Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурет. Жануарлардың жас ерекшелік пирамидасы



Популяциядағы жас ерекшелік топтарының қатынасын «жас ерекшелік пирамидасы» арқылы көруге болады (15-сурет). Бұл пирамиданың сипаты нақтылы популяцияның жақын арадағы тағдырын болжай алады. Егер оның негізі кең болса, жас особьтер көп, тар төбе - кәрісі аз және орта бөлігі жеткілікті болса, онда пирамиданың мұндай конфигурациясы өсуші пирамиданы сипаттайды (1).

Ал егер негізі тар, төбесі кеңірек болса, онда мүндай популяцияда жақын арада көбею болмайды, керісінше, туьлымға қарағанда өлім-жітім басым болатынын көрсетеді (2).

Әрбір түрге жас ерекшелік пирамидасының өз конфигурациясы тән. Сондықтан ортамен қарым-қатынасы мен даму ерекшелігін жақсы білу қажет. Мысалы, ұрпағына қамқорлығы болмайтын және өнімділігі өте жоғары жануарларда пирамида негізі кең болады.

Кейбір түрлердің жұмыртқалары мен дернәсілдері ересектерімен салыстырғанда мыңдаған есе артық болады. Егер ұрпақтарына қамқорлығы күшті дамыса, мұндай популяцияда жас особьтардың үлесі мен өнімділігі айтарлықтай аз.

Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын талдау- табиғатта түрлердің санын болжау үшін қажетті жағдай. Мысалы, егер треска және сельдті аулауда ірі ересек балықтар жойылуы - артық аулануды көрсетеді.

Көбею арқылы популяцияларды толықтыратын және жас организмдер өсуі үшін мүндай өндірістік популяцияға «демалыс» беру керек. Егер шалғында бағалы жемдік көп жылдық өсімдіктер тек ересек түрінде кездесе бастаса, ол тұқымдық жаңаруға, көбеюге қабілетті еместігін көрсетеді. Бұл түрдің тұрақты өнімін болашақта алу мақсатында, популяция құрамын жақсарту үшін ерекше шаралар қолдану қажет.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 946 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...