Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Нтақтау процесінің технологиялық тиімділігін бағалау



Осы бағалаудың негізгі критериялары ретінде пайдаланатын көрсеткіштер: материалдың ұнтақталу дәрежесі, процестің меншікті энергия сиымдылығы, машинаның жұмыс органына түсетін негізгі жүктеме.

Ұнтақталу дәрежесі - ұнтақтаудан кейінгі пайда болған өнімдердің беттерінің қосындысының алғашкы бетке қатынасы; оны анықтауда ерекше процедура қажет, ал оны өндірістік жағдайда анықтау мүмкін емес. Практикада өндіріп алу кеңінен таралған. Бұл саңылауы белгілі електен алынған өнімдер массасы, яғни жүйеде ұнтақтауға түскен өнімнін майдалануын сипаттайды. Осылай анықтауда ұнтақтауға дейінгі майда өнімдердің мөлшерін ескереді. Осы көрсеткішті есептеу формуласы:

И = [(m2- m1) / (100 - m1) ] * 100,% (4.5)

мұндағы: m1 және т2 - ұнтақтауға дейін және ұнтақталған заттардағы өтетін өнімдердің салыстырмалы мөлшері.

Бұл көрсеткіш процестің тек санды мөлшерін көрсетеді. Процеске объективті баға беру үшін тек өндіріп алуды (И,%) ғана емес осы өнімдердің ұнтақтауға түсетін өнімдерге қарағанда салыстырмалы күлділігінің өзгеруін анықтау қажет, сонда:

E = И*Δ=И[(Zo-Z)/Z1],% (4.6)

мұндағы: Zo және Z1 алғашқы және соңғы өнімдердің күлділігі, %.

Процестің объективті мәні Е көп болса, И % - нің сол мәнінде, ұнтақтау тиімділігі жоғары болады.

Мысалы, ұнтактау жүйесіне түсетін өнімнің күлділігі 1,90%, өндірілген өнім мөлшері 50%, ал оның күлділігі 0,80% болса, онда Е=28,9%, ал күлділігі 0,90% болғанда Е= 26,3%, яғни осы көрсеткіш Е ұнтақтау процесін жүргізудің деңгейін көрсетеді.

Валецтің 1см ұзындығына түсетін жүктеме, кг/см*тәулігінг, вальцелі станоктың меншікті жүктемесі болады. Бидайдан сортты ұн тартуда осы жүктеме 65...85кг/см тәу., қара бидайдан және тритикаледен сортты ұн тартуда 70-тен 170кг/см тәу. аралығында, ал жәй ұн тартуда - 300кг/см*тәу дейін.

Ұнтақтау процесінің меншікті энергия сиымдылығын төмендету негізгі инженерлік мақсатқа жатады. Бұл ГТӨ жүргізгенде, ұнтақтау технологиясын рационалды ұйымдастыруда және өнімдерді ұнтақтау жүйелеріне бөлудің оптималды варианттарын таңдауда іске асады. Барлық ұн тарту энергия шығынының 70 % шамасы ұнтақтау үлесіне тиеді. Сондықтан ұнтақтау энергия шығынын үнемдеу өндірістің бағалық шығымын төмендету болып саналады.





Дата публикования: 2014-11-26; Прочитано: 854 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...