Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Торлы ќ±рылым немесе ретикулярлыќ формация. 3 страница



Иіс жуашығы іші қуыс, немесе қарыншалы, құрылым. Онда топтасқан торшалар алты қабатта орналасады. Бірінші фиброзды қабат иіс нейрондарының өсінділерінен құралады. Осы талшықтар ұштары түрлі торшалар өсінділерімен синапс түзеді. Олардың ішінде негізгісі - митральды торшалар болып табылады. Бірінші реттік иіс нейрондарының терминалдары мен иіс жуашығы торшаларының дендриттері шумақ, немесе гломерула, - деп аталатын екінші қабат құрайды. Осы шумақта қозу процесі жинақталады деген болжам бар. Митральды торшалар төртінші қабат түзеді.Оның бір жағында сыртқы - үшінші, екінші жағында сыртқы - бесінші торлы қабаттар орналасады. Бұл қабаттар нерв торшалары өсінділерінің ұйысқан жері болып табылады. Алтыншы қабат дәнді торшалардың шоғырлануынан түзіледі.

Иіс жуашығынан басталған талшықтар алдыңғы мидың бірнеше құрылымдарына бағытталады (иіс төмпешігіне, алдыңғы иіс ядроларына, препириформды және преамигдалярлық қыртысқа, бадамша кешенінің медиальдық және қыртыстық ядроларына). Мидың аталған құрылымдары мен гиппокамп иістік түйсіктің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Қазіргі кезге дейін иістің түрлері толық жіктелмеген, сол себепті иісті көбінесе иісті шығаратын заттардың атымен атайды. Мысалы, жуа, раушан, сірке иістері. Х.Хенинг иісті иіс шығаратын заттардың химиялық құрамына қарай жіктеген. Д.Эймур жіктеуіне сәйкес жеті түрлі иіс болады. Олар камфора, жупар, гүл, жалбыз, эфир, өткір және шірік иістер.

6.7. Терінің сезімдік қызметі

Тері дененің сыртқы жабындысы болып табылады, сондықтан ол арқылы организм қоршаған ортаның әр түрлі әсерлерін қабылдайды. Теріде температураны, жанасуды, қысымды, ауырсынуды сезінетін рецепторлар болады (57-сурет).

Жылуды терідегі Руффини денешіктері, суықтықты Краузе сауытшалары, жанасуды - Маркель торшалары мен Мейснер денешіктері, қысымды Фаттер-Паччини денешіктері, ал ауырсыну әсерін эпидермистің сыртқы қабатында орналасқан жалаңаш нерв ұштары қабылдайды.

Тері тітіркенісін түйсіну әр түрлі өткізгіш жол арқылы атқарылады. Жанасу мен қысымды қабылдайтын рецепциялық торшалар талшықтары жұлынның дорсальдық бағандары бойымен еш жерде үзілместен сопақша миға барады. Осы жерден екінші нейрон талшықтары импульстерді таламусқа жеткізеді. Ауырсынту жөне температуралық әсерлерді қабылдайтын рецепциялық торшалар өсінділері импульсті жұлынның дорсальдық мүйізіне жеткізеді. Осы жерде ор-наласқан екінші нейрон өсінділері жұлын деңгейінде айқасқаннан кейін импульстерді таламусқа береді. Таламустан тері рецепторларынан келген импульстер үлкен ми жарты шарлары қыртысының қозғағыш аймақтарына жіберіледі.

Теріде рецепторлар біркелкі таралмаған, Оның 1 см ауданында 12-13 суық сезгіш, 1-2 жылу сезгіш нүкте болады.

6.8. Интерорецепция

Интерорецепторлар (ішкі рецепторлар) ОНЖ—не организмнің ішкі ортасының жағдайы жайлы хабарлап отырады. Олардың ерекеішің нөтижесінде ішкі мүшелер мен қан тамырларының қызметі реттелінеді.

Интерорецепторлар - өте сезімтал қүрылым, олар гомеостазды сактауда, вегетативтік әрекеттердің өздігінен реттелуінде маңызды рөл атқарады. Қабылдайтьш тітіркендіргіштерінің сипатына қарай олар баро- (қысымды қабылдайтын), механо- (механикалық осерлерді қабылдайтын), хемо- (химиялық заттар әсерін қабылдайтын) және осмо- (осмостық қысым ауыткуларын қабылдайтын) рецепторлар болып бөлінеді. Жалаңаш нерв үштары, Краузе сауытшасы, Фаттер-Паччини денешігі — интерорецепциялық торшалар болып та-былады. Ішкі рецепторлардан тараған импульстер қан айналымын, ас қорытуды, тыныс алуды, зат алмасуды т.б. рефлекстерді туды-рады. Интерорецепторлар тітіркенуіне шартты рефлекстер де қалып-тастыруға болады.

Соңғы жылдарға дейін ми қыртысында интерорецепторлардың өз өкілдігі, олардан келген сигналдарды қабылдайтын нақтылы аймақ болмайды деген ұғым қалыптасқан болатын. Терең зерттеулер интерорецепторлар аймағы ми қыртысының артқы сайында орын тебетінін көрсетіп отыр. Бірақ ми қыртысында ішкі ағзалар сигна-лын қабылдайтын арнаулы аймақтың болуына қарамастан, интеро-рецепторлар тітіркенуінен нақтылы, айқын түйсік туындамайды. Оның себебі, біріншіден, әр түрлі талдағыштар қызметін қамтама-сыз ететін нейрондар саны интерорецепторлармен байланысқан ней-рондар санынан бірнеше есе көп болады, сондықтан ми қыртысының әр түрлі талдағыштар қамтитьш аймағының ауданы интерорецепторлардан тараған импульстерді қабылдайтын аймақ ауданынан әлдеқайда үлкен болады. Екіншіден, ми қыртысына ішкі мүшелерден тараған импульстер арнаусыз, жалпьшама жолмен жеткізіледі, ал басқа сезім мүшелерінен импульстер арнаулы жолмен жетеді. Сондықтан да теріден, бүлшық етген, басқа сезім мүшелерінен арнаулы жолмен шапшаң жеткен импульстер ми қыртысының басқа импульстерге деген сезімталдығын төмендететін болу керек. Сонымен қатар, организмнің өзінде ішкі мүшелерден ми қыртысына бағытталатын импульстерді екшеп, богеп отыратын механизмнің болуы да ықтимал. Осының нәтижесінде ми қыртысы ішкі мүшелерден бағытталған көптеген импульстерден қорғалып, оның қызметіне тән жүйелілік, реттілік сақталынады.

7-ТАРАУ ЖОҒАРЫ ДӘРЕЖЕЛІ НЕРВ ӘРЕКЕТІ

7.1.Мидың шартты рефлекторлық әрекеті

XVII ғ. Рене Декарт рефлексті рецепторларды тітіркендіруден туындайтын реакция деп түсінді. Бірақ ол рефлекс ұғымын сананың қатысуынсыз жүреді деген көзқараста болды. Психикалық әрекетті мидың жоғарғы бөлімдерінің физиологиялық әрекеті ретінде қарап, оған талдау беруге бірінші қадам жасаған И.М. Сеченов (1829-1905) болды.

1863 жылы оның «Ми рефлекстері» деген еңбегі жарық көрді. Ол сананың өзі, яғни психикалық әрекеті көрінісінің негізінде рефлекс жататындығын дәлелдеді. Ол өз еңбегінде «саналы және санасыз» реакциялардың ұқсастықтарын атап көрсетеді, ол бірінші ұқсастық ретінде олардың себептілігін атайды. Келесі ұқсастығын ол рефлекс пен психикалық актінің жүзеге асуындағы қозудың жүріп өтетін жолының бірдейлігін алады: екі жағдайда да қозу қабылдаушы(сезгіш) нерв түзілісінен қозғалыс органдарына қарай беріледі. Бұл жерде айырмашылық тек рефлекторлық орталықта болады. Психикалық әрекеттерде рефлекторлық орталықтың ұйымдасуы қарапайым рефлекстерден күрделі келеді. Үшінші, «саналы» және «санасыз» рефлекторлық реакциялар қозғалыспен аяқталуы. Бұл саналы және санасыз әрекеттердің ұқсастықтары И.М.Сеченовқа психикалық әрекеттің рефлекторлық механизмді екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік берді.

Сеченовтың көзқарасын И.П. Павлов дамытты (1849-1936). Павловты жоғары дәрежелі нерв қызметі туралы ілімді жасаушы дейміз. Ол бұл ілімді жасай отыра тәндік және психикалық құбылыстардың бірлігін шынайы дәлелдеді. Ол ең алғаш рет үлкен ми сыңарлар қыртысының қызметін зерттеуге «шартты рефлекстер» әдісін қолданды. И.П. Павлов бүкіл рефлекторлық реакцияларды 2 негізгі топқа жіктейді: шартты жєне шартсыз рефлекторлық реакциялар.

Шартсыз рефлекстер – туа пайда болатын рефлекторлық реакциялар. Олардың туындауына арнайы жағдайлар қажет емес. Олар тұқым қуалайды, түрлік, дайын анатомиялық қалыптасқан рефлекторлық доғасы бар. Шартсыз рефлекстердің жасалуында негізгі рөлді ми діңі, жұлын, қыртыс асты ядролар, мишық атқарады.

Шартты рефлекстер – бұл организмнің қандай да бір сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштермен уақытша нервтік байланысы. Шартты рефлекстер жүре пайда болады, тұқым қуаламайды, жеке тұлғалық, тұрақсыз, дайын қалыптасқан рефлекторлық доғасы жоқ. Олардың жасалуында негізгі рөлді үлкен ми сыңарлар қыртысы атқарады. Шартты рефлекстер өзгеріп отыратын қоршаған орта мен тіршілік жаѓдайларына организмді бейімдейді. Шартты рефлекстердің қалыптасуына белгілі бір жағдайлар қажет. Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасады, сондықтан шартты рефлекстердің жасалуы үшін белгілі бір уақыт аралығында организмге 2 тітіркендіргіш әсер етуі қажет: индиферентті (талғаусыз) – келешекте шартты сигнал болатын және белгілі бір шартсыз рефлексті туындататын шартсыз тітіркендірігіш. Шартты сигнал шартсыз тітіркендіргіштен бұрын әсер етуі қажет. Шартты тітіркендіргішті шартты тітіркендіргішпен бірнеше рет ұштастырамыз (бекітеміз). Шартсыз тітіркендіргіш биологиялық тұрғыдан күшті; ал шартты тітіркендіргіштің күші оптималды болуы қажет. Шартты рефлекс қалыптасу үшін орталық нерв жүйесі сау болуы қажет. Шартсыз рефлекстің туындауында қажеттілік болу керек. Шартты рефлекстің тез жасалуы үшін ағзаға әсер ететін бөгде тітіркендіргіштердің болмауы қажет.

7.2. Шартты рефлекстердің тежелуі

Шартты рефлекстердің тежелуінің 2 түрін ажыратады:

1) Шартсыз тежелу:

а) Сыртқы тежелу. Бұл тежелу шартты рефлекске қатысы жоқ бөгде күшті тітіркендіргіш әсер еткен кезде орын алады. М: егер итте жарыққа сілекей болу шартты рефлексті қалыптастырса, жарықпен қоса күшті қоңырау дыбысын беретін болсақ, қалыптасқан сілекей бөліну рефлексі тежеледі.

б) Шамадан тыс тежелу шартты тітіркендіргішінің әсер ету уақытының тым ұзарған кезінде немесе оның күшінің шамадан тыс күшейген кезінде туындайды. Бұл кезде шартты рефлекс әлсірейді немесе толығымен жойылады. Бұл тежелу айқын қорғаныштық қызмет атқарады, себебі нерв жасушаларын, олардың қызметін бұзатын ұзақ та күшті әсер ететін тітіркендіргіштерден қорғайды.

2) Шартты тежелу. Шартты рефлекстің рефлекторлық доғасының ішінде туындайтын тежелу. Шартсыз тежелу тежеуші агент әсер еткен кезде бірден туындаса, шартты тежелу белгілі бір жағдайларды қажет етеді. Оның түрлері:

а) Өшпе тежелу - шартты рефлекс шартсыз тітіркендігішпен көп уақыт ұштастырылмаған кезде туындайды. Мысалы, ұмытудың негізінде осы тежелу жатыр. Бұл тежелудің организм үшін мәні: организм мәні (маңызы) жоғалған шартты рефлекстерден арылады.

б) Кешігу тежелуі - шартты тітіркендіргіштің шартсыз тітіркендіргішпен бекітілуі кешеуілдеген жағдайда туындайды. Тәртіптің негізінде, шыдамдылықтың негізінде жатқан тежелу.

в) Жіктеу тежелу - ұқсас шартты тітіркендіргіштердің біреуінің бекітіліп, екінші біреуінің бекітілмеуінен туындайды. Бұл тежелу ұқсас тітіркендіргіштерді ажыратуға мүмкіндік береді.

г) Шартты тежеу. Бұл тежелу (И.П.Павлов бойынша) жіктеу тежелудің бір түрі ретінде қарастырылады. Бұл тежелу шартты тітіркендіргіш қосымша тағы бір тітіркендіргіш арқылы ±штастырылѓанда (б±л ±штастыру шартсыз тітіркендіргішпен бекітілмейді), сол ќосымша тітіркендіргіштіњ дербес тежеуші мєнге ие болуында туындайды.

7.3. Адамның психикалық үрдістерін басқарудың жалпы принциптері

1) Адамның психикалық әрекеттері мен жоғары нерв қызметін басқаратын үш қызметтік блок.

2) П.К. Анохинның функционалдық жүйе теориясы және оның маңызы.

І. Адамның жоғарғы нерв және психикалық әрекеті мидың қыртысының ғана емес, сонымен қатар ОНЖ барлық бөлімдерінің үйлесімдік қызметі арқылы жүзеге асады. Бірақ, психологиялық әрекет негізінен неокортекстің жаңа қыртысының қызметімен байланысты. Адамның кез келген психикалық жоғарғы нерв әрекетінің қызметтік жағы біріккен 3 блоққа байланысты.

1) Адамның белсенділік жағдайын реттеп, басқаратын блок.

2) Ақпаратты қабылдау, өңдеу және сақтау блогы.

3) Психикалық әрекетті реттеу, бақылау, жоспалау блогы.

Адамның кез келген қарапайым психикалық реакциясы мидың белсенді күйінде жүзеге асады. Бұл белсенділік негізінен ми қыртыстарына қатысы бар. Ақырғы он жылғы зерттеулер мидың белсенді күйі мен ұйқы күйіне ми діңінің ретикулярлық формациясының қызметінің қатысы бар екенін анықтады. Ретикулярлық формация миды белсендіруші болып табылады. Бірақ үлкен ми сыңарлар қыртысының белсенді күйі тек қана ретикулярлы формацияға ғана тәуелді емес. Ми қыртысы белгілі бір әрекетті жүзеге асыру үшін өздігінен де, белсенді күйге көше алады. Өздігінен белсенді күйге көшуінің негізгі көзі ағзадағы өтіп жатқан зат алмасу үрдісінің әсерлері болып табылады. Яғни ағзаның ішкі ортасының гомеостатикалық тұрақтылығының бұзылуы немесе өзгеруі үлкен ми сыңдарларына белсендіруші әсер етеді. Мысалы, қанның құрамындағы қанттың мөлшері төмендеп кеткен жағдайда миға ағазадағы қоректік заттардың жетіспейшілігі туралы сигнал келеді, ал бұл сигнал үлкен ми сыңарларын белсендіреді. Соның нәтижесінде, ағза қоректік затты іздей бастайды және аштығын қанағаттандырады. Жалпы бірінші блоктың құрылымын үлкен ми сыңарлары қыртысы және қыртысасты құрылымдар құрайды. Сыртан организмге әсер ететін сенсорлы ақпараттар да бірінші блоктың белсенділігін арттыратын көз болып табылады. Сенсорлы ақпараттар арқылы белсенділіктің артуы бағдарлау рефлексі түрінде көрініс береді.

Бірінші блоктың белсенді күйге көшуінің негізгі бір себебі жоспарлар мен белгілі бір әрекеттің бағдарламасын құру болып табылады. Жоспар мен әрекет бағдарламасын құру бүкіл ми бөліктерінің, әсіресе үлкен жарты шарлардың маңдай бөлігінің әрекеттік күйін талап етеді. Белсенді күйді реттеу блогы ми қыртысына лимбика және ретикулярлық нейрон құрылымдарына тәуелді болады.

Екінші блок қыртыс және қыртыс асты кейбір құрылымдардың қызметтері арқылы жүзеге асады. Бұл блотың қыртысты аймақтарына ми сыңарлар қыртысының төбе, самай, шүйде бөліктерінің проекциялық және ассоциативтік аймақтары жатады. Бұл блок рецепторлық аппараттан кіретін бүкіл сенсорлық ақпаратты қабылдайды, талдап, талқылайды. Бұл блокқа есте сақтауды қамтамасыз ететін құрылымдар да енеді. Сонымен қатар бұл екінші блоктың физиологиялық әрекеті адамның бүкіл психикалық үрдісінің, соның ішінде сөйлеу және санамен тығыз байланысты.

Үшінші блок адамның психикалық әрекетінің жоғарғы басқаруын қамтамасыз етеді. Ол үлкен ми сыңарларының маңдай бөлігінің қатысуымен жүзеге асады. Маңдай аймағы екінші блоктың қыртыс аймақтарымен және қыртыс асты құрылымдарымен, сонымен қатар ретикулярлық формациямен тығыз екі бағытты нервтік байланыстар түзеді. Ми сыңдарларының маңдай бөлігі сенсорлық ақпараттың жоғары синтезін жүзеге асырады. Соның негізінде кез келген әрекеттің бағдарламасы қалыптасады және олардың жүзеге асуының бақылауы жүргізіледі. Адамның жоғары интеллекттік әрекеті сөйлеу қызметімен тығыз байланысты, сондықтан ми сыңарларының маңдай бөлігінің зақымдалуы сөйлеу қызметінің бұзылуымен бірге жүреді. Маңдай бөлігінің зақымдануы сонымен қатар, саналы әрекеттің бұзылуына, әрекеттің мақсатсыздығына, қимыл-қозғалыстың тежелуіне, эмоционалдық күйдің бұзылуына әкеп соғады. Адамның психикалық қызметін басқаруға қатысты бұл үш блок бір-бірімен өте тығыз байланысты болады. Кез келген психикалық реакция осы үш блоктың бірін-бірі толықтырушы қызметі арқасында жүзеге асады.

ІІ. Анохиннің функционалдық жүйе теориясы

ОРГАНИЗМНІҢ ФУНКЦИОНАЛЬДЫҢ ЖҮЙЕСІ

Функциональдық жүйе ұғымын ұсынып әрі - оның теориялық негізін қалаған және дамытқан П.К. Анохин болатын. Физиологиялық ғылымда ашылған бір құнды жаңалық болып табылады. Бұл теория организмнің әр түрлі күрделіліктегі, белгілі бір мақсатқа бағытталған іс-әрекеттік реакцияларының механизмін түсіндіруге қызмет етеді. Функциональдық жүйе— белгілі бір нақты бейімді пайдалы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді іске асыратын орталық нерв жүйесінің тиісті құрылымдары мен атқарушы (шеткі) органдардың (құрылымдар) динамикалық бірлестігі. Анохиннің түсінігі бойынша, функциональдық жүйе түзуші ең негізгі шешуші фактор — әрекет нәтижесі. Организмнің пайдалы нәтижеге қолы жеткенде оның тиісті қажеті өтеледі, қанағаттану іске асады. Осыған орай функциональдық жүйе «тарайды», мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды. Ал егер орындалған әрекеттердің нәтижесі организмді қанағаттандырмаса (пайдалы нәтижеге қол жетпесе), функциональдық жүйе басқаша құрылып мақсатты іс-әрекет одан әрі жалғаса береді. Кезкелген психикалық немесе қарапайым іс-әрекет функционалдық жүйенің құрылуымен, жүзеге асуымен жүреді. Кезкелген қандай да бір әрекеттің ұйымдасуын қарастырайың: адамның кезкелген тілегі қажеттілікпен негізделген, адамда олар қарапайым физиологиялық, мысалы, аштық, шол, т.б. және әлеуметтік болуы мүмкін.

Әрбір функциональдық жүйе қызметінің құрылымына міндетті түрде кіретін мынадай шешуші звеноларды ажыратады: яғни кез келген функционалдық жүйенің негізі мынадай: 1) афференттік талқылау; 2) шешім қабылдау; 3) әрекет нәтижесінің акцепторы; 4) соматикалық және вегетативті қызметтерді тұтас әрекеттік актіге жұмылдыратын әрекеттік қозудың кешенінің қалыптасуы; 5) әрекет нәтижелері және оның параметрлері (негізгі белгілері); 6) нәтиже параметрлерінің кері афферентациясы (соңғы афференттік импульстер).

Афференттік талқылау кез-келген іс-әрекеттік реакцияның бастапқы звеносы. Бұнда нені, қалай, қашан атқару керек дейтін сұрақтар жауабын табады. Афференттік талқылау іске асу үшін база ретінде төрт компонент қызмет етеді: 1) доминанттық мотивация және оның әсерлік деңгейін анықтаушы эмоция; 2) жағдайлық (нақты жағдай) афферентация; 3) іске қосушы афферентация; 4) ес аппараты. Бұл компоненттердің өзара әрекеттесуі үш түрлі нейродинамикалық факторлар көмегімен іске асады: а) бағдарлар-зерттеу реакциясы; б) қозудың нейронға конвергенциясы; в) қозудың қыртыс — қыртысасты реверберациясы. Осы механизмдер әр түрлі қозуларды біріктіріп әрі салыстыруға және нақты жағдайға сай келетін іс-әрекетті анықтауға яғни мүмкін болатын әр түрлі варианттардың ең қолайлы дегенін таңдап алуға көмектеседі де, «шешім қабылданады».

Шешім қабылдау кез келген іс-әрекеттік актыны орындаудың түйінді моменті. Бұл моментке тән болатын басты ерекшелік — шешім қабылдау механизмінің көмегімен келешек орындалатын әрекеттің мақсаты айқындалады, бағдарламасы қалыптасады. Шешім қабылдаумен қабаттаса шұғыл түрде қозудың өзара байланысты екі кешені туады: 1) әрекеттің адекватты бағдарламасы яғни эфференттік қозулар интегралы; 2) келешек әрекет нәтижелерін болжайтын спецификалық аппарат пен оның афференттік моделі.

Әрекет нәтижесін акцепторда бағалау үшін кері афферентация жүру керек яғни оған әрекеттің ақырғы нәтижелері туралы ақпарат түсу керек. Кері афферентация арнайы рецепторлық каналдар арқылы іске асады. Жеткізілген әрекет нәтижесінің барлық параметрлері сол нәтиженің афференттік моделімен (ондағы кодыланған параметрлермен) салыстырылады. Егер бұл параметрлер бір-біріне сәйкес, дәл келсе, организмнің бұл актысы аяқталады, ол енді іс-әрекеттің келесі кезекті актысын ұйымдастыруға, қалыптастыруға көшеді. Ал егер кері афферентацияда кодыланған нәтиже параметрлері шешім қабылданған кезде қалыптасқан, болжамдалған нәтиже параметрлерімен (әрекет нәтижесі акцепторындағы) сәйкес келмесе, онда «келісім бұзылу» жүреді яғни организмнің керекті пайдалы нәтижеге қолы жетпегені, қажет өтелмегені.

Бұл айтылғандардан туындайтын қағидалардың бірі: әрекет — адам мен оны қоршаған орта арасындағы шынайы байланысты орнататын, болмыста туатын белсенді қатынас формасы.

Мектеп бітірушінің әлеуметтік бір қажеттілігі жоғары оқу орнына түсу, яғни мектеп бітірушінің мамандық және оқу орнын таңдаудағы функционалдық жүйесін қарастырайық. Оқу орнын таңдауда мектеп бітіруші барлық оқу орындары туралы ақпаратты жинап, оларға талдау жасайды. Оқу орны мен мамандықты таңдауда барлық келісім және қарсы жақтарды ескереді. Ата-ананың көзқарастарын, достарының айтқандарын ой елегінен өткізеді. Оқу орны және мамандық туралы айтылғандарды есіне түсіреді. Яғни, бұл функционалдық жүйенің негізгі механизмінің ең алғашқысы афференттік талқылау кезеңі. Мектеп бітірушінің шешім қабылдауына өзінен үлкен сыйлы досының (университетте оқитын) немесе басқа да сыйлы адамдардың әңгімесі (оқу туралы, мамандық туралы, оның қажеттілігі, перспективасы туралы) «афференттік талқылау» таразысындағы «пусктік» стимул болады. Бұл нақты шешімнің қалыптасуына жағдай жасайды, яғни шешім қабылданды, мектеп бітіруші университеттің психология факультетіне түсуге шешім қабылдады. Шешім қабылдаумен бірге мектеп бітіруші қажетті әрекет бағдарламасын құрады да сол бойынша іс-әрекет жасай бастайды. «Әрекет бағдарламасымен» бір кезеңде «әрекет акцепторы» немесе келешек әрекет нәтижесінің моделі құрылады. Мектеп бітіруші әрекет бағдарламасы бойынша іс-әрекет жасай бастайды: құжаттарын тапсырады, емтиханға дайындалады. Бұл әрекет кезеңі. Әрекет кезеңі әрекет нәтижесін алумен аяқталады. Әрекет нәтижесін әрекет ақцепторында бағалау үшін кері афферентация жүру керек, яғни әрекет акцепторына әрекеттің ақырға нәтижелері туралы ақпарат түсуі қажет. Біздің мысалымызда мектеп бітіруші пайдалы нәтижеге қолы жетті, оның тиісті қажеті өтелді, қанағаттану іске асты. Осыған орай функциональдық жүйе «тарайды», мақсатқа бағытталған іс-әрекет тоқтайды.

7.4. Болмыстың бірінші және екінші сигналдық жүйелері

1) Болмыстың бірінші сигналдық жүйесінің әрекетінің көрініс беруі.

2) Екінші сигналдық жүйе. Оның маңызы, адам өмірінде алатын орны.

3) Бірінші және екінші сигналдық жүйелердің қызметтік бірлігі, өзара әсері.

Бірінші сигналдық жүйе адамдарда да, сонымен қатар жануарларда да бар. Бірінші сигналдық жүйенің әрекеті сөзден басқа (айтылу, жазылу, жесттік сөз (қимылдық)) тітіркендіргіштерге қалыптасқан. Олартты рефлекстер түрінде көрініс береді.





Дата публикования: 2014-12-30; Прочитано: 703 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...