардың қасиеттерімен таныстырумен тығыз байланысты.

1.3.Пәнді оқудағы міндеттер:

1) студенттердің қазіргі химия ғылымының негізін, химияның арнаулы бөлімдерін жете меңгеру.

2) бейорганикалық химияның теориялық негізгі мақсаты - химия ғылымының даму бағытын дұрыс бағдарлай білу.

3) термодинамика негіздеріне, зат құрылысына ерекше көңіл бөлу және казіргі химияның арнаулы тарауларына жүйелі талдау.

1.4. Пәннің қысқаша мазмұны: Химия ғылым ретінде, ең алдымен заттар және олардың айналуы кезіңдегі процестермен тығыз байланыста болады. Зат- белгілі бір жағдайда физикалық және химиялық қасиеттермен сипатталатын тыныштық күйдегі массасы бар материяның нақты көрінісі.Табиғатта және көптеген жасанды жағдайларда барлық жаратылыстану ғылымдарының бір-бірімен өзара байланысып жататындығын байқауға болады (физика, химия, биология, геология, математика т.б.). Химия ғылымының пайда болуы жеке химиялық процестерді қолдан жасай білуге негізделген. Мысалы, металды балқыту, сыра ашыту, тері илеу және оны бояу тәрізді процестер. Химия ғылымында да практикалық білім теориядан бұрын туған.

1.5. Оқыту нәтижелері:

А (білім және түсіну)

· Қышқылдар,негіздер, тұздар мен оксидтердің жіктелуі мен номенклатурасы

· Химияның негізгі заңдарының түсініктері және қолдануы

· Органикалық қосылыстардың құрылысын, алынуын, құрамын білу.

В (білім және түсінулерді қолдану)

· Студенттерге жаңа қосылыстардың химялық физикалық қасиеттерін айтып түсіндіру

· Химиялық реакция нәтижесінде түзілеттін заттар туралы түсіндіру

· Бірінші мамндандырылған білімдерін негізгі химиялық эксперименттерде пайдалан білуге үйрету

С (пайымдауларыды шығару (құрастыру)

· Реакциялардың жүру жағдайының табиғатын;

· Қатты күйде және ерітінді күйіндегі сандық және сапалық құрамын:

· Табиғаттағы заттармен олардың реакцияға бейімділігін;

Д (коммуникативті дағдылар)

· Азық түлік өнімдері мен ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын алудағы қазіргі заманауи әдістерді дамыту;

Е (оқу дағдылары)

· Бейорганикалық қосылыстардың номенклатурасы ережесін қолдану;

· Реактивтер мен ерітінділер дайындау;

· Байқалған өзгерістерді теориялық қорыныдылау;

· Берілген концентрацияда ерітінді дайындау;

· Химиялық үрдістердің энергетикалық мазмұнын есептеу

· Өз бетінше анықтамаларды, әдебиеттерді пайдалану, типтік есептерді шешу;

1.6.Пәннің постреквизиттері: Практикалық дағдысы мен білімін термодинамика, жылутехникасы, материалтану пәндерін оқу кезінде пайдалану.

2. 5В071600 – «Аспап жасау», 5В073100 -«Тіршілік әрекетінің қаупсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»,5В071300- «Көлік, көлік техникасыжәне технологиялары», 5В071200 «Машинажасау», 5В073200 «Стандарттау, сертификаттау және метрология»,5В073000 «Құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру» мамандықтарының

1 курс студенттеріне арналған





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 416 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...