Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Клиникалық бақылаумен салыстырғанда жануарларға тәжірибе жасаудың артықшылығы



A) Аурудың алғашқы кезеңін зерттеу

B) Аурудың емделмеген түрлерін зерттеу

C) Аурудың даму сатыларын зерттеу

D) Тәжірибелік емдеуді жүргізу

E) Аурудың пайда болуында әлеуметтік жайттардың маңызын зерттеу

F) Ауруларды функционалдық әдіспен зерттеуді жүргізу

G) Ауруларды биохимиялық әдіспен зерттеуді жүргізу

H) Алынған нәтижелерді статистикалық өңдеу

A,B,D

2. Ауру сипатталады:

A) Зақымдану және қорғану-бейімделу құбылыстарының диалектикалық бірлігімен

B) Саты бойынша дамуымен

C) Гомеостаздың сақталуымен

D) Қорғану-бейімделу құбылыстарының болмауы кезінде зақымданудың болуымен

E) Бірнеше дерттік үрдістердің жиынтығымен

F) Еңбекке қабілеттілігінің сақталуымен

G) Зақымданудың болмауымен

H) Құрылымы мен қызметінің сәйкестігімен

A,B,E

3. Сауығудың ұзақ, тұрақты тетіктеріне жататыны:

A) Қауырт гипогликемияда контринсулиндік гормондардың шығуы

B) Асқазан қойыртпағымен тұншыққанда жөтелу

C) Созылмалы коронарлық жеткіліксіздікте ангиогенездің әсерленуі

D) Экзогенді гипоксия жағдайында қан түзуші тіннің гиперплазиясы.

E) Қауырт гипотензияда адреналиннің бөлінуі

F) Тұрақты артериялық гипертензияда жүрек етінің гипертрофиясы

G) Көзге бөгде зат түскенде кірпік қағу

H) Физикалық жүктемедегі тахикардия, тахипноэ

C,D,F

4. Тұқымқуалаушылықтың этиологиядағы маңызы:

A) Аурудың тек қана себебі

B) Аурудың тек қана жағдайы

C) Аурудың әрі себебі, әрі жағдайы

D) Полигенді ауруларды туындататын себеп

E) Онсыз ауру туындамайтын жайт

F) Сыртқы этиологиялық жайт

G) Ішкі этиологиялық жайт

H) Моногенді ауруларды туындататын себеп

C,G,H

5. Гипертермияның бейімделу сатысында организмдегі өзгерістерді атаңыз:

A) Тыныстың жиілеуі

B) Тахикардия

C) Шеткері қантамырларының кеңеюі

D) Бұлшықет межеқуатының жоғарылауы

E) Брадикардия

F) Ішкі ағзалар тамырларының кеңеюі

G) Бұлшықет дірілі

H) Гемодилюция

A,B,C





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 588 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...