Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Санитарлық бактериологиялық лаборатория және оның құрылымдары



Санитарлық микробиология.

Санитарлық микробиология – ғылым, қоршаған ортаның микрофлорасынзерттейді (патогенді бактериялар мен вирустар) және олардың адам ағзасына тигізетін әсерін зерттейді. Санитарлық микробиология арқылы біз судың, ауаның, топырақтың және күнделікті қолданатын заттардың, тағам өнімдерінің санитарлық жағдайын қадағалаймыз.

Санитарлық микробиологияның алғашқы даму кезеңі 1888 жылы француз дәрігері Е.Маседен бастау алады. Е.Масе ішек таяқшасын судың фекальді ластанған көрсеткіші ретінде қолдануды ұсынды.

Қазіргі уақытта санитарлық микробиология жеке ғылым, 3 дисциплинадан тұрады: санитарлық микробиология, санитарлық гигиена, санитарлық эпидемиология.

Санитарлық микробиологияның тапсырмалары:

  1. Қоршаған орта обьектілерін (су, топырақ, ауа, тағам өнімдері, күнделікті қолданатын заттар) зерттеу әдістерін жасау және дамыту.
  2. Қоршаған ортаның адам мен жануарға әсер ету жолдарын бағалау. Бұл бөлімді санитарлық микробиолгия атқарады. Адам мен жануар патогенді микроорганизмдер көзі болып табылады, сондықтан ол қоршаған ортаға әсер етеді. Санитарлық микробиологияның негізгі мақсаты табиғи процестердің өзіндік тазалануын қадағалау.
  3. МЕСТ және т.б нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқаулар дайындау. Қоршаған ортаның микрофлорасы гигиеналық талаптарға сай болу керек, әсіресе микробиологиялық көрсеткіштері. Санитарлық микробиологиялық көрсеткіштер жалпы гигиеналық талаптармен сәйкес болуы керек.
  4. Қоршаған ортаның тазалығына жүргізілген шаралар және олардың орындалуын қадағалау. Дәрігер-гигиенисттің бұл бқлімде атқаратын қызметтері: ағымды санитарлық қадағалау және ескертпелі санитарлық қадағалау. Ағымды санитарлық қадағалау- дәрігер гигиенисттің күнделікті жұмыс барысында қадағалау жүргізу. Су сапасы, тағам өнеркәсібінің өнімдері, суды дұрыс әрі тиімді залалсыздандыруды қадағалау. Ескертпелі санитарлық қадағалау - әртүрлі құрылыс мкемелерін салуда (әсіресе бала-бақша, ЕПМ, санатория т.б), су көздерін таңдауда.
  5. Қоршаған ортаны қорғау. Бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселелердің бірі. Адам мен қоршаған ортаның қарым – қатынасы. Олардың адам ағзасына тигізетін әсерін азайту немесе болдырмау.

Санитарлық бактериологиялық лаборатория және оның құрылымдары

Санитарлық бактериологиялық лаборатория – МСЭББ құрамына кіреді.

Санитарлық бактериологиялық лабораторияның зерттейтін заттары:

- су – ауыз су, ашық су қоймалары

- ауа – операциялық, перзентхана, бала-бақша, аурухана палатасы, дәріхана, мектеп, кинотеатр т.б.

- дәрілік препараттар – егетін, көзге тамызатын, дистилденген су.

- топырақ – балалар мекемелерін салуда, коммунальді құрылымдар, кейде эпидемиялық көрсеткіштері бойынша.

- Хирургиялық материалдардың тазалығын

- Тағам өнімдерін – тағамдық улануда

- Күнделікті қолданатын заттарды





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1440 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...