Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жеке еңбек шарты. 4 страница





74.Қылмыстың ұғымы, қылмыстарды топтастыру.

Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді.«Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.

Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсыздажасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

«Қамаудағы адамдарды әр түрлі категорияларға бөліп жынысына, жасына, бұрынғы сотталғанына, қамаудың заңды себептеріне байланысты әр жерде немесе бір мекеменің ішінде бөлек–бөлек орналастырылады». Топтастыру мен жекешелендіру мақсаты Ереженің 67 – тармағында белгіленген, онда былай делінген: Топтастырудың мақсаты -қамаудағыларды бұрын сотталғандардан немесе нашар мінез–құлқының нәтижесінде теріс әсер ету қаупі мүмкін болғандықтан оларды бөлу, қамаудағыларды категорияларға бөлу, оларды қоғам өміріне қайтару мақсатында олармен жұмыс істеуді жеңілдетеді.Сотталғандарды топтастыру қылмыстық пен қылмыстық – атқароу құқығы принциптерінің бір түрі жазаны жекелендіруді бір ізбен іске асыру үшін жүргізіледі.

Жазаны орындауды жекелендіру - ол еңбекпен түзеу құқығының нормалары белгіленген, әрбір сотталғанның жеке басын сипаттайтын мәліметін еске ала отырып жалпы режим ережесін қолдану және тиісті еңбекпен түзеу принциптерімен әсер ету.

Бас бостандығынан айыруға соттталғандарды топтастыру төмендегілерді қаматамасыз етуге арналған

қоғамға қауіпті қылмыскерлердің, қауіпті деп күдік тудырмайтын сотталғандарға теріс әсер ету мүмкіндігін болдырмау мақсатында оларды әр түрлі топтарға бөлу;

түзеу мекемелерінің тиімді жүйесін тұрғызу;

түзеуге әсер ету әдістері мен амалдарын жекелеп қатал қолдану,

жазалаудың мағынасын құрайтын қылмыстың және қылмыскердің, яғни жазалау шараларының қоғамдық қауіптілігінің дұрыс арақатынастығы;

жазаны атқаруға тиісті жағдай жасау.

Бас бостандығынан айыруға сотталғандар заң, педогогика және психологиялық өлшемдерімен топтастырылады.

Заң өлшемімен топтастыру – ол барлық бас бостандығынан айрылғандарды сыр-сипатымен жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесіне және қылмыскердің жеке басының қоғамға қауіптілігіне байланысты топтарға бөлуді айтады

Барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандар бұл белгіге байланысты былай бөлінеді:

өмір бойы бас бостандығынан айыруға және тез өткеруші адамдарға;

бұрын бас бостандығынан айыруды өткерген адамдармен оған бірінші рет сотталғандар;

әр түрлі ауыр дәрежеде қылмыс жасаған адамдар;

қылмысты қайталап істеп соттталған (рецидив) адамдар мен қайталанған аса қауіпті қылмыс және т.б.

Физиологиялық өлшеммен топтастыру – бұл барлық бас бостандығынан айыруға сотталғандарды жынысына, жасына, денсаулығына байлынысты бөлу. Бұл белгімен бас бостандығыанан айыруға сотталғандар былайша бөлінеді:

ерлер және әйелдерге;

кәмелетке жеткендер және кәмелеткен толмағандар;

еңбекке жарамдылар мен мүгедектерге;

дендері сау мен ауыр науқасы барларға;

әйелдерге, аяғы ауыр және 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерге.

Педогогикалық өлшеммен топтастыру – бұл бас бостандығынан айыруға сотталғандарды тікелей педогогиканың міндетіне байланысты, қандайда болмасын топтын біреуінде шешуге тура келетін, сондай – ақ педогогикалық әсер етудің тиісті амалдары мен әдістерін қолданудың орындылығымен бөлуге болады. Бұл өлшемнің негізінде сотталғандарды, олардың оған дейінгі және бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке қатынасы, түзеу мекемелеріндегі мінез – құлқы және т.б. байланысты бөлуге болады.

Психолгоиялық өлшеммен топтастыру – бұл әр адамның қасиетіне байланысты топқа бөлу. Мұндай бөлу жалпы және пенитенциарлық псхологияның мінез – құлық түрін топтастыру мәліметтеріне сүйенуі тиіс. Психологиялық өлшемге байланысты былай бөлінеді:

аса қауіпті мемлекеттік қылмысқа сотталғандарды және басқа әр түрлі қылмыстарға сотталғандарды;

қасақана қылмысқа сотталғандарды және абайсызда істелген қылмысқа сотталғандарды;

өмірге, денсаулыққа, адамның денесіне қол сұқпаушылығына қауіп төндіргені үшін сотталғандарды;

пайдақорлық үшін емес, қызметін немесе мамандық функциясын орындауға байланысты жаслған қылмысы үшін сотталғандар,

басқа да қылмысы үшін сотталғандар.

Сотталғандарды топтастыру тәрбие процесін дұрыс ұйымдастыруға жағдай жасайды, себебі ол сотталғандардың бір тобының екіншісіне жағымсыз, кері әсерін тигізбеуге және оларға жеке – жеке амал қолданып әсер етуге мүмкіндік береді.



75.Қылмыстың құрамы.

Қылмыс құрамы турлы түсінік және оның түрлері.

Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.

Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.

Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.

 Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.

 Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.

 Қылмыстың объективтік жағы - әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.

 Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Олқасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.

Қылмыстың субъективтік жағы.

Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі.

Кінә - бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік(ерік элементі).

Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін.

Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б.

Қылмыс субъектісі.

Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.

Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:

а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау;

ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар;

б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б.

Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады.

Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс - әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Көптеген ғасырлар бойы ақы – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.



76.Қылмыстық жазаның ұғымы, белгілері мен мақсаттары

Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамдарды құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.

Жазаның белгілеріне мыналар жатады:

1. Қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды;

2. Жаза тек қана жеке сипатта әке-шеше, туған-туыс емес тек қылмыскер ғана жазаға тартылады;

3. Ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан шектейді.

Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстың салдары. Дегенмен ол қылмыстың алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Белді шараларға әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік жұмыстар жатады, бірақ егер де қылмыскер иландыру әдістеріне, тәрбиелеу шараларына бой бермей бара жатса, оны қылмыстық жазамен тоқтатуға тура келеді.

Жазаның мақсаты:

- әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру;

- сотталған адамды түзеу;

- жаңа қылмыстар жасаудан сақтандыру.

Әлеуметтік әділдік жәбірленішінің бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруді көздейді. Ол мүліктік сипаттағы санкцияларда (айыппұл, мүлікті тәркілеу), ал өлім, жарақаттар үшін қылмыскерді құқықтары мен бостандықтарына ұзақ мерзімге айырудан көрініс табады.

Мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топтарға бөлінеді:

1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы әскери немесе құрмет атағынан айыру, дипломатиялық дәрежесінен және мемлекеттік наградадан айыру.

2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері. Бұған белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығынан айыру жатады.

3. Сотталған адамды материалдық жағыннан айыруға байланысты жазалар: түзеу жұмыстары, айыппұл, мүлікті тәркілеу.

4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлеріне өлім жазасы, бас бостандығынан айыру жатады.





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 1211 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.015 с)...