Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тақырып 3 Корпорацияның негізгі капиталы. Негізгі құралдар - өндірісте ұзақ уақыт бойы /бір жылдан астам уақыт/ пайдаланылатын өзінің



Негізгі құралдар - өндірісте ұзақ уақыт бойы /бір жылдан астам уақыт/ пайдаланылатын өзінің бастапқы заттай нысанын /пішінін, түрін/ сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтер.

Жұмыс істейтін негізгі құралдар - өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар.

Жұмыс істемейтін негізгі құралдар -тоқтатылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар.

Сақтауда тұрған негізгі құралдар -келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар.

Инвестиция – капитал салымын оны ұлғайту мақсатында салым салу болып табылады. Инвестициялық қызмет – кез-келген корпорациядағы қорлардың жеке айналымдылығының негізі.

Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді.

Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына тікелей байланысты кез-келген шығындардың жиынтығынан тұрады.

Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл корпорацияның белгілі бір уақыттағы яғни бүгінгі күнгі негізгі құралдың нарықтық бағасы болып табылады.

Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл корпорацияның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.

Негізгі құралдардың қалдық құны – бұл негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез-келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 756 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...