Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер



1. Мәдени ескерткіш дегеніміз не? 2. Оған нелер жатады? 3. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдени ескерткішіне нені жатқызуға болады? 4. Көнеден сақталған қандай бұйымдарды білесіздер? 5. Ал ғимарат-кесенелерге не жатады? 6. Б.э.д. өте ертеден келе жатқан жәдігерлер туралы не білесіздер? 7. Нені ұлттық мақтанышымыз деп санаймыз? 8. Табиғи ескерткіштер неден пайда болады?

Тапсырма. Мәтіннің бірінші жарты бөлігінен бес сөйлемді алып, олардан мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

Ү л г і: Мәдени ескерткіштер мемлекет қамқорлығына алын+ғалы, оларды жөндеу, тиімді жерлерде сақтау шаралары қарастырылған.

Тапсырма. Мәтіннің екінші жарты бөлігінен бес сөйлемді алып, олардан мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер жасаңыздар.

Ү л г і: Мәдени ескерткіштер туралы толығырақ мағлұмат алсын деп, бірнеше әдебиеттерді оқуды ұсынды.

Тапсырма. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың басыңқы және бағыныңқы сыңарларының қандай тұлғалар арқылы байланысып тұрғанын анықтаңыздар.

Ұлы Отан соғысы жылдары 1940-шы жылмен салыстырғанда, мұнай өндіру 26 пайызға артты. Маңғыстау түбегіндегі Өзен және Жетібай мұнай кен орындары ашылғаннан кейін, Қазақстанның мұнай өнеркәсібінің дамуында жаңа кезең басталды. Маңғыстау түбегіндегі жаңа кен орындарынан мұнай өндіріле бастағаннан кейін, Қазақстанда мұнай өндіру 33 млн. тоннаға жетті. Сейсмикалық барлау жұмысына қажетті белгілі-бір қашықтықта шұңқырлар қазылған соң, олардың ішіне тоқтың әсерімен жарылатын дәрі салынды. Оқ-дәрі жарылған соң, жер қыртыстарына тараған толқындар тау жыныстарының әр қабаттарынан түрліше жылдамдықпен өтеді. Абылай хан жоңғарлардың қолына тұтқын болып түсіп қалғанда, оны босатып алуға белсене араласады.

Сабақ. Тақырып. Елдің де, тілдің де тірегі – жастар.

Намыс туын желбіретуге жол ашқан да – жастар

Грамматика: Себеп, қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Тапсырма. Еліміздің болашағы – жастарға артар үміт зор. Мәтінді мұқият оқып, мағынасын түсініп, өз ойларыңызбен толықтырып, мазмұндаңыздар.

Елдің де, тілдің де тірегі – жастар екенінде дау жоқ. «Тәрбие басы – тіл»,- деп

М. Қашқари тегін айтпаған. Бұл – адамның адамзат болып қалыптасуында тілдің алатын орнын мейлінше терең түсінген ұлы тюркологтың сөзі. «Өнер алды – қызыл тілді» Абайдан асырып айтқан дана жоқ.

Сол тілдің қолданылу аясын арттырып, оны дамытудың жан-жақты қамтылған көптеген шараларын іске асыруға, өрісін кеңейтуге атсалысып, өз үлестерін қосатын да, елін, жерін қорғайтын да, өнер, білім, ғылым мен техниканы дамытатын да – жастар. Жастар – еліміздің болашағы, мемлекетіміздің тұтқасы. Бұл айтылғандарға 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі де куә бола алады.

XX ғасырдың соңы қазақ халқы үшін тарихи дүрбелеңдермен, қоғамдық өзгерістермен есте қалды. Солардың бірі – желтоқсан жаңғырығы.

XX ғасырдың екінші жартысы қазақ халқының білімі мен мәдениеті жетілген, саны біршама өскен әлемдік аренаға өз үнімен, өз бет-бейнесімен көріне алған кезең болды.

Дәл осы кезде, яғни 1986 жылы желтоқсан айында Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Орталық комитеті Қазақстанның жұртшылығымен келіспей, қазақ ұлтымен санаспай, басқа елдің өкілін мемлекет басшысы етіп тағайындады.

Бұл әрекет қазақ халқының жаппай наразылығын туғызды, әсіресе қазақ жастарының ашу-ызасы, ұлттық намысы оянды.

1986 жылы 17 желтоқсан күні ереуілге шыққан жастардың алдыңғы легі Алматыдағы Орталық алаңға қарай шеру тартты. Бұлар Театр және Кино институттарының, Мемлекеттік консерваторияның студенттері мен қаладағы кейбір өндіріс орындарының жұмысшы-жастары еді.

Іле-шала оларға ҚазМУ мен Қыздар педагогикалық институттарының студенттері және басқа да оқу орындарының студенттері мен жұмысшы жастар легі қосылды. Орталық алаңдағы жастардың саны бірнеше мыңнан асты, кейінгі күндері одан да көбейді.

Жастардың басты талабы, әрі басты ұраны – «Әр ұлтқа өз көсемі», «Қазақ ұлтын қазақ басқару керек» деген сөздерді транспоранттарға жазып, ауызша айтып та жатты. Қазақ жастарынан бұндай тосын әрекетті күтпеген Кеңес Одағы басшылығы қатты састы. Бүкіл әлемнің назары Қазақстанға ауды. Еркіндікті сүйгіш қазақ халқының, қазақ жастарының талап-тілегі орынды, әрі заңды екенін шетелдің бұқаралық ақпараттық құралдары жарыса жазып та, айтып та жатты. Әйтсе де өктем саясаттың озбыр күшінен құрбан болғандар мен жазықсыз сотталғандар оқудан, жұмыстан қуылған жастар көп болды.

Бірақ бұдан ұлт жігері жасымады. Осы көтерілістен кейін-ақ іргесі шайқалып тұрған Кеңес Одағы шайқала бастады. Ақыр соңында күйреп, құлап тынды. Бейбітшілікті сүйгіш, азаттықты аңсаған қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізді. Патриот жастар ақталып, қаһармандарын ел таныды.

Осылайша ел тірегі, тіл тірегі – жастар Қазақстанның Тәуелсіздік алуына, Егеменді ел болуына жол ашып берді. Қазақ жастары халқының, елінің намысын қорғау үшін қандарын төкті, бірақ тізе бүкпеді.

Желтоқсан көтерілісінен бастап, бүгінге дейін елімізде елеулі өзгерістер тарих беттеріне еніп келеді. Мемлекетіміз үлкен қомақты жетістіктерге жетуде.

Қазақстанның өнері, білімі, мәдениеті, ғылымы, экономикасы, техникасы шарықтап даму үстінде.

Жастар ғылымның әр саласында жан-жақты әлемдік деңгейде білім алып жатыр, оған «Болашақ» бағдарламасымен оқып жатқан болашақ мамандарды айтуға болады. «Болашақ» бағдарламасы басталғалы, мыңдаған жастар оқу бітіріп келіп, елге қызмет етуде. Индустриялық-инновациялық, әлеуметтік-құқықтық, саяси реформаларды іске асыруда жастарға жүктеліп отырған міндет те зор, жүк те ауыр, үміт те үлкен.

Жастар жоғары лауазымды қызметтер атқарып, «Қазақстан – 2030» даму стратегиясының қалыптасуына, дамуына елеулі еңбектерімен өз үлестерін қосуда, халқымыз бүгінгі жастарымызды мақтан тұтады.

Қазақстан тарихында Алматының Орталық алаңында болған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі қазақ халқының намыс туының желбіреуіне ұласты. Ереуіл болған жерде «Тәуелсіздік», «Желтоқсан» монументтері бой көтерді.

Сөздік:

жаңғырық – эхо; отзвук; резонанс дүрбелең – паника; смятение

озбыр – наглый; узурпатор; хапуга дүрбелең шығару – взбунтоваться

құрбан – жертва; жертвоприношение





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 927 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...