Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы



1. Бұқаралық коммуникация әлеуметтануының ерешеліктері.

2. Бұқаралық коммуникация құралдары.

Коммуникация (лат. communicatio "жалпы жасаймын, байланысытырамын"), кең мағынада әртүрлі ақпаратты қабылдау және тарату мүмкіндігі бар қарым-қатынас тәсілдері. Коммуникация теқ көптеген гуманитарлы пәндердің объектісі ғана емес, сондай-ақ нақты ғылымдардың объектісі..

Әлеуметтік коммуникация, - деген қоғамда әлеуметтік маңызды бағалармен нақты жағдайлар, коммуникативті салалармен қарым-қатынас нормалары бекітілген адамдардың коммуникативті іс-әрекеттері.

БКҚ үш түрі бөліп көрсетіледі: қоғамның позитивті жағынан интеграцияның жоғарлатпайтын БКҚ, қоғамның позитивті және негативті жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ; қоғамның позитивті жағынан интеграцияның жоғарлататын БКҚ.

Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй - адамдар қауымының басым көпшілігін қамтитын психологиялық жағдай. Адамдар үшін субъективті сигналды реакция жайлылық пен жайсыздықты, әрі негізгі үш жағдайды білдіреді: біріншіден, жалпы өмірдің әлеуметтік-саяси жағдайларымен көңіл толушылық немесе көңіл толмаушылық деңгейін білдіреді; екіншіден, анықталған жағдайдагы адамдардың әлеуметтік-саяси талаптарын жүзеге асыру мүмкіндіктерін субъективті бағалау; үшіншіден, талаптарын жүзеге асыру үшін жагдайларды өзгертуге ұмтылу.

Саясаттағы бұқаралық көңіл-күй "саяси сана", "саяси мәдениет", "саяси мінез-құлық", "саяси жүйе" сияқты ұғымдарга қатысты субкатегория болып табылады. Бұқаралық көңіл-күй кеңестік қоғамтанудағы дәстүрлі "қоғамдық көңіл-күймен" сәйкес емес. Олар тек әлеуметтік-ережелік бөліктерден тұрмайды, оған басқа құрамдас бөліктер кіреді.

Бұқаралық көңіл-күй табиғаты екі фактор арасында айырмашылық туындаған жағдайда көрінеді: адамдар талаптары (белсенді емес түрде - күту) бір жағынан басым көпшілікке ортақ бұқаралық мұқтаждықтар мен мүдделермен, екінші жағынан өмірдің шынайы жағдайларымен байланысты. Уайымдау түріндегі реакция сан алуан түрде болуы мүмкін: жеккөруден қуануға дейін. Белсенді емес көңіл-күй түрлері: селқостық пен апатия. Жалпы саясаттағы бұқаралық көңіл-күй әлеуметтік-саяси шындықты көптеген адамдардың, бұқараның мүдделері арқылы субъективті бағалау нәтижесі.

Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептері

Бұқаралық көңіл-күйдің пайда болу себептерінің негізінде екі фактордың өзара әрекеті жатыр. Бір жағынан, объективті фактор, яғни іс-жүзіндегі шындық. Екінші жағынан, субъективті фактор, яғни адамдардың іс-жүзіндегі шындық туралы түсініктері. Қоғамда бұқаралық көңіл-күйді білдіру оның әлеуметтік-саяси құрылымының біртектілігімен байланысты. Жүйе жіктелген, плюралистік болған сайын онда өзіндік мүдделері мен талаптары бар әртүрлі топтар да көбейеді. Олардың әрқайсысының өз көңіл-күйі болады.

Бұқаралық көңіл-күй нақты бір топтар арасында пайда болып, жылдам тарау арқылы бұқараны өзінің субъектісі ретінде дайындайды. Бір жағдайда жиналған немесе жиналмаған топ болса, екінші бір жағдайда ол бұқаралық әлеуметтік-саяси қозғалысқа айналады. Кей жағдайда бүкіл қоғам немесе қоғамның басым бөлігі бұқаралық көңіл-күйдің субъектісіне айналады.

Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері

Бұқаралық көңіл-күйдің негізгі қызметтері - саяси-психологиялық дайындық, адамдардың үлкен қауымдастығының әлеуметтік-саяси әрекетін қалыптастыру және себебін қамтамасыз ету. Бұқаралық көңіл-күй топты біріктіре отырып бұқаралық әрекетке айналады. Бұқаралық көңіл-күйдің саяси мінез-құлықты реттеу және көрсету қызметтері саяси жүйені модификациялауға әкеледі. Стратегиялық саяси-психологиялық бағалау қызметі саяси шындыққа қатысты, оны түсіну тәсілін, қандай да бір саяси ойды қалыптастырады.

Бұқаралық көңіл-күйдің ықпал ету мүмкіндіктері бар. Олар насихаттық-идеологиялық (талаптарды алдап-арбау) және әлеуметтік-саяси (шынайы өмір деңгейін алдап-арбау). Бұқаралық көңіл-күйді талаптар мен оларға қол жеткізу мүмкіндіктерін теңестіру арқылы тұрақтандыруға болады.

Адам әлемі – коммуникация әлемі. Л. Витгенштейн айтпақшы, адам өзін-өзі адам ретінде тек қана басқа адамдармен коммуникациялық байланыс жүйесіне енгеннен соң сезінеді екен. Біз өзімізге үйреншікті туған-туыс, дос-жаран арасында отырғанда коммуникацияның көптеген вербалды (сөйлеу мен сөзге негізделген) және бейвербалды (сөзге негізделмеген) компоненттерден тұратын кешенді әрі үзіліссіз үрдіс екендігіне мән бермейміз. Бәлкім, біз өзімізден тілі, ділі, діні, мәдениеті бөтен шетелге сапарға аттанғанда ақпараттың тек қана тіл арқылы ғана емес, сонымен қатар, көптеген басқа өз арнамен жететіндігін түсінеміз. Коммуникация дене мен қолдың қимылы, ишаралар (бас изеу, бас шайқау, қол сермеу және т.б.), көзқарас, бет-бейнедегі мимика сынды көптеген құрамдас бөліктерден тұратындығын сонда нақ түсіне бастағандай боламыз.

«Коммуникация» термині қарым-қатынас құралы ретінде де кең қолданылады. Коммуникацияны «араласу», «сөйлесу», яғни белгілі бір ақпаратты жеткізу барысында тілді іске қосу деп те қарастыруға болады. Әрине, коммуникация терминіне терең талдау жасайтын болсақ, оның лингвистикалық тілді пайдалану арқылы белгілі бір ақпарды жеткізумен шектейтін мәнімен қоса әлеуметтік-психологиялық мағынасы да барлығын көреміз – адам тұлғаларының эмоционалды, аффективті-құндылықтық реңкі басым қатынасу, іштесу, араласуын да білдіретіндігін көреміз. Осы айтылғанмен жалпылама анықтаманы шектегенді жөн көргендіктен, коммуникация деп біздер адамдар арасында таңбалық-белгілік құрылымдар арқылы ақпар алмасу ісін жүзеге асыратын негізгі қарым-қатынас жолын айтамыз.

Сонымен, араласу мен коммуникация арасында ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар. Қорытындылай келе, анықтайтын болсақ, коммуникация деп тұлғааралық байланыста да, көпшілік байланыста да түрлі коммуникативтік құралдар арқылы ақпаратты жеткізу мен қабылдаудың әлеуметтік шартталған процессін айтады. Коммуникация – адам «Мен»-інің өзін «Басқадан» табуына көмектесетін, қарым-қатынасты білдіретін философиялық категория десек те болады. Коммуникация Ясперстің экзистенциализмінде, сондай-ақ, қазіргі француз персонализмінде мейілінше толық көрініс тапты.

Коммуникация мен адамдар арасындағы аралас-құраластық қарым-қатынасы – мәдениеттің маңызды бөлігі. Олардың маңыздылығы сонша, көп жағдайда мәдениетті коммуникациямен теңдестіру сарыны да жиі кездеседі. Мәдени қарым-қатынастарды зерттеудегі танымал маман Э. Холл мәдениет дегеніміз коммуникация, ал коммуникация дегеніміз мәдениет деп теңдестіре қарастырады.

Коммуникация процесін түрлі үлгіде көзге елестетуге болады. Солардың бірін келтіре кететін болсақ, оны интерактивті үлгі деп атаймыз. Интерктивті үлгідегі коммуникация бірінен кейін бірі келіп отыратын төмендегідей өзара байланысты сатылардан тұрады:

Жіберуші көз – ақпарды жіберу үшін даярлаушы (ол жеке адам да, ұйым да бола алады).

Кодтау – жіберілетін ақпарды белгілі бір таңбалық түрге айналдыру.

Ақпар – коммуникацияның не үшін жүзеге асырылып жатқандығына себепкер идея, жаңалық, хабар. Ол рәміз, таңбалардан тұрады, сөйтіп, не ауызша, не жазбаша, не көзге көрінетін визуалды қалыпта болады.

Арна – ақпаратты тасымалдау жолы. Ол тұлғааралық сипатта да, көпшілік сипатта да болуы мүмкін.

Кодын алып тастау – ақпаратты қабылдау барысында түсінікті ету жолы.

Қабылдаушы – ақпардың кімге арналғандығы.

Кері байланыс – қабылдаушының алған ақпаратына деген реакциясы: ақпарат оның білімін, ұстанымын, іс-әрекетін өзгертуі мүмкін.

Бұдан басқа коммуникация процессінің психологиялық компоненттері де болады. Оларға:

коммуникативтік ниет – басқа біреумен қарым-қатынасқа түсу пиғылы;

ақпараттың жобасы – автордың қабылдаушыға жібергісі келген таза бастапқы күйдегі ақпарат, сол ақпараттың идеясы;

ақпараттың көздеген мақсаты жатады. Соңғысы әдетте екі топтан тұрады: жақын арадағы мақсат және ұзақ уақытты көздеген түпмақсат. Көбінде адамдар түпмақсатты жасырын ұстауға тырысады.

Коммуникация туралы айта бастағаннан-ақ оның рәміздік табиғатына жүгінуге тура келеді. Адамдардың реттелген түрде қарым-қатынас жасау қажеттілігі, табылған білімді сақтау және мұралау талабы, әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу керектігі адамзат мәдениетіндегі көптеген таңбалардың, рәміздердің дүниеге келуіне әсер етті.

Рәміз – мәдениеттегі ең көпмағыналы ұғымдардың бірі. Ол қандай да бір затты, процессті әлде құбылысты білдіретін шартты белгілер. Олардың басты қызметі өзі арқылы басқаның орнын басу, басқаның орнына жүру. Мысалы, кітап сөзі нақты шындықтағы кітаптың орын басатын белгі-сөз. Кітапты сурет (икона) ретінде де жеткізуге болады. Рәміздер өзінің тасымалдауға жеңілдігінің арқасында нақты заттардың ауырлығын, қомақтылығын білдіртпейді деуге болады.

Рәмізге байланысты тағы бір айта, түсіндіре кететін терминдер денотация мен коннотация. Денотация деп рәміздің жалпыға түсінікті нақты мағынасын айтамыз, ал коннотация деп барлығы үшін емес, шағын ғана топ үшін өзекті мағына туралы айтылады. Сондықтан да ол денотацияға қарағанда субъективті әрі эмоционалды табиғатқа ие. Халық арасындағы қарапайым мысалды түсінікті болу үшін келтіре кететін болсақ, «базар» сөзі Шығыс халықтарында сату-сатып алу орнын білдіреді. Бұл мағына көпшілік түсінігіне ортақ. Ол – денотат. Ал ол сөзді қазіргі қоғамдағы кейбір топтар басқа мағынада – «айтылған сөз» мағынасында пайдаланып жүр. Бұл «базар» сөзінің коннотациясы.

Адам қарым-қатынассыз тіршілік етпейді. Қарым-қатынас үстіндегі кез келген әрекет ақпарат болып табылады. Өйткені адам әлемі мәнділік әлемі. Сол мәнді беруші де, мәнге назар аударушы да, пайдаланушы да адамның өзі. Адамның сөйлемеген кезінде де, оның үнсіздігінен де көп нәрсені аңғаруға болады, өйткені оның барлығы қоршағандарға әсерін тигізбей қоймайды. Кейде өзіңе қабақ астынан үндемей қараған жанның бұдан гөрі маған айғайлап ұрысқаны дұрыс еді дейтіндей жағдай да болатындығы мәлім.

Коммуникация арналары туралы бір-екі ауыз айта кетер болсақ, онда бұқаралық ақпарат көздері (баспасөз, радио, теледидар және т.б.) мен тұлғааралық қарым-қатынас жолын айта аламыз. Оған вербалды, бейвербалды және паравербалды ақпарат тасымалдау көздерін жатқызамыз.

Вербалды ақпарат көздеріне – тілді, сөзді, айтылған әңгімені жатқызамыз. Ал тіл пайдаланылмаған жағдайда бейвербалды каналдар: мимика, қол қимылы, дене қимылы, көзқарас, арақашықтық, өзі-өзі ұстау мәнері, киім киіс үлгісі мен иіс те кіруі мүмкін. Күліп амандасқаннан жақтырмай суық амандасқанды ажырату оңай ғой. Айтылатын сөз біреу, ал қалдырған әсер – түрліше. Ал паравербалды арналарға интонация, дауыс ырғағы, сөйлеу шапшаңдығы кіреді.

Коммуникацияның атқаратын басты қызметтері төмендегідей болып келеді:

1. Ақпараттық қызмет

2. Әлеуметтік қызмет

3. Экспрессивті қызмет

4. Прагматикалық қызмет

5. Интерпретациялық қызмет

Ақпараттық қызмет – адамдар арасында ақпарат алмасуды жүзеге асырады, ал әлеуметтік қызмет – адамдар арасында өзара қарым-қатынасқа түсу қабілетін арттырады. Осы соңғы қызмет біздің пікірлерімізді, дүниетанымымызды, қандай да бір орын алған оқиғаға деген қатынасымызды құрастырады.

Экспрессивті қызмет адамдардың ақпарат алмасу барысында бір бірінің эмоционалды көңіл-күйін түсінуін білдіреді. Қарым-қатынас барысында эмоциялардың қаншалықты маңызды екендігі кімге де болса мәлім. Эмоцияны сөз қылып айтпай-ақ бет әлпетімен де жеткізуге болады.

Прагматикалық қызмет арқылы коммуникацияға қатысушылардың іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау мінез-құлығы шектеледі. Ол сол коммуникацияның көздеген түпмақсатына сай жүргізіледі.

Интерпретациялық қызмет коммуникацияға бірге түскен адамды түсіну үшін қажет. Коммуникация құралдарының түр түрі қоршаған шындықтың оқиғасы туралы ақпарды жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар, оны белгілі бір мағынада түсіндіреді, интерпретациялайды.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 8245 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...