Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Белгілеу және интерфейс. Ұяшықтарды форматтау. 1 -жаттығу.Салық түрлерін , премияны және т




1 -жаттығу. Салық түрлерін, премияны және т. б. ескере отырып айлық жалақыны есептеу.

MS EXCEL программасын іске қосыңыз. Жаңа құжат немесе жұмыс кітабын ашыңыз, құжатыңызды Лабораторные работы.xls деген атпен өз бумаңызға сақтаңыз.

1. Жұмыстық беттің атын (Лист1) на Тапсырма1 деп өзгертіңіз.

2. Төменде берілген /1-сурет/ мәліметтерді кестеге енгізіңіз.

3. Кестені суреттегідей түрге келтіріңіз.

4. Бірнеше ұяшықтарды біріктіру үшін оларды белгілеп алып, батырмасы шертіледі немесе Формат ->Ячейки командасы қолданылады.


5. Ұяшықтағы текст бағдарын өзгерту үшін:

§ Ұяшықты белгілейді, контекстік мәзірдегі Формат ячеек командасы орындалғаннан кейін шығатын диалогтық терезедегі Выравнивание жапсырмасының Ориентация бөліміне көшесіз;

§ Қызыл түсті ромбикке () шертіп, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ромбикті 90о –қа апарасыз.

6. Кестедағы (1-сурет) «Проф.взносы 5%» бағанындағы тұрақты окладтың 5 % есептеу үшін:

§ D5 ұяшығы белгіленеді де, оған =С5*5% жазылады;

§ Қалғандары да осы тәрізді есептеледі.

7. Н5 ұяшығына қолға берілетін жалақы көлемін есептеңіз.

8. Барлық қызметкерлердің окладтарының жалпы сомасы мен қолға алатын жалақыларының жалпы сомасын табу үшін:

§ H 5: H1 2 диапазоны белгіленеді;

§ Стандартная саймандар панелінен Автосумма батырмасы шертіледі.

3 - жаттығу. Excel программасын пайдаланып сатудан түскен пайданы теңгемен және доллармен есептеңіз.


1.Өз құжатыңыздағы келесі бетті (Лист2) Тапсырма2 деп өзгертіңіз;

§ Кестені мәліметтермен толтырыңыз /2-сурет/;

§ Сатудан түскен пайданы доллармен және теңгемен есептеңіз.

1. Е6 ұяшыққа келесі =С6*D6 формуланы енгізіңіз;

2. F6 ұяшыққа келесі =Е6*В3 формуланы енгізіңіз. В3 ұяшығының адресін абсолют адрес қылыңыз ол үшін оны белгілеп F4 пернесін басыңыз, сонда адрес $В$3 болып өзгереді.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 456 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...