Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурет 22.3. Групповые операции элементiн таңдау



Iс-әрекеттердi аяқтаңыз. Сұранысқа ат қойып, қайта ашсаңыз берiлген сандық өрiсiңiзге өзiңiз көрсеткен амалды орындап бергенiн байқайсыз.

Условие отбора жолында шарт қойып, сұраныстар жасауыңызға болады. Ол үшiн мемлекет кестесiнде көлем өрiсiн таңдаңыз да, >6000000 терiңiз. Нәтижесiн жаңа сұранысқа ат қойып, қайтадан ашып көрiңiз. Экранда 15000000 саны тұрады. Ал егер өрiс таңбалы типтi болса, шарт апостроф iшiнде жазылады. Мысалы, мемлекет кестесiнде аты өрiсi үшiн ‘Қазақстан’ критерийiн жазар едiк.

Сұраныстарды орындау және оны өзгерту. Сұраныстар нәтижесiн көру үшiн оны кесте режимiнде ашу жеткiлiктi. Ол үшiн:

1. Деректер қоры терезесiнде объектiлер тақтасында Запросы ярлыгын таңдау керек.

2. Сұраныстар тiзiмiнен қажетiн таңдап, Открыть немесе екi рет шерту керек.

Нәтижесiнде сұраныс кесте түрiнде экранда тұрады.

Конструктор режимiнде сұраныс орындау үшiн саймандар тақтасынан Вид-Режим таблицы орындау керек.

Егер сұранысқа өзгерiс енгiзу керек болса, оны Конструктор режимiнде ашу керек те қажет өзгертулердi енгiзу қажет.

Сұранысты Конструктор режимiнде ашу үшiн:

1. Деректер қоры терезесiнде объектiлер тақтасында Запросы ярлыгын таңдау керек.

2. Қажет сұранысты тiзiмнен таңдап, Конструктор батырмасын басыңыз. Сұраныстар конструкторы терезесi ашылады.

Сұранысқа тағы бiр басқа сұраныс немесе кесте қосу үшiн:

1. Саймандар тақтасында Добавить таблицу (немесе Отобразить таблицу) белсендi ету керек.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 317 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...