Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

II АПТА



ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ ТАМЫРЫ

1-сабақ

Айтыс өнері. Септеулік шылау

1. Шылаулардың түрлерін еске түсіріңіз.

ШЫЛАУ

Септеулік шылау Жалғаулық шылау Демеулік шылау
Атау с., Барыс с., Шығыс с., Көмектес септіктерде тұрған сөзбен ғана тіркесіп қолданады. Үшін, сайын, дейін, туралы, сияқты, кейін, соң, бері, бірге, қабат, қатар Сөздер мен сөйлемдерді байланыстырады. Және, да, бірақ, дегенмен, алайда, өйткені, себебі, сондықтан, сол үшін, не, немесе, я, яки, болмаса кейде, бірде, біресе, егер. Сөздерді байланыстырмайды., қосымша мағына береді. Ма, ме, ба, бе, -ақ, ау, -мыс, түгіл, ғана, тек, -ды, ді, ты, ті

2. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

3. Екі қатардағы шылаулар мен сөздерді сәйкестендіріңіз.

мен сайын

өзім туралы

мыңға кейін

онға дейін

түстен жөнінде

сонымен жуық

кешке тарта

4 Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Айтыс, оның түрлері мен көркемдік ерекшеліктері

Айтыс – халық ауыз әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады. Айтыстың бірнеше түрлері бар: жануарлар айтысы, жұмбақ айтыс, өлі мен тірінің айтысы және салт айтысы.

Салт айтысының екі түрі бар, олар қыз бен жігіт айтысы мен ақындар айтысы. Бұл айтыс әсіресе XIX ғ. кеңірек етек жайған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. Олар түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған.
Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. Тек қазақта ғана емес, бүкіл Шығыс елінде бар айтыс қазір өзінің жанрлық қасиетін, түрін қазақ әдебиетінде ғана сақтап қалып отыр.
Айтыстың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтыста ақындар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Мұның бәрі ақындардан сөзге білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажет етеді, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді.

"Біржан мен Сара" айтысының негізгі түйіні – әйелдің бас бостандығы. Біржан мен Сара айтысы ақындық көркем тілдің және бір түрі — ирония мен сарказмды шебер де ұтымды қолданған. Әсіресе айтыстың соңында Сараның Жиенқұлды шақыр деген жеріндегі сөз, сөйлем құрылысын алсақ, түгелдей ирония, сарказмға құрылады.

Көрінсін Біржан салға ай секілді,
Ақ құйрық көңіл ашар шай секілді,
Ұсынса, қол жетпейтін арғымағым,
Біржанға баламаймын тай секілді...

Өткен ғасырда екі ақын бірлесіп, әйелдің бас бостандығын жырлады, ескі феодалдық салтқа қарсы шықты, өз дәуірі үшін прогресшіл идея танытты.
Құрылысы, түрі жағынан алғанда, бұл айтыс – салт айтыстың ең биігі.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Айтыс – айтыс (состязание акынов)

Тақырып – тема

Өлі мен тірі – живые и мертвые

Тосыннан -внезапно

Тапқырлық – здесь: находчивость

Ұсталық – мастерство

Ұтымды – уместно

5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Сіз айтыс тыңдайсыз ба?

2.Сіздің отбасыңызда айтыс жайлы әңгңме бола ма?

3. Айтыстың шығуы жайлы не білесіз?

4. Айтыстың қандай түрлері бар?

5. Айтысқа қандай талаптар қойылады?

6. «Біржан-Сара» айтысының тақырыбы не?

2- сабақ

Күй атасы -Құрманғазы

1. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңыз.

Еуразияның ең бір бай да

бірегей

мәдениеті – қазақ мәдениеті

Н.Назарбаев

Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889) — қазақтың ұлы күйші-композиторы.Қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң-солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған кезі болатын. Замана қиындығы Құрманғазыны да от-жалынымен шарпып бағады. Оның «Түрмеден қашқан», «Кісен ашқан», «Ертең кетем», «Бозқаңғыр», «Пәбескі», «Терезеден-есіктен», «Бозшолақ», «Бұқтым-бұқтым», «Не кричи, не шуми», «Арба соққан», «Аман бол, шешем, аман бол», «Қайран шешем» сияқты күйлері осындай ауыр кезеңде туған. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

Құрманғазы - өмірге ғашық күйші. Тіршіліктің нұрлы сәттеріне ол балаша қуанып, қалтқысыз сезімге бөлене алады. Оның «Қызыл қайың», «Ақжелең», «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын», «Серпер», «Назым», «Балқаймақ», «Бұлбұлдың құрғыры», «Ақсақ киік», «Төремұрат», «Қуаныш» сияқты күйлері өмірге іңкәр жанның жүрек лүпілі сияқты.

Құрманғазыны суреткер ретінде айрықша даралап көрсететін қасиет – бір ұрпақ емес, екі ұрпақ емес, бірнеше ұрпақтың тағдырына ықпал ететін заманалық құбылыстарға бойлай үңілген, бұл Құрманғазының рухани болмысына тән. Оның «Жігер», «Көбік шашқан», «Кішкентай», «Ақбай» сияқты күйлері өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

оң-солын танып – время зрелости

өмір-тіршілікке белсене араласа – период активных дейсткий

отаршыл саясат – политика колониализма

қарқын алған кезі – стремительное развитие

қатал тағдыр – роковая мудьба

2. Мәтіннен шылауларды тауып, жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. Берілген шылаулармен сөйлем құрастырыңыз.

Үшін:

Сайын:

Туралы:

Арқылы:

Шейін:

Қарай:

Гөрі:

Бұрын:

Соң:

Қатар:

Бірге:

Қоса:

4. Сөздерді тиісті орындарына қойып, мақал-мәтел құраңыз.

6. Аз, де, жетпіс, жігітке, өнер _________________________________.

7. Алды, қызыл, өнер, тіл _____________________________________.

8. Ашық, өнерліге, есік _______________________________________.

9. Кілемде, өлеңде, сөз өнері, қол өнері __________________________.

10. Көркі, өнер, жігіт _________________________________________.

3- сабақ

Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар

1. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Ұлттық байлық - белгілі бір уақыт мерзіміндегі қоғамның бүкіл осы мерзімге дейінгі дамуы кезеңіндегі адамдардың еңбегімен жасалған материалдық игіліктерінің жиынтығы. Ұлттық байлық жинақталған әрі нәтижелі көрсеткіштер санатына жатады және мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің айнасы десе болады. Ұлттық байлық — бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:

а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;

ә) айналмалы өндірістік қорлар;

б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;

в) айналым қоры;

г) тұрғындар мүлкі.

Ұлттық байлық құрамына негізгі жер, ормандар, сондай — ақ табиғи ресурстар жатады және олар натуралды түрде есептелінеді.

Қазақстан өзінің ауқымы бойынша ұлттық байлықтың үлкен көлемін иеленген. Біздің республикада жалпы жер көлемі 222,5 млн.га мөлшерді құрайды, оның ішінде 82%-ауыл шаруашылығы жеріне жатады. Қазақстанда 21,7 млн.га орман мен табиғи егістіктер, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көл мен су қоймалары бар.Өсімдіктер қоры 6 мыңнан астам түрлерден тұрса, ал жануарлар әлемі алуан түрлі. Қазақстан - пайдалы қазбалар қоры мен олардың алуан түрлері бойынша –ТМД-дағы ең бай аймақтың бірі. Минералдық ресурстар ұлттық табыстың төрттен үшін құрайды.

Мынандай көзқарастар бар: ұлттық байлық ұғымы материалдық емес құндылықтарды да – ақпарат, ғылым-білім, тұрғындардың мәдениет деңгейін және т.б. – қамтуы қажет.

Алдағы уақытта ұлттық байлықты жетілдіру көбінесе оның сапалық жақсаруымен, табиғи байлықты тиімді игерумен, қоғамның қоршаған ортаны барынша сақтау қамқорлығымен, экологиялық қауіпсіздікті қолдау деңгейімен анықталады.

Жаңа сөздермен таныс болыңыз.

Ұлттық байлық – национальное богатство

Қоғам – общество

материалдық игіліктер – материальные ценности

даму деңгейі – уровень развития

тұрғындар – жители

экологиялық қауіпсіздік – экологическая безопасность

2. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

1) Үлттық байлық деген не?

2) Рухани игіліктер ұлттық байлыққа жата ма?

3) Ұлттық байлықтың құрамына не кіреді?

4) Мәтінді Қазақстанның ұлттық байлығы жайлы не айтылған?

5) Ұлттық байлықтың көлемін қалай айқындауға болады?

Лексика-грамматикалық тапсырмалар

3.Тірек сөздер мен сөз тіркестерін есте сақтаңыз.

Ұлттық байлық, қоғамның дамуы, материалдық игіліктер, мемлекеттің дамуының айнасы, ұлттық байлықтың құрамы.

4. Диаграмманы толықтырыңыз.


       
   
 
 


5. Ұлттық музыка аспаптарын жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________.

6. Төмендегі мәтіннен шылауларды тауып, астын сызыңыздар.

Қазақ киносы жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдары дүниеге келді. Алғашқы қазақ кинотуындысы – «Аманкелді» көркем фильмі. Бұл фильмнің сценариін Бейімбет Майлин мен Ғабит Мүсірепов жазған. Бұдан соңғы кезеңдерде атақты режиссер, әрі актер Шәкен Аймановтың «Біздің сүйікті дәрігер», «Атаманның ақыры», «Атамекен», «Алдар көсе» және «Тақиялы періште» фильмдері, Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым –Қожа» фильмі және Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» фильмі сияқты әйгілі туындылар жарық көрді. Осы фильмдерде ұлттық өнеріміздің, сондай-ақ жалпы ұлттық болмысымыздың келбеті тамаша суреттелді. Бұл фильмдер осы күнге дейін өзінің көркемдігімен көрерменін баурайды.

11. Төменде берілген шылауларды қолданып, сөйлем құрастырыңыз.

Сайын, дейін, кейін, туралы, үшін, әрі, яки, және, мен, бен, пен, бірге, қатар

БӨЖ тапсырмасы. Ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілдері жайлы шағын деректеме жазу.

ІІІ АПТА

ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ

1-сабақ

Хакім Абайдың философиясы. Есімше.

Есімше – зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына жүретін сһөз табы. Есімшенің жұрнақтары: -ған, -ген, -қан, -кен; -тын, -тін, -атын, -етін, -қалы, -келі, -ғалы, - гелі.

1 Сөйлемдерді есімшелермен толықтырыңыз.

1. Біздің туыстарымыз «Семей полигоны» деп атал... аймақтан көшіп келді.

2. Денсаулықтың жақсы бол... қандай жақсы!

3. Өсіп келе жат... ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек.

4. Жаңа өмірді жалғастыр... – дені сау жас ұрпақ.

5. Өмірге бақытты болып кел... соң, сол өмірді мәнді етіп сүру керек.

6. Салауатты өмір салтын ұстан... азамат әрдайым бақытты болады.

1.Абайдың қарасөздерін оқып, сөздіктің көмегімен мағынасын түсінуге тырысыңыз.

Оныншы қарасөзінен:

Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?

Құдай тағала саған еңбек қылып, мал табарлық қуат берді. Ол қуатты кәсіп қыларлық орынға жұмсаймысың? Жұмсамайсың.... Ол қуатты орнын тауып сарып қыларды білерлік ғылым берді, оны оқымайсың. Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі – біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенім – сол. Бұл – құдайдан тілеген емес. Бұл – абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік.

Жиырма тоғызыншы қарасөзінен:

Қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгілі, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтыны бар.

Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып жүргені құрысын.

«Қалауын тапса, қар жауады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ» деген ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын табамын деп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек қой.

Жаңа сөздер:

Қартаю – стареть

Түңілмей іздеу – искать.

Қорқыту – пугать

Алдау – обманывать

Іске татырлық – пригодный

Жарамайтын – не пригодный

Жарлы – бедный

2. Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңыз.

Үлгі: ерінбей, түңілмей...

2. Абайға төмендегі мақалдар ұнамайды. Себебін түсіндіріңіз.

  • «Түстік өмірің болса, кештік мал жи»;
  • «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат»;
  • «Малдының беті – жарық, малсыздың беті - шарық»;
  • «Қарның ашса, қаралы үйге шап»;
  • «Мал – адамның бауыр еті».

Жаңа сөздер:

Түстік өмір – жить до полудня

Шарық – точило

Қаралы үй – дом, где поминки

Бауыр еті – плоть от плоти его.

1-Сұрақ: Адам не үшін өмір сүруі керек?

А) мал жинау үшін;

Б) тамағын тойдыру үшін;

С) ғылым-білім үшін;

Д) сәнді өмір сүру үшін.

2-Сұрақ: Сөйлемді толықтырыңыз.

Тек қана тамағының тоқтығын ойлаған адам... бірдей.

А) аурумен;

Б) ақымақпен;

С) жас баламен;

Д) қарт кісімен.

3.Сұхбаттасыңыздар.

- Арман, Абайдың қанша қарасөзі бар, білесің бе?

- Оны бәріміз білеміз ғой, Абайдың.....

- Арман, неліктен Абай «Өмірім қайшылықта өтті» дейді?

- Себебі....

- Арман, Абайдың қарасөз жазуының себебі не?

- Оның себебі....

- Абайдың қарасөздерінің рөлі қандай?

- Абайдың қарасөздері.....

2- сабақ

Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция

1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз.

Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның өнеріне құныға ден қойып, батасын алады. Мұнан әрі сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты жүйріктермен айтысқа түскен. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі.

Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.

Жамбыл –интернационалист ақын.

3- сабақ

Шәкәрім өлеңдеріндегі имандылық концепциясы

«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.

Жаңа сөздер:

өлең сөздің дүлдүлі – мастер художественного слова

өсіп-өнген топырағында – на родной земле.

батасын алады – благославили

суырыпсалмалық өнер –импровизаторское итскусство

саяси-әлеуметтік өмір –социально-политическая сфера

ден қояды – уделяет внимание

2. Бос орынға керекті сөздерді қойып сөйлемдерді толықтырыңыз.

Жамбыл – қазақ ----------- әйгілі ----------. Қазақстан -------------- ақынның жүз жылдығын атап өтті. Жамбыл Жабаев саяси-әлеуметтік ------------------ тарихи ----------------үлкен үмітпен ден қойды. Ақын бірнеше ордендермен ---------------.

Керекті сөздер: ақыны, халқы, халқының, өміріндегі, марапатталды, өзгерістерге.

3. Төмендегі сөздерді орыс тіліне аударыңыз.

5. Мен Жамбыл шығармаларын сүйіп оқимын.

6. Біздің облысымыз Жамбыл ақынның атымен аталады.

7. Жамбыл шығармаларының бірнеше томы жарық көрді.

8. «Сұраншы батыр» - Жамбылдың күрделі эпикалық шығармасы.

4-тапсырма. Мәтіннен есімшелерді теріп көшіріңіз.

1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз. Мазмұндап айтыңыз.

Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) – ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор. Абаймен замандас әрі інісі, әрі ол негізін салған реалистік әдебиет дәстүрлерін алға апарушы ізбасары. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың Күнке деген бәйбішесінен туған, яғни Абайдың туған ағасы. Шәкәрім бес жасында ауыл молдасына оқуға беріледі де онда жеті жасына дейін оқиды.

Жеті жасында өкеден жетім қалған ол бұдан былайғы кезде Абайдың тікелей тәрбиесінде болады. Құдайбердіұлы заманында қазақ арасындағы аса білімдар адамдардың бірі болды. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білді. Ол «Өмір», «Сәнқойлар», «Ызақорлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас», «Тойымсыз нәпсі» сияқты дидактикалық өлең-жырларында боямалы ажарлы, жасанды мінез бен жағымсыз қылықты сынға алады. Адамгершілік ақ жолға, өнер-білімге үндейді («Жастарға»).

1905 жылы Шәкерім қажылық сапар шекті. Меккеге барған бұл сапарын пайдаланып, ақын өзінің байырғы арманын жүзеге асырды. Стамбұл, Париж кітапханаларынан туған халқының тарихына байланысты кітаптарды оқыды. Осылай жинаған материалдар негізінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911) кітабын, қисындарын халық мүддесіне түсіндіру мақсатымен «Мұсылмандық шарты» деген еңбек жазды (1911).

2.Шәкәрімнің ғибадаттарын ұғып алыңыз (ықшамдалып алынды).

І Өзімшілдік.

Бір байдың қызына шешек шығып, бетін тыртық қылғандықтан, бір соқырға беріпті. Досы байға келіп: «Сондай дәрігер келіпті, күйеуіңіздің көзін неге қаратпайсыз?»-десе, бай: «Күйеуімнің көзі ашылған соң, қызымның бетіндегі тыртығын көріп, шығарып жібереді ғой. Қызым байдан шыққаннан да күйеуім соқыр қалпында қалғаны артық»,-депті.

Жаңа сөздер:

тыртық – шрам қарату – здесь: лечить

соқыр қалпында қалғаны – оставаться слепым

ІІІ Шәкәрім айтқан:

Бір еңбекші қызметкер қандай тастақ жер болса да жалаң аяқ жүре берген соң, бай: «Сен неге дәйім жалаң аяқ жүресің?» - дейді. Сонда қызметкер былай дейді: «Жалданған бай мені тақтай алып кел деп жұмсаған соң, барсам, екі аяғы тобығынан жоқ бір бишара еңбектеп жоңқа жонып отыр екен. Соны көргенде, мынаның башпағы түгіл, башпақ киетін аяғы да жоқ, мен башпағым жоқ деп асып жүр екем ғой деп, содан бері жалаң аяқ жүруге әбден әдеттендім»,- депті.

Жаңа сөздер:

Тастақ – каменистый жалаң аяқ – босяком

дәйім – постоянно жұмсау – посылать

тобық - еңбектеу – ползать

жоңқа – дерево башпақ - обувь

әбден әдеттену – очень привыкать мүсәпір – инвалид.

Сұрақ: «Қанағат қарын тойдырар, қанағатсыздық жалғыз атыңды сойдырар» деген мақалдың осы мәтінге қатысы бар ма?

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Шәкәрім кім?
  2. Шәкәрәм кімнің тәрбиесін көрді?
  3. Шәкәрім өлеңдерінде кімдерді сынады?
  4. Шәкәрәм білімін қалай толықтырды?
  5. Байдың өзімшілдігі неде?
  6. Қызметкер неліктен тастақ жерде жалаңаяқ жүрді?

БӨЖ тапсырмасы: Классик жазушылардың шығармаларымен танысу, баяндау.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 816 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.031 с)...