Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Басқару операторлары



Паскаль тілінің басқару операторларына шартсыз өту, шартты өту және цикл операторлары жатады.

Шартты оператор (екі бағыттың біреуін таңдау)

Тармақталған есептеу үдерістерінде есептеудің бөлек сатылары барлық жағдайда бірінен соң бірі орындала бермейді, ол қандай да бір шарттардың орындалу ретіне байланысты таңдалынады.

Құрылымдық операторлар. Құрылымдық операторлар басқа операторларды белгілі бір ереже бойынша біріктіру жолымен құрылады. Олар үш топқа – құрама, шартты және қайталану операторларына жіктеледі.

Құрама оператор. Құрама оператор бір-бірінен нүктелі үтір арқылы бөлінген бірнеше операторларды begin және end түйінді сөздерімен шектеледі. Құрама операторлар тілдің ережесіне сәйкес программаның кез келген жерінде тұра береді де, бір оператор сияқты орындалады.

Begin

1-оператор;

2-оператор;

..................

n-1-оператор;

n-оператор;

End.

Мұндағы операторды шектеп тұратын Begin (басы), end (соңы) түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады, Begin сөзінің соңына және end сөзінің алдындағы оператордан кейін нүктелі үтір «;» қойылмайды. Құрама оператордың ішінде тағы да құрама оператор болуы мүмкін.

Құрама операторлар шартты өту, таңдау және қайталау операторлары құрамында жиі кездеседі.

Шартты операторлар. Тармақталу процестері бар алгоримтдерді ұйымдастыру үшін шартты операторлар пайдаланылады. Тармақталу белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді атқарылады. Кейде бір тармақ ішінде ешбір амал орындалмай да қала береді. Шарт ретінде логикалық өрнектің мәні пайдаланылады. Турбо Паскалда екі шартты оператор бар, олар: if және case.

If шартты операторы. If (егер) операторы программадағы іс-әрекеттердің орындалу реттілігін өзгертетін мүмкіндіктің кең тараған тәсілі болып табылады.

жоқ
иә


Шарт
оператор 2
оператор 1

IF операторының блок-схемасы.

Оператордың жазылу форматы: if <шарт> then <оператор 1> [ else <оператор 2> ];

егер онда әйтпесе

Шарт – логикалық өрнек, ол ақиқат және жалған бола алады.

оператор 1, оператор 2 –қандай да бір оператор, құрамдас оператор, яғни бірнеше оператордың begin end жақша операторларымен бірігуі.

Оператордың жұмыс істеу принципі:

¨ шарт тексеріледі

¨ егер шарт ақиқат болса, онда бірінші оператор орындалады

¨ егер шарт жалған болса, онда екінші оператор орындалады

¨ егер else <оператор 2> жоқ болса, онда if операторынан кейінгі шарт орындалады.

Мысалы, a және b екі сан берілген, экранға осы екі санның үлкенін табу программасын жазу керек. if a > b then writeln (‘үлкен сан a - ’, a) else writeln (‘үлкен сан b - ’, b);

Ескерту! Else операторының алдында нүктелі үтір қоюға болмайды. Операторлар мен қызметші сөздердің жазылуына назар аударыңыз.

Мүмкін болатын оператор формасы: if <шарт> then <оператор 1>;





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2981 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...