Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүктердің химиялық қасиеттері

Жүктердің химиялық қасиеттері

Жүктердің химиялық қасиеттеріне өздігінен қызуы, өздігінен жану, жүктердің қышқылдану қасиеттері, коррозия жатады.

Жүктің өздігінен қызуы және жануы (самонагревание и самовозгорание) жүктің ішкі құрамында химиялық реакциялардың және биологиялық процестің жүруі кезінде сыртқа жылу шығарылуының әсерінен туындайды. Өздігінен жанатындарға дән, талшықты материалдар, пішен, күнжара, қара және құба көмір, шымтезек, тақтатас, кейбір кендер мен концентраттар жатады.

Ауылшаруашылық өндірісіндегі жүктердің өздігінен жануының себебі, оның жылу өткізкіздігіштігі аздығынан. Жылу өткізгіштің аздығының әсерінен жүк массасында жылу жинақтала береді де оның температурасы артады, бұл өнімнің бұзылуына, қызуына немесе өздігінен жануға әкеп соғады.

Қызуы мен жанудың алдын алу шаралары: сақтау және тасымалдау үшін қолайлы жағдай жасау, жүктерді белсенді түрде желдетіп отыру ондағы биохимиялық процесті баяулатады және алдын алады, микроорганизмдер мен зиянкестердің өмірсүргіштік қарқындылығын төмендетеді, бөлінетін көмірқышқыл газ бен жылудың өз уақытында жойылуын қамтамасыз етеді.

Коррозия – металдар мен металл бұйымдардың сыртқы ортамен химиялық және электрохимиялық әрекеттесу салдарынан бұзылуы.

Металға хлор, оттегі, бром және басқа химиялық элементтерінің қосылуы процесін коррозия немесе металдың тотығуы деп атайды.

Коррозияны тудыратын жүктерге мыналар жатады: азоттық және калийлік минаралдық құнартқыштар, өңделмеген тұз, аммиак селитрасы және т.б.

Теміржол тасымалына атмосфералық коррозия тән, бұл процес электрлі химиялық процеске негізделген, ондағы электролит боп жұқа пленка немесе бөлек ылғалдың тамшылары саналады. Коррозия жылдамдығы ауаның температурасы мен ылғалдылығының артуына байланысты және ауаның көмір тозаңдарымен, күлмен, хлоридпен және газдармен (әсіресе, күкірт) ластанғанда көбейеді.

Металдар мен металл бұйымдарды тасымалдау процесінде коррозиядан сақтау мақсатында оларды түпкілікті мұқият орап, қажетті жағдайда вагонның төбесін және қабырғасын тығыздайды, ашық бөліктерін антикоррозиялық маймен жабады, белсенді тотықтырғыштар боп саналатын жүктерді бөлек тасымалдауды қолға алады.

Жүктердің қышқылдану қасиеті – өзінің құрамындағы артық оттегіні басқа заттарға қиындықсыз беру қабілеті. Оттегі қоспалары жанармай материалының жануын туғызып, ауасыз ортада жанармай материалының тұрақты түрде жануын қалыптастырады.

Белсенді тотықтандырғыштарға сұйық қышқылдар, сілтілер, тұздар, минералдық құнартқыштар, сутек тотығы (перекись водорода) жатады.

Температурный выброс пути


Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 843 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...