Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Теориялық мәлімет. Жұмыс істеу территориясына байланысты АЕЖ келесілерге бөлінеді:



Жұмыс істеу территориясына байланысты АЕЖ келесілерге бөлінеді:

- жергілікті (ЖЕЖ немесе LAN – Local Area Network);

- аймақтық ((региональные) РЕЖ немесе MAN – Metropolitan Area Network);

- ауқымды (ГЕЖ немесе WAN – Wide Area Network);

Абоненттері бір-бірінен үлкен емес арақашықтықта (10 – 15км-ге дейін) орналасқан желі жергілікті желі деп аталады. ЖЕЖ кішкентай территория шегінде орналасқан абоненттерді біріктіреді. Қазіргі таңда жергілікті есептеуіш желінің абоненттерін территориалды шашылуына нақты шектеулер жоқ. Көбінесе, ондай желі нақты объектіге қосылған. ЖЕЖ классына жеке кәсіпорындар, фирмалар, банкілер, офистер, корпорациялар және т.б. желілері жатады. Егер мұндай ЖЕЖ-нің әр түрлі жайларда орналасқан абоненттері бар болса, онда олар Интернет ауқымды желінің инфрақұрылымын қолданады және осындай желілер корпоративті желілер немесе Интернет (Internet) желілер деп аталады.

Аймақтық желілер қала, аудан, облыс және ұсақ елдің де абоненттерін байланыстырады. Көбінесе аймақтық АЕЖ-ді абоненттері арасындағы арақашықтық ондық – жүздік километрлер құрайды.

Ауқымды желілер жиі әр түрлі елдерде немесе континенттерде орналасқан үлкен арақашықтыққа алыстатылған абоненттерді қосады. Мұндай желі абоненттерінің арасындағы өзара әрекет ету байланыстың телефон линиялары, радиобайланыс желілері және де спутниктік байланысы негізінде жүзеге асуы мүмкін.

Ауқымды, аймақтық және жергілікті есептеуіш желілердің бірігуі көпжелілік иерархияларды құруға мүмкіндік береді. Олар өте үлкен ақпараттық массивтерді өңдеудің қуаты, экономиканың мақсатты бағытталған құралдарды және шектелген ақпараттық ресурстарға қатынауды қамтамасыз етеді. Жергілікті есептеуіш желілер компоненттер ретінде аймақтық желілер құрамына кіре алады, аймақтық желілер – ауқымды желі құрамында бірігеді және ауқымды желілер күрделі құрылымдар құра алады. Нақ осындай құрылым қазіргі кезде өте белгілі бүкіл әлемде супер ауқымды Интернет ақпараттық жүйеде қолданылады.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 606 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...