Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ТЕМА 1. Університетська освіта в контексті Болонського процесу. IEEE 802.16е-2005 жылдың желтоқсан айында қабылданды, мұнда мобильділікке көп көңіл бөлінген

IEEE 802.16е-2005 жылдың желтоқсан айында қабылданды, мұнда мобильділікке көп көңіл бөлінген, IEEE 802.16е құрылысы 2-6ГГц жиіліктерінде жұмыс істейді, үздіксіз көру режимінде жұмыс атқарады. Таратқыштың максимальды жылдамдығы 20 Мбит/с болғанда тұтынушы құрылғысы базалық станциядан 5км қашықтықта жойылуы мүмкін. Жалпы алғанда қолданушы өткізу қабілеті 1-ден 4Мбит/с-ке дейін жететін каналды қолдана алады. Қалаларда халық көп шоғырланғандықтан мәліметтерді тарату ұзақтығы бірнеше жүздеген метр-ге жетеді,ал халық аз шоғырланған қала шетіндегі аудандарда 1,5-3 км-ге жетеді. WiFi оған қарағанда мәліметтерді тарату жылдамдығы кем болмасада, офистік тұрғыдан алғанда оның жұмыс істеу радиусы 15м-ден аспай қалады. Басқаша айтқанда, қалалық масштабтағы WiFi технологиясын орнату үшін кем дегенде бірнеше жүздеген қол жету нүктелері қажет. WiMAX-тың WiFi-дан артықшылықтары бар, бұл кеңжолақты көп алыстатылған байланыс технологиясы.

802.16 стандарттар тобы нарықтың әр-түрлі сегментіне негізделіп жасалынған. Мысалы 802.16-2004 стандарты «соңғы миль» орнықты қолданушыларына, ал 802.16е мобильді абоненттерге қызмет көрсетуге арналған. (сурет 7). Сонымен бірге, IEEE 802.16 стандарт тобының тарату жылдамдығын және алыстан әсерлесіп жұмыс істеу параметрлерін жүйені реттеу арқылы жүргізуге болады. Мысалы, 802.16-2004:

а) Базалық станцияның мәліметтерді тарату жылдамдығын 75 Мбит/с-ке дейін жеткізу үшін идеалды жағдайда енінің кеңдігі 20Мгц-ке дейін болу керек. Мемлекеттік жиілік облысын басқару коммиттеті каналдық максималды кеңдігін шектей алады, сонымен ол максимальды мәліметтерді тарату жылдамдығы азаяды.

б) максимальды жұмыс істеу радиусы 50км-ге жету үшін параметрлері оптимальды болу керек және көбінесе мәліметтерді тарату жылдамдығы аз болса да жеткілікті (бірнеше Мбит/с); коммерциялық қолданыстағы жүйелердің жұмыс істеу радиусы орташа 5-ке дейін жетеді, егер офистік/үйлік қолданушылар тура көру зонасында (NLOS) болса, егер тура көру зонасында (LOS) болса,ондасыртқы антеннаға қосылған қолданушылардың жұмыс істеу радиусы 15-ке дейін жетеді.

Сурет 7. IEEE 802.16-2004 және IEEE 802.16e стандарттарының қолдану облыстарын салыстыру.

Дұрыс параметризацияны және бағытталған антенналарды қолдану арқылы, әртүрлі типті қолданушыларға операторлар әртүрлі сыйымдылығы бір каналдарды ұсына алады, мысалы:

а) тұтынушылар базалық станциядан алыстатылған (ондық километрлер) телефондық байланысты және интернетке үлкен жеткілікті жылдамдықпен қосылған қол жетуді ұсына алады. Егер тура көру зонасында сыртқы бағытталған антеннасы болса, онда антеннаны коллективтік қол жету нүктесі ретінде қарастыруға болады.

б) базалық станциядан онша алыстатылмаған (5км-ден 20 км-ге дейін) қолданушыларды кеңжолақты қолжету байланыс қызметімен қамтамасыз етуге болады,сонымен қатар коллективтік қол жету ретінде антеннаны қолдануға болады. Сонымен бірге қолданушы мобильді бола алады, ол сигнал деңгейімен шектелген болады.

Кең жолақты сымсыз қолжету торабының WIMAX құрылымы 3-суретте көрсетілген. Базалық станциялар WIMAX технологиясы арқылы бір-бірімен біріктіріліп торап құрайды (базалық станциялар тура көру облысында(LOS)болуы тиіс), сонымен бірге орнықты тораптарды да қолдану ескерілген (мысалы, оптикалық және мыс кабельдері).

Тағы да WIMAX тың бір ерекшелігі, ішіне орнатылған QOS қолдауы бар, ол VOIP, TDM, Voice оптимальды типтеріне олардың тарату каналында максимальды кідіріс уақытын қамтамасыздандырады, сонымен бірге берілетін мәліметтердің приортизациясын жасайды. Осы уақытқа дейін QOS қолдануы WiFi –дың IEEE 802.16е стандартында қарастырылған болатын. Сонымен бірге 802.16 стандарты әртүрлі шифрлеу әдістерін (3DES, RSA және AES) қолдайды. Қосымша қауіпсіздік деңгейі X.509 протоколында аутентификация арқылы қолданушылар құрылғыларының арасында сертификат алмасу қарастырылған. Оның ішінде EAR (Extensible Authentification Protocol) аутентификация протоколы да бар. Жалпы айтқанда WIMAX технолгиясы қауіпсіздік жағынан WiFi-дан сенімдірек, қолайсыздығы - лицензиялы жиілік спектрінің болуында.

Сурет 8. WIMAX желісіндегі сымсыз кеңжолақты рүқсатты ұйымдастыру.

Қазіргі уақытта IEEE 802.16 жұмыстық коммиттеті жаңа 802.16f және 802.16h спецификацияларын жетілдіріп жатыр. Бұл спецификациялар MIB (Management Information Base,ақпараты басқарудың базасы) қолжету тораптарымен жұмыс істеуге және жылдамдығы 300км/сағ-қа жететін мобильді (қозғалыстағы) клиенттерге арналған. Болжап айтқанда максимальды тарату жылдамдығы 10 тб/с-ке жетуі мүмкін.

Мамандардың айтуы бойынша WIMAX – тың әртүрлі модификациялары келешекте сымды локальды тораптарды ғана емес, сонымен бірге мобильді тораптарды ауыстыруы мүмкін. Қарқындап дамып келе ұялы байланыстың үшінші кезеңі бөлек қолданушыға 400 ден 700 кбит/секундқа дейін жылдамдықпен мәліметтерді жеткізіп бере алады. Кейбір кезде оның өзі де жеткіліксіз болады. Ал мобильді WIMAX технологиясы бөлек жағдайларда оған қарағанда он есе үлкен жылдамдықты қамтамасыздандыра алады.

ТЕМА 1. Університетська освіта в контексті Болонського процесу.

План:

1. Предмет, основний зміст і задачі курсу.

2. Основні витоки та періоди становлення освіти в Україні та світі.

3. Нормативно-законодавча база освіти в Україні.

Вопрос дискуссия: Какое высшее образование лучше: фундаментальное или узкоспециализированное? Если бы Вы имели возможность где бы Вы хотели обучаться: в Европе или Украине?


Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 203 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...