Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Физика 1» пәні



Л-фараби атындағы қазақ ұлттық УНИВЕРСИТЕТі

М071000-Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша

МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ТҮСУ ЕМТИХАНЫНЫҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ

АЛМАТЫ 2014

МАЗМҰНЫ

  1. Мамандық бойынша түсу емтиханының мақсаттары мен міндеттері

«6М071000-материалтану және жаңа материалдар технологиясы»мамандығы бойынша түсу емтиханы бакалавр дәрежесіне ие тұлғалардың практикалық және теориялық дайындығын аңықтау және студенттердің білімін, магистратурада оқу бағыты бойынша талаптарына сәйкес келетіндігін аңықтау мақсатында жүргізіледі.

«Қабылдау емтиханының түрі – жазбаша емтихан. Емтихан тапсырушы емтихан билеттерінің сұрақтарына жауапты өзінің жауап парағына жазады. Жауап парағындағы жазбаша көрсету апелляцияда жұмысты қайта қарауға негіз болады.

Магистратураға түсуші тұлғалардың даярлық деңгейлеріне қойылатын талаптар

«6М071000-материалтану және жаңа материалдар технологиясы»мамандығы бойынша магистратура білім беру бағдарламаларын меңгеруге тілек білдіруші тұлғалардың алдынғы білім деңгейі – жоғары базалық (бакалавриат), мамандық профилі бойынша жоғары арнайы білім немесе оқыту бағдарламасына жақын жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Оқуға түсушілерге қойылатын талаптар:

тиіс:

- физикалық процестердің сапалық және сандық талдауын іске асыруды алдына қойылған мәселелерді шешу үшін меңгерген ғылымдар әдістерін жүзеге асыруын біліуі керек;

- физика саласында фундаментальді құбылыстар мен эффектілерді, эксперименттік, теориялық және компьютерлік зерттеулер әдістерін білетін, ғылыми жетекшінің басшылығымен өзіндік зерттеулер жүргізуге қабілетті маман болуы қажет;

- арнайы физика проблемаларын өзінше меңгеруі және білімнің келесі сатысында жаңа зерттеу әдістерін игеруі керек.

  1. Емтихан тақырыптарының тізімі

Физика 1» пәні

1. Координат жүйелері. Векторлық және координаттық формаларда материялық нүктенің орын ауыстыруын, жылдамдығын және үдеуін сипаттау. Орташа және лездік жылдамдық және үдеу. Бірқалыпты айнымалы қозғалыстың кинематикасының формулалары.

2. Салыстырмалық принціпі. Жарық жылдамдығының тұрақтылық принціпі. Лоренц түрлендірулері.

3. Табиғаттағы күштер және әсерлесулер. Дененің массасы, күші және импульсы. Ньютонның үш заңы.

4. Импульс моменті және күш моменті. Нүкте үшін және материялық нүктелер жүйесі үшін моменттер теңдеуі. Жүйенің импульс моментінің сақталу заңы.

  1. Күш жұмысын анықтау. Потенциалдық және потенциалдық емес күштер. Потенциалдық энергия және оны нормалау. Механикалық энергияның сақталу заңы.
  2. Релятивтік бөлшектің энергиясы мен импульсінің арасындағы қатынас. Тыныштық массасы мен энергиясы арасындағы байланыс. Байланыс энергиясы. Массалар дефектісі.

7. Қатты дененің қозғалмайтын өстің маңайындағы айналуы. Өске қатысты дененің инерция моменті. Гюйгенс-Штейнер теоремасы. Айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі.

8. Қатты дененің ілгерілемелі, айналмалы және жазық қозғалыстарының кинетикалық энергиясы

9. Қатты денелердегі деформация. Гук заңы. Юнг модулі.

10. Идеал сұйықтың стационар ағысы үшін Бернулли заңы

11. Ламинарлық және турбуленттік ағыс. Рейнольдс саны. Сұйықта қозғалатын денеге әсер ететін күштер.

12. Тұтас ортадағы толқындар үшін Доплер эффектісі

13. Идеал газдың шартты үлгісі. Бір және кез-келген моль үшін Клапейрон-Менделеев теңдеуі.

14. Изохоралық, изобаралық, изотермиялық процесстер (осы процестің теңдеуі, графигі, жұмысы).

15. Температура. Идеал газдың ішкі энергиясы. Еркіндік дәрежелеріне сәйкес энергияның бірқалыпты үлестірілу заңы.

16. Жылусиымдылық. Жылусиымдылықтардың өзара байланыс қатынастары мен идеал газдардағы еркіндік дәрежелерімен санымен сипатталынуы. Кванттық жылусиымдылық туралы түсінік.

17. Молекулалар жылдамдығының Максвелл үлестірімі. Максвелл үлестірімінің сипаттама жылдамдығы.

18. Больцман үлестірімі. Максвелл-Больцман үлестірімі.

19. Термодинамиканың негізгі заңдары. Термодинамиканың бірінші заңы және оның физикалық мағынасы. Адиабаталық процесс. Политроптық процесс.

20. Циклдық процестер. Карно циклы. Карно теоремалары.

21. Термодинамиканың екінші заңы. Термодинамиканың екінші бастамасының статистикалық сипаттамасы.

22. Диффузия, тұтқырлық, жылуөткізгіштік (процесстің физикалық мағынасы, теңдеуі, коэффициенті).

23. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі. Ван-дер-Ваальс күштері.

24. Клапейрон-Клаузиус теңдеуі. Қаныққан бу қысымының температурадан тәуелділігі.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1173 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...