Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Төс сынықтары



Анатомо-физиологиялық ерекшеліктері. Төс кенжал тәрізді жалпақ формалы және сабынан, денесінен және семсер тәрізді өсіндіден тұрады. Бұғаналық ойықтарымен сабы бұғанамен жалғасады. Төстің денесінің бүйірлерінде қабырғалық ойықтар бар, олар қабырға шеміршектерімен жалғасады. Төс кеуде қуысының алдыңғы каркасы болып табылады. Сондықтан, төс сынығы кезінде оның артында жатқан көкірек қуысы ағзалары жарақаттануы мүмкін.

Жіктелуі: төс сынығы -

1. Сабы, денесі немесе семсер тәрізді өсіндінің

2. Ығысумен немесе ығысусыз

3. Асқынған немесе асқынусыз

Жарақат механизмі – төс сүйегінің алдыдан артқа бағытта тура күш түсу немесе қысылуы (жол көліктік апатта – кеудемен рульге соғылу). Шектелген төс сынығы салыстырмалы түрде сирек, жиі олар қабырғаның шеміршекті бөлігінің сынуымен бірігеді.

Аздаған жарықшалардың ығысуымен болған төс сынынғында мүмкін: плевраның зақымдалуы, жүрек соғылуы перикардқа және миокардқа қан құйылуымен және ауыр жүрек жұмысының бұзылуымен.

Диагностика. Төс сынығында диагностика аса қиындық туғызбайды. Зақымдалуға күдікті жарақат механзимі тудырады. Соққы алған жерде сырылулар, қан құйылулар болуы мүмкін, үлкен ығысулармен болса – саты тәрізді деформация (достоверный признак). Науқас кеуде астындағы ауырсынуға, оның қимылда күшейуіне, демалудың қиындауына шағымданады.

Жүрек соғылу диагнозын жоққа шығару үшін динамикада ЭхоКГ, ЭКГ жасау керек. ЭКГ-да жүрек соғылу суреті миокард инфарктіне ұқсас, бірақ жарақат генезі дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.

Гемоперикард – периуардқа қан жиналу – төс сынығындағы өте қауіпті асқыну болып табылады. Клиникалық көріністері келесілер: науқастың түрі қорыққан адамдікіндей, көгеру, ентікпе, суық тер бөліну, науқыс қозған, мойын веналарының пульсациясы көрініп тұрады және ісінгені байқалады, АҚ төмен, пульс жіп тәрізді, перкуторлы жүрек шекаралары ұлғайған, аускультативті – жүрек тондарының әлсіреуі немесе мүлде естілмеуі.

Радиологиялық диагностика. Көптеген мәліметті бүйір проекцияда рентгенограмма береді. Мұнда жарықшақтардың алдыдан артқа бағытты ығысуы көрінеді. Гемоперикардтың клиникалық көріністері болған жағдайда кеуде қуысының тура проекцияда ренгенограммасын жасау керек, мұнда жүрек шекаралаының ұлғаюын көруге болады (13-сурет).

Емі. Төс сынығында ем консервативті. Сынық аймағына ауырсынуды басатын дәрілер енгізеді (10-15 мл.1% новокаин ерітіндісі) сонымен қоса төс арты блокадасы (60-80 мл. 0,5% новокаин ертіндісі) жасалады. Ығысумен болған сынықтарда репозиция, яғни омыртқаны кеуде бөлігінде артқа иіумен (науқасты жауырын аралық бөлікке валик қою арқылы арқасынан жатқызады). Көптеген жағдайларды консервативті түрде репозиция жасау нәтижесіз болады, бұл оперативті араласуға көрсеткіш (ашық репозицияны крест тәрізді спицалармен остесинтез). Сынықтардың бітуі 4 аптадан кейін басталады.

13сурет.Гемоперикард.

Гемоперикардтың емі. Гемоперикард диагнозы негізделгеннен кейін перикардқа пункция жасау керек, ол жиналған қанды шығару арқылы жүрекке түскен қысымды азайтады.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1229 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...