Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 7. Бәсеке және монополия



Лекцияның мақсаты: Нарықты экономикада бәсекенің маңызы және түрлерін ашып қарастыру.

1. Бәсекенің мәні және мағынасы

2. Бәсекенің түрлері

3. Баға алалаушылығы

1. Нарық механизмінің негізгі элементтерінің бірі- бәсеке.

Бәсеке дегеніміз- тауар өндірушілер арасындағы жоғары пайда табу барысында өз өнімдерін өткізудегі жарысы.

Нарық құрылымының көптүрлілігіне байланысты бәсекенің 2 түрі бар:

а) жетілген бәсеке;

ә) жетілмеген бәсеке.

Бәсекенің бөлінуіне әсер ететін факторлар: фирманың көлемі мен саны, өнім түрлілігі, нарыққа кіріп-шығу шарттары, ақпарат алу мүмкіндігі, бағаға бақылау жасау деңгейі.

Жетілген бәсеке дегеніміз- бірнеше мың сатушылардан құралатын бәсеке. Жетілген бәсекеде фирма рыноктық бағаға әсер ете алмайды. Сатылатын тауарға бағаны рынок белгілейді.

Жетілмеген бәсеке дегеніміз- таза бесекенің кем дегенде бір шарты орындалмайтын бәсеке түрі.

Жетілген жіне жетңлмеген бәсеке арасындағы айырмашылықты келесі кестеден көруге болады:

2. Жетілмеген бәсекенің 3 түрі бар:

а) Монополиялық бәсеке- 10-100-ге дейінгі фирмалар арасындағы бәсеке. Олар тауарлардың ішінде қз тауарының артық екеніне көндіргісі келеді. Мұндай бәсекеге киім-кешек, сабын, кір жуатын ұнтақ сататын нарықтар жатады. Бір-біріне ұқсас тауарлар өндіретін, бірақ тұтынушылардың ойы боыынша әртүрлі тауарлар шығаратын фирмалар. Олардың тауарлары бір-бірінен сыртқы көрінісі арқылы ерекшеленеді.

ә) Олигополия – 1-10-ға дейінгі бірнеше ірі фирмалардың арсындағы бәсеке.

Олигополиялық нарыққа кірудің негізгі шарты- капитал деңгейі, жаңа техника және технология өндірісіне бақылау жүргізу. Өндіретін өнім түріне қарай олигополия 2-ге бөлінеді:

1. Таза олигополия- бұл кәсіпорында бірдей стандартты өнім өндіру.

2. Дифференциалды олигополия- бұл 1 бағытта әртүрлі өнім шығаратын фирмалар.

б) Монополия- жалғыз өндіруші фирма. Ол ұлттық экономикадағы жоғары орын алатын ірі корпарацияларды көрсетеді. Монополия болған кезде жалғыз 1 ғана өндіруші болады, ол ұсынылатын тауар көлемін толығымен бақылап отырады. Монополияға кіру үшін келесідей ерекшеліктері блуы керек: а) өнім өндіру масштабы; ә) құқықтық артықшылығы;

б) шығарылған өнімнің басқа тауарлардан ерекше болуының арқасында оған берілетін құқықтар (патент және лицензия);

в) негізгі шикізат түріне меншіктік қатынасы.

3. Қосымша табыс алу мақсатында, монополия, өзінің нарықтық күшін пайдаланып, бірдей тауарларды әртүрлі нарықта әртүрлі бағамен сатады. Әртүрлі бағаларды қолдану баға алалаушылығы деп аталады. Оның 2 түрі бар:

1) сатылатын өнім бірлігі бойынша алалаушылық;

2) тұтынушылар арасындағы алалаушылық.

Баға алалаушылығының пайда болуының 3 шарты бар:

а) фирманың күшті монополиялық күші болуы керек, баға белгілеу мен өндірісті бақылайтын;

ә) тауарды қайта сату болмау керек;

б) нарықты сегменттеуге өндірушінің икемі.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1. Бәсекенің мәні,мағынасы

2. Жетілген бәсеке

3. Жетілмеген бәсеке

4. Олигополия

5. Дифференциалды олигополия

6. Баға алалаушылығы





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 5683 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...