Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері және объектілері



Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен құқықтар азаматтық құқық объектілері бола алады.

Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, қаржы құралдары, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiкжатады.
Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады.
Субъектілер.Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.

Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері – пайдалануға не қорғауға субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер бағытталған нақты игіліктер. Құқықтық қатынастардың объектілері құқылы тараптардың мүддесімен байланысты болады және оның билігіндегі, мемлекет қорғауындағы игіліктер болып табылады. Оларға: заттар, ақша, бағалы қағаздар, материалдық емес игіліктер, жұмыс, қызмет т.б. жатады.

Азаматтардың меншік құқығының мазмұны мен объектілері. Меншік құқығы дегеніміз заң актілерімен танылған және қорғалатын субьектіге тиесілі мүлікті қалауы бойынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Меншік иесіне тиесілі мүлік дегеніміз оның меншігіндегі барлық обьектілер. Мүлік мүліктік құқықтар ретінде кең мағынада емес, тар мағынада−зат, қолма қол ақша, құжаттық бағалы қағаз түрінде түсіндіріледі. Меншік құқығынан тыс құқықтар билік ету құқығынан туындайды.Меншік обьектілері жалпы және арнаулы режмге бағынуы мүмкін. Арнаулы режим дегеніміз мүліктің қандай да бір түрін иемденуге, пайдалануға жіне оған билук етуге қатысты бекітіліген арнайы нормативтік ереженің болуы. Арнаулы режим бірқатар обьектілер үшін белгіленген. Мысалы, жылжымайтын мүлік. Меншікті ең маңызды обьектілері жер мен тұрғын үй б.т.

1. Азамат-қ құқықтық қатынастардың субъектілері -субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерге ие құқықтық қатынас қатысушылары.Олар:

-Жеке тұлғалар;

- Заңды тұлғалар;

-Мемлекет;

-Әкімшілік аумақтық бөліністер;





Дата публикования: 2014-12-08; Прочитано: 11063 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...