Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпкерліктің ұжымдық – экономикалық формалары



1.Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

2.Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми –техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

3.Консорциум – бұл ірі финанс операцияларын істеу үшін (мысалы, өте ірі жобаға инвестиция) біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

4.Синдикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

5.Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандардын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

6.Финанс - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Нарықтық экономиканың негізгі экономикалық буыны болып кәсіпорын (фирма) табылады. Кәсіпорын (фирма) дегеніміз - бұл пайда табу мақсатымен өндіріс факторларын қолданып шаруашылықта еркіндік алған экономикалық субъект. Ұйымдастыру формасына байланысты кәсіпорындар әртүрлі формаларға бөлінеді, олардың ішінде ең бастылары: жеке бизнес, серіктестік, акционерлік қоғам.

8.1. кесте Кәсіпорындардың негізгі формалары

Формалар Артықшылықтары Кемшіліктері
Жеке шаруашылық -бизнем, иесі бір адам. - Іс әрекеттің еркінділігі, - тәуелсіздік, - барлық пайдаға ие болу - Мүліктік жауапкершіліктің шексіздігі, - несие алу мүмкіншілігінің шектеулілігі.
Серіктестік дегеніміз -бірнеше адамның немесе заңды тұлғалардың бірлесіп шаруашылық жүргізу үшін ұйымдастырылған фирма: - жауапкершілігі шектеулі, - толық жауапкершіліктегі, - жауапкершілігі аралас серіктестік. - Ұйымдастырудің қарапайымдылығы, - қосымша қаржы, құралдардың тарту жеңіл, - мамандандырылу-дың деңгейі жоғары, - өндіріс көлемін кеңейту мүмкін-шілігі мол. - әр бір құрылтайшының мүліктік жауапкершілігі, - серіктес мүдделерінің бір бірімен сай келмеуі, - құрылтайшылар үлесін анықтау қиыншылығы, - бір құрылтайшының кетуінен серіктестіктің жабылу мүмкіншілігі.
Акционерлік қоғам- акция шығару арқылы орталықталынған капиталға негізделген фирма: ашық және жабық. - Бағалы қағаздарды сату арқылы капитал тартудың шексіз мүмкіншілігі, - фирманың іс-әрекет шаруашылық жүргізудегі тұрақтылығы (бір акционердің кетуінен фирма жабыла қаймайды.) - Басқарудың және ұйымдастырудың тым күрделілігі, - акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі, - кәсіби кұпияның ашылу мүмкіндігі.

Ұжымдық кәсіпорындар кооперативтік, мемлекеттік кәсіпорындар түрде болуы мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында формалар бизнес-жоспар жасайды. Өндірістің мақсаттарын анықтау және оларды орындау шараларын белгілеу үшін бизнес жоспарды жасау – жалпы қолданатын құрал. Бизнес-жоспар инвестицияның қажеттілігін дәлелдеу үшін қолданатын фирманың негізгі құжаты болып табылады және ол 3-5 жылға жасалады.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1797 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...