Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Патологиялық физиология. 1. Патологиялық физиология зерттейді:



1. Патологиялық физиология зерттейді:

A) Сау организмнің құрылымдық ерекшеліктерін

B) Сау организмнің негізгі ағзалары мен жүйелерінің қызметін

C) Сау организмдегі метаболизмдік үрдістерді

D) Аурудың көріністерін

E) Аурудың пайда болуының жалпы заңдылықтарын

F) Аурудың дамуы мен аяқталуының жалпы заңдылықтарын

G) Ауру организмнің қызметтерін

H) Аурудың ажырату диагнозын

E,F,G

2. Дерттік үрдіс болып табылады:

A) Тіннің тыртықтық өзгерістері.

B) Аллергия

C) Жарыққа көз қарашығының ұлғаюы.

D) Жарақаттың немесе күйіктің әсерінен дамыған соқырлық

E) Қызба

F) Теріс эмоцияның әсерінен АҚ қысқа уақытқа төмендеуі

G) Ісіну

H) Тісті жұлғаннан кейінгі тұқыл

B,E,G

3. Өлімнің жанталас алды сатысының клиникалық белгілері болып табылады:

А) Тахипноэ

B) Чейн- Стокс және Биотт тынысы

C) Есінің анық болуы

D) Артериялық гипертензия

E) Артериялық гипотензия

F) Дене температурасының қоршаған орта температурасына дейін түсуі

G) Жүрек шығарымының азаюы

H) Тыныс пен жүрек соғуының тоқтауы

A,E,G

4. Дұрыс тұжырымды табыңыз:

A) Аурудың жағдайы оның арнайы белгілерін айқындайды.

B) Аурудың арнайы белгілері себептің организммен әсерлесуінен туындайды

C) Этиология – ауруды тудыратын жағдайлар жиынтығы туралы ілім.

D) Аурудың арнайы белгілері негізінен организм реактивтілігінің өзгеруімен анықталады.

E) Аурудың жағдайы – бұл, ауру онсыз туындамайтын жайт

F) Этиология – ауру пайда болуының себебі мен жағдайлары туралы ілім

G) Организмнің төзімділігі – қоршаған ортаның әсеріне тіршілігін өзгертіп жауап беру қабілеті

H) Организмнің төзімділігі – зақымдаушы жайттардың әсеріне организмнің төзімділігі

B,F,H





Дата публикования: 2014-12-11; Прочитано: 1471 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...