Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

З компьютерлеріңіздің кор кездеріне желiде ортақ қатынас құруды калай ұйымдастыруға болады?



Желi пайдаланушылары үшiн қалтаға ортақ қатынас құруды баптау калтаның жанама мәзірі арқылы ашылады.

Желiнiң өзге де пайдаланушылары Сiздiң компьютерiңiздегi белгiлi бiр қалтадағы файлдарды ашып, оқи алуы үшiн мына әрекеттерді орындаңыз.

Өзгелер қатынас құра алатын кылғыңыз келген қалтаны тандап, оны тышқанның оң жақ пернесімен шертіңіз де, ашылған мәзірден Ортақтасу және кауіпсіздік әмірін тандаңыз.

Ортактасу қосымшасына өтіңіз де, Желілік opтaқтacy мен кауіпсіздік бөлiмiнде Бұл қалтаны желіде ортақтастыру құсбелгiсiн орнатыңыз.

Егер өзге пайдаланушылар осы қалтадағы файлдарды өзгерте алуын қаласаңыз, яғни толық ортақтасуды ашқыңыз келсе, Желiдегi пайдаланушыларға файлдарымды өзгертуге рұқсaт беру құсбелгiсiн орнатып, Қолдану батырмасын басыңыз.

Осыдан кейiн желiнiң өзге пайдаланушылары Сiздiң ортақтасу үшін ашық қалтаңызға қатынап, оны өз жергiлiктi қалтасы ретінде пайдалана алады.

Бақылау сұрақтары:

1. Жергiлiктi желi дегенiмiз не?

2. Жергiлiктi желi қандай қызмет атқарады?

3. Компьютерлер жергілікті желiге қандай құрылғылардың көмегімен бiрiктiрiледi?

4. Жергілікте желі топологиясының қандай түрлерін білесіз?

5. Жұмыс үстелiндегi қандай белгiше жергiлiктi желiмен жұмыс істеуге арналған?

6. Жергiлiктi желiдегi өз компьютеріңіздің атауын қараңыз.

7. Сіздің жұмыс тобыңызда қандай компьютерлер бар екенін қараңыз.

8. Жергiлiктi желiде қажет компьютердi қалай табуға болады?

9. Өз компьютеріңіздегі қалтаны қалай ортақтастыруға болады?

10. Қандай жағдайда өзге пайдаланушыларға қалта мазмұнын өзгертуге мүмкiндiк берiледi?

11. Желiлiк басып шығарғыш деген не?

12. Сіздің компьютеріңізді ортақтастыру үшiн орындалуы тиiс әрекеттер ретін атаңыз.

13. Топология деп нені айтамыз?

14. Қандай топологияларды білесіз?

15. Біріктірілген топологияларда қандай топологиялар бірігіп қызмет атқарады?

Лабораториялық жұмыс №26 (1 сағат)

Тақырыбы: «Internet ғаламдық желісі»

Жұмыстың мақсаты: Интернет-технологияларымен жұмыс істеу

Тапсырма:

1. «Internet Explorer» броузерінің экрандық мәзірін меңгеру

2. Интернетте ақпараттың іздестірілуін жүзеге асыру

3. Табылған ақпаратты өзіңіздің компьютеріңізге көшіруін орындау

4. Есеп беруді рәсімдеу





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 872 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...