Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурет 18. 3. Өрнектер жолындағы ағымдық ұяшық көрінісі



Ехсеl бағдарламасындағы парақ ұяшықтары ауқымы - кестеде тік төртбұрыш пішінді аумақты құрайтын шақпақтар жиынтығы. Кесте ауқымының дұрыс белгіленуі А1:В2.

Ехсеl бағдарламасы кестесінде ұяшықтар ауқымын бөлектеп алу үшін бірінші ерекшеленетін ұяшықты шертіп, Shift пернесін басып тұрып, ерекшеленетін ауқымның соңғы ұяшығын шерту қажет.

Ехсеl бағдарламасында іргелес емес ұяшықтарды ерекшелеу үшін бірінші ұяшықты шертіп, Ctrl пернесін басып ұстап тұрып, өзге ұяшықтарды шерту керек.

Ұяшықтардың биіктігі мен енін өзгерту үшін мына әмірлерді орындау керек:

· Пішім - Жол. Биіктік қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз (18.4. сурет);

· Пішім- Баған. Ені қосымша мәзірін тандағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз (18.5. сурет).

Сондай-ақ баған таңбашасының оң жақ шетін оңға немесе солға жылжытып, бағанның енін ұлғайтуға болады (18.6. сурет).

Жүгіргіні баған таңбашасының оң жақ шетіне апарғанда ол баған енін өзгертуге болатынын көрсетіп, мөлшерді өзгертуге арналған жүгіргі кейпіне енеді.

Мысалы, егер Н бағанының оң шақ шетін шертіп, таңбашаны оңға қарай сүйресе, баған кеңейе түседі. Дәл осылай, баған тәңбашасын солға қарай сүйресе, баған ені кішірейеді.

Сондай-ақ, Ехсеl баған енін ол ең ұзын мәліметтер ұзындығына сәйкес келетін етіп өздік түрде өзгерте алады. Бұл үшін баған таңбашасының оң жақ шетін екі рет шерту қажет.

Осы сияқты, жол тақырыбы жолағының төменгі шетін шертіп, оны жоғары не төмен сүйреп, жолдың биіктігін де өзгертуге болады.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 779 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...