Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жай өндіріс ұлғаймалы өндіріс



Ұлғаймалы өндірістің типтері:

1. Экстенсивті - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

2. Интенсивті - өндіріс техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

3. Аралас - өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Өндіріс ресурстары - бұл шаруашылық әрекетте қолданылатын өндірістің әртүрлі құралдарының жиынтығы. Ресурстарға жататындар:

1. Табиғи ресурстар - өндіріс процесінде қолданылатын қоршаған ортадағы табиғат жағдайлары жиынтығының бір бөлігі (жер, қазба байлықтары, су ресурстары, т.б.)

2. Еңбек ресурстары – еңбек ету қабілеті бар жұмыс жасындағы белсенді халық саны.

3. Капита л - өндіріс процесінде қолданылатын құрал - саймандар үшін қажетті ақша қаражаты (машиналар, станоктар т.б.)

4. Ақпараттық ресурстар - автоматтық өндірістің шаруашылығына компьютерлік техниканың көмегімен басқару үшін қажетті мәліметтер.

5. Кәсіпкерлік қабілет – шектеулі ресурстарды өндірісте тиімді пайдалану мен дұрыс бағытта ұйымдастырудағы жоғары бағаланатын іскерлік дарын.

Нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстарды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі экономикалық теорияда төрт өндіріс факторлары белгіленген: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет. Өндіріс процесі өндіргіш күштер арқылы жүзеге асады. Өндіргіш күштер дегеніміз - бұл өндірісті ұйымдастыру үшін пайдаланатын жұмыс күші мен өндіріс құралдарының жиынтығы.

Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:

1. Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.

2. Еңбек құралдары – ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.

Өндіріс қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыруда тауарлар мен қызметтерді барынша мол өндіру үшін ұйымдастырылады. Бірақ та ресурстардың шектеулігінен тауар мен қызметтерді таңдау проблемасы туады, яғни қандай тауарларды өндіру керек, қандайдан бас тарту қажет. Таңдау проблемасын графикте өндіріс мүмкіншілігінің қисық сызығы арқылы көруге болады. Мысалы: экономикада екі ғана тауар өндіріледі: Х және У.

1 сурет. Өндіріс мүмкіншілігінің қисығы.

А – барлық ресурстар У- тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар В -Х тауарын өндіруге бағытталған барлық ресурстар С және Ғ – ресурстарды тиімді пайдалану Е – ресурстарды толық пайдаланбау Д – осы берілген технологияның даму деңгейінде мүмкіншілігі жоқ өндіріс

Экономикалық жүйе – бұл экономикалық процестер жиынтығы. Экономикалық жүйені топтау кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі.

1. Экономиканы ұйымдастыру бойынша:

1.1. Жабық экономика – барлық шаруашылық әрекеттер тек мемлекет шеңберінде жүргізіледі, ішкі тұтынумен шектеледі, шет елдермен қатынас болмайды.

1.2. Ашық экономикалық жүйе – халықаралық экономикалық қатынастар жүйесіне экономика белсенді түрде қатысады, ұлттық валюта мен қатар шетелдік валюта қолданылады.

2. Меншік қатынастарының формалары бойынша:

2.1. Дәстүрлі жүйе – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып отырған дәстүр мен салт бойынша қатынастар қалыптасады.

2.2. Әкімшілік - әміршілік экономика - орталықтанған жоспарлау арқылы барлық ресурстар мен өндіріс факторлары мемлекеттің қолында болып, мемлекеттік меншіктің үстемділігі жүргізіледі.

2.3. Нарықтық экономика - жеке меншікке, бәсекеге негізделеді.

2.4. Аралас экономика – мемлекет пен нарық механизмдерінің араласуы арқылы экономиканы реттеу жүзеге асады.

3. Өнеркәсіп революциясы мен ҒТП даму деңгейі бойынша:

3.1. Индустриалды даму дәуіріне дейінгі жүйе – бұл жүйеде ауыл шаруашылығы, натуралдық шаруашылық және қол еңбегі басым орын алады.

3.2. Индустриалдық жүйе – бұл жүйе ірі машиналық өндіріске, дамыған тауар- ақша қатынастарына негізделеді.

3.3. Постиндустриалдық жүйе - бұл жүйеде негізгі ресурс ретінде ақпарат саналады, экономиканың бастаушы саласы – материалдық емес сала.

Дәстүрлі экономиканың сипаттамасы:

1. Өндіріс, бөлу және айырбас дәстүр, салтқа негізделеді.

2. Өндірістің дамуы мен әлеуметтік – экономикалық даму ең нашар деңгейде.

3. Техникалық прогресс шектеулі.

4. Халық санының дамуы өнеркәсіп өндірісінің өсуі деңгейінен тұрақты түрде артып отырады.

5. Сыртқы қаржылық қарыз өте күрделі.

6. Мемлекет пен қарулы күштердің рөлі өте жоғары.

Әкімшілік - әміршілік экономиканың сипаттамасы:

1. Өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік.

2. Экономикада орталықтанған жоспарлау.

3. Өндірушілердің монополист ретінде көрінуі.

4. Орталықталынған ресурстар қоры.

5. Өндіріс нәтижесіне деген әрбір өндіріске қатысушының жеке ынталылығының болмауы.

Нарықтық экономиканың сипаттамасы:

1. Өндіріс факторларына жекеменшік.

2. Кәсіпкерлік пен таңдау еркіндігі.

3. Тәуекелге бел байлаған шаруашылық субъектілердің өзіндігі.

4. Еңбек нәтижесіне қатысушылардың жеке ынталылығы – мотивациясы.

5. Өндірушілер, тұтынушылар арасындағы бәсеке, сондықтан ешкім нақты (экономикалық) билікке ие емес.





Дата публикования: 2014-11-03; Прочитано: 1110 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.012 с)...