Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



(syllabus)

Модуль пәнінің атауы: «Информатика»

Оқу нысаны: күндізгі болім

Барлығы - 1 кредит

Курс - 1

Семестр – 1

Экзамен ___1___ семестр

Тәжірибелік сабақтар – 10 сағат

Лабораториялық сабақтар – 5 сағат

ОБСӨЖ Контактілік – 5 сағат

ОБСӨЖ Консультативтік – 3 сағат

СӨЖ - 22 сағат

Жалпы көлемі – 45 сағат

А С Т А Н А – 2012 ж.

Пән оқытушысы туралы мәліметтер: Анетова Айжан Жакановна, техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы. Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасы, 442 каб.

Ғылыми қызығушылығы: студенттердің ойлау қабілетін дамыту және студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту барысында ақпараттық технологияның көмегіне жүгіну жолдарын арттыру.

Кошербаева Жанар Ерженісқызы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, оқытушы. Гуманитарлық және жаратылыстану кафедрасы, 442 каб.

Реквизит алды (пререквизиты): Оқытылатын пәнді меңгеру үшін информатика және АЕТ, математика, физика пәндері бойынша базалық білімдер қажет.

Модуль пәнінің мазмұны: Ақпараттық технологиялар туралы жалпы мағлұматтар, жаңа ақпараттық технологиялар, ақпараттық технологиялардың жіктелуі, негізгі компьютерлік технологиялар, экономикалық объектілерді басқарудағы ақпараттық жүйелердің орны мен ролі, қазіргі ақпараттық жүйелердің негізгі қамтамасыздандыру бөліктері.

Пән мақсаты: информатика дамуындағы негізгі тенденцияларды қамтитын теориялық және тәжірибелік мағлұматтармен студенттерді таныстыру; дискретті математика элементтерін таныстыру; есептелінетін жүйе архитектурасы, операциялық жүйелер мен желілер туралы түсінік беру: студенттерге алгоритмдер мен блок схемаларды құруды үйрету; компьютерлік графика негіздерімен және желілік қосымшаларды құрудың негізгі концепцияларымен таныстыру.

Пән мәселесі: студенттерге есептерді алгоритмдеу негізін, тиімді алгоритмдерді құруды және қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдануды оқыту; қазіргі ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін және олардың даму перспективасын игеру; компьютерлік желілер мен компьютердің программалық және ақпараттық жабдықтарының перспективалары мен жағдайларын игеру.

Білім, дағды және қабілет минимумы: Пәнді оқу нəтижесінде студенттер келесіні меңгеруі керек:

- дербес компьютерде жұмыс əдістерін, операциялық жүйелерді, программалық қамтамаларды, əртүрлі редакторларды, кестелік процессорларды, деректер қорын басқару жүйелерін, қолданбалы программалар пакеттерін білу;

- компьютер көмегімен экономикалық жəне басқару мəселелерін шешуге алгоритмдер мен программаларды құрастыру;

- экономиканың салаларындағы информациялық жүйелерді, деректер қорын жобалауды жəне құруды үйрену;

- экономикалық ақпаратты талдау əдістерін, құрылымдауын, өңдеуін көрсете білу;

- арнайы экономикалық жəне басқару есептерді шешуге қолданбалы программалық қамтамаларды қолданып үйрену;

- компьютерлік желілердің қызметтерін қолдану жəне дүниежүзілік ауқымды Internet желісінің, E-mail, WWW,телекоммуникациялар қызметтерін қолдану;

- компьютерлік жүйелердің жəне информациялық технологиялардың жиі кездесетін өзгерістерін қадағалау.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 494 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...