Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кластармағына дейінгі систематикасы



1кластармағы Анапсидтер – Anapsida

Сеймуриоморфтар отряды - Seimouriomorpha

Котилозаврлар отряды - Cotylosauria

Тасбақалар отряды - Chelonia, seu Testudines

2 кластармағы Проганозаврлар - Proganosauria

Мезозаврлар отряды - Mesosauria

3 кластармағы Ихтиоптеригиялар -

Ихтиозаврлар отряды - Ichthyoptergia

4 кластармағы Синаптизаврлар - Synaptosauria

Проторозаврлар отряды - Protorosauria

Зауроптеригиялар отряды - Sauroptergia

5 кластармағы Лепидозаврлар - Lepidosauria

Эозухиялар отряды - Eosuchia

Тұмсықбастылар отряды - Rhynchocephalia

Қабыршақтылар отряды - Squamata

6 кластармағы Архозаврлар - Archosauria

Текодонттар отряды - Thecodontia

Қолтырауындар отряды - Crocodilia

Птерозаврлар отряды - Pterosauria

Кесірткежамбасты динозаврлар отряды - Saurischia

Құсжамбасты динозаврлар отряды - Ornithischia

7 кластармағы Синапсидтер, не Аңтәрізділер - Synapsida, seu Theromorpha

Пеликозаврлар отряды - Pelycosauria

Терапсидтер отряды – Therapsida

13.Құстардың ұйымдасуының негізгі сипаттары, олардың шығу -тегі және эвалюциясы.

Құстар- құрлық омыртқалыларының ішіндегі ең көп тобы, ауада қшып тіршілік етуге беімделген. Анатомиялық құрылысы жағынан құстар өздерінің тікелей тегі бауырымен жорғалаушыларға жақын, олар кесірткетәрізділер тобына бірігеді. Құстардың бауырымен жорғалаушылардан бөлініп шығуы, шамамен 190 – 170 млн. Жыл бұрын тирастың аяғында юраның басында басында жүзеге асуы мүмкін. Құстар мезой эрасында басым болған диапсидты бауырымен жорғалаушылар архозаврлардан бөлінген. Шығу тегі төртаяқты және кесіртке сияқты болғанмен, құстар терең физиологиялық және морфологиялық өзгерістерге ұшыраған, ол барлық органдар жүйесіне қатысты. Тыныс алу, қан айналу мен асқортудың қарқындылығы, сол сияқты ми бөлімдерінің біршама жетілуі зат алмасу деңгейінің өсуін қамтамасыз етеді, осылармен қатар жылу өткізбейтін жабынның дамуы гомойотермиялыққа алып келеді. Жұмыртқаны шайқау және балапандардың ересектерінің қоректендіру құстардың эмбриональдық және постэмбриональдық өлім жітімге ұшырауын төмендетті. Осылардың бәрі құстардың кең таралуына және барлық құрлық биотоптарында мекендеуіне көмектеседі.

14.Сүтқоректілердің ұйымдасуының негізгі сипаттары,олардың шығу-тегі және эволюциясы.


Сүтқоректілер-омыртқалы жануарлардың жоғарғы класы.Жоғары дәрежеде ұйымдасуы бұл жануарлардың жер шарына кең таралуына және әртүрлі ортада мекендеуіне мүмкіндік берді.Бұлардың арасында құрлықта,топырақ арасында,ағашта тіршілік ететін,ұшатын жіне сулы ортаны меңгерген формалары кездеседі.Әдетте сүтқоректілердің тұлғасы ұзарған,ол төрт аяқты болады,мойны,басы және құйрығы анық байқалады.Тіршілік ету ортасына байланысты пішініде өзгеріп отырады.Сүтқоректілердің дене мөлшері мен салмағы 3,5 см және 1,5г-н 33м және 150тн-ға дейін өзгереді.Дене температурасы тұрақты және жоғары –орташа 39-тай.Эритроциттері ядросыз,ол оттегінің сыйымдылығын арттырады.Бүйрегі метанефридиялық.Сүтқоректілердің прогрессивті дамуы олардың тірі тууымен,ұрықтың плацента арқылы қореқтенуі,ал туылған соң ұрпақтары арнайы сүт бездерімен бөлінетін сүтпен қоректенуі арқылы білінеді.Сүтқоректілер қарапайым Аңтісті рептилиялардан тираста,бұдан 200млн. жыл пайда болды,ал олардың тегі басқа амниоталар арасынан карбонда бөліне бастады.Майда суық қанды,қабыршақты рептилиялардың жылықанды,түкпен жабылған сүтқоректілерге өтуі150млн. жылға созылды.Сүтқоректілер соңғы 65млн. жылда құрлық омыртқалыларының басым тобына айналды.

15) Алғашқы аңдар немесе клоакалылар класс тармағы, қалталы сүтқоректілер инфракласы, сипаттамасы, систематикасы, таралуы.

Алғашқы аңдар, немесе біртесіктілер - сүтқоректілердің ішіндегі ең қарапайымы. Олардың қарапайымдылығы рептилияларға жақындатады: клоаканың болуы, қабыршақты жамылғының рудимент күйінде сақталуы, басқаңқасында маңдайалды және маңдайарты сүйектерінің, иық белдеуінде бұғанааралық және прокоракоидтың болуы, аяқтарының тұлғаның екі жағында орналасуы. Сол сияқты оларға жыныс жолдарының рептилиялық құрылысының тән болуы, жұмыртқа салу және ұрықта “жұмыртқалық” тістің болуы да тән. Осыған қарамастан олар сүтқоректілерге жатады, яғни тек осы класс жануарларына тән кейбір белгілердің болуы арқылы анықталады. Олар: тері жамылғысы – түк, сүт бездері, астыңғы жақ бір тіс сүйегінен тұрады, ол тікелей қабыршақты сүйекпен байланысады, рудимент күйінде болса да гетеродонтты тістердің болуы. Екі шүйде ілмешегі тән және II – V-ші саусақтары үш буынды. Ең ежелгі қалдықтары – триас кезеңінің қабатынан белгілі үшқырлы азу тістері бар майда аңдар – Triconodontia.

Төменгі сатыдағы аңдар инфракласы немесе Қалталылар. Қалталылардың плацентасы нашар дамыған, осыған орай төлдері өте әлсіз болып туады, өйткені жыныс жолында дамуы қысқа. Қалтасы және қалта сүйектері болады. Қынабы жұп. Қалталылар отряды Америка, Австралия және оған жақын жатқан аралдарда мекендейтін 2 отрядтармағы, 9 тұқымдас пен 200-ге жуық түр жатады. Дене тұрқы 4см-ден 160см-ге дейін ауытқып тұрады. Дене температурасы 34-36*. Тері жамылғысы қалың әрі жұмсақ немесе қылтықтәрізді. Тұмсығында және аяғында жақсы дамыған вибристері болады. Теріде тер және май бездері бар. Тістері гетеродонтты. Қаңқасында қалта сүйектері болады, олар жамбас сүйектердің шат буынынан шығады және құрсақ қуысының қабырғасында орналасады. Қалта алға, артқа немесе бүйіріне ашылуы мүмкін. Қантасымалдау жүйесінде Кювье өзектері болады. Сүт бездері түтікшелі мерокринді. Емшектері денесінің екі бүйірінде орналасады және қалтаға ашылады, олардың саны 2-ден 27-ге жетеді. Шағылысу мүшесінің басы екі айрық. Тұқым бездері ұмада орналасады. Ұрпағының жатырда дамуы 8-42 күн.

Тип: Сhordata - Хордалылар

Тип тармағы: Vertebrata – Омыртқалылар

Класс: Mammalia – Сүтқоректілер

Кластармағы: Theria – Аңдар

Инфракласс: Metatheria – Қалталылар

Отряд: Marsupiala – Қалталылар

Ортядтармағы: Polyprotodontia - Көп күректістілер

Туыс: Didelphis marsupialis – Солтүстік оппосумы

16.Шеміршекті балықтардың систематикасы, олардың биологиясы, экологиясы және таралуы.

Систематикасы:

Тип:Chordata-Хордалылар Типтармағы:Vertebrata-Омыртқалылар Бөлім:Gnathostomata- Шеміршекті балықтар

Класс тармағы:Elasmobranchii-Тақтажелбезектілер

Отряд:Squaliformes-Тікенекті акулалар

Өкілі:Squales aconthias-Тікенекті акула

Балықтар ең ежелгі алғашқы су омыртқалылары,олар тек сулы ортада тіршілік етуге қабілетті.Негізігі көпшілік жағдайда бірден-бір тыныс алу органының қызметін желбезек атқарады.Бассүйек омыртқа жотасымен қозғалмай байланысқан,мойын бөлімі жоқ.Асқорыту жолы бөлімдерге жіктелген:көптеген түрлерінде қарын бөлінген,ащы және тоғы ішекке жіктелген.Қан айналу шеңбері біреу,жүректе венозды қан болады.Тек қостынысты балықтарда екінші өкпелік қан айналу шеңберінің пайда болуы байқалады,ал жүректе аралас қан болады.Балықтардың денесі түрлі қабыршақтармен жабылған.Олар:плакоидты,ганоидты,сүйекті қабыршақтар.Бүйір сызығы органы жақсы жетілген.Аяқтары-жұп кеуде ж/е құрсақ жүзбе қанаттары,сол сияқты дара құйрық,арқа ж/е аналь қанаттары да болады.Негізгі қозғалыс типі-барлыұ денесін ирелендетіп толқын тәрізді қозғалу немесе құйрық жүзбе қанатының көмегімен қозғалу.Жұп жүзбе қанаттары қозғалысты реттесе,ал дара қанаттары тепе-теңдікті сақтайды.Балықтар тез әрі күшті жүзгіштер,бұлшықеті жақсы жетілген.Дөңгелек ауыздыларға қарағанда балықтардың жоғары белсенді және мәнерлі қозғалуы тек қозғалыс жүйесінің жетілгендігіне ғана байланысты емес,ол ми мен сезім мүшелерінің жақсы дамуына да байланысты.Қазіргі ихтиофаунада 20-22 мыңға жуық түрі бар.Олар жер шарының барлық су қоймаларында кездеседі.Экватордан бастап полюстерге дейін,мұхиттың түпсіз тереі сулары мен жер асты суларынан биік таулардағы бұлақтарға дейінгі түрлі су жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.Балықтар тұщы су қоймаларында пайда болған деп есептейді,тек кейіннен балықтардың бір түрлі топтары бір-біріне тәуелсіз және бірнеше қайта теңізге өтеді,ал кейбіреулері соңынан қайтадан тұщы су қоймаларына қайтады.Балықтар силурдың тұщы су қоймаларында п.б,девонда барлық су бассейндерінде үстемдік еткен жануарлар тобын құрады.Бұлардың кәсіптік аулауда алатын үлесі 1,5-2%.Австралия мен Жапонияда тамақ,Америка мен Европада сүйек ұнын алу үшін пайдаланады.Бауырында А витамині көп,майы техникада қолданады.Терісінен сумкалар,портфельдер,қыз-келіншектеррге әдемі аяқ-киім тігіледі.

17.Саусаққанаттылар және қостынысты балықтар ұйымдасу ерекшеліктері систематикасы,қазіргі кездегі қостынысты балықтардың таралуы

Саусақ қанаттылар – өте ескі,әрі толығымен дерлік құрып біткен балықтардың ерекше тобы. Девон мен карбое дәуірінде кеңінен таралып,мезозойда олардың түрлері азайып,тараған ауданыда қысқарған. Бұл таңғажайып балықты ең бірінші рет 1938 жылы 70 м тереңдіктен Үнді мұхитынан Африканың оңтүстік жағалауынан,Халумна өзенінің саіасына жақын жерде ұстады. Екінші данасында 1952 ж. Сол Үнді мұхитыың Анжуан аралына жақын маңнан жағадан 200 м қашықтықтан 15 м тереңдіктен ұстаған. Кейінде осы ауданнан бірнеше рет саусаққанатты балықтар ауланған. Саусаққанаттылардың қос тынысты балықтар сияқты желбезектерімен қатар өкпелеріде болған,бірақ олар өзгеріске ұшыраған ішкі танау тесіктері жок. Кейбіреулерінің қанат қаңқалары бес саусақты алақан сияқты болып келеді. Қанат негізінің тіреуі базалия болады және ол иық сүйегіне ұқсайды. Иық сүйегінен кейін базалияның екі элементтері тарайды,бұлар кәрі жілік пен шынтақ сүйектеріне ұқсайды,одан әрі қарай бірнеше саусақ сияқты қауырсындар тарайды. Сондықтан оларды саусақ қанатты балықтар деп атайды. Дене пішіні ромб немесе дөңгелек келген қалың сүйек пластинкаларымен-космоидты қабыршақтармен қапталған. Пластинкалардың үстіңгі беті түрі өзгерген дентинмен, яғни косминмен және жұқа эмаль қабатымен жабылған. Терісінің мұндай сүйектенуі алғашқы кездегі амфибилерде ортаңғы құлақ қуысына айналады. Қазіргі қостынысты балықтардың үш тұрі ғана белгілі. Тұщы суларда тіршілік ететін өзіндік ерекшеліктері бар балықтар. Олар суда еріген оттегімен тыныс алумен қатар ауадағы оттегіменде тыныс алады. Әсіресе,олардың бір ерекшелігі-оттегіне тапшы суларда да тіршілік ете алатындығы. Дене мөлшері кейбір түрлерінде 2 метрдей болады. Денесі черепица тәрізді орналасқан циклойдты сүйекті қабыршақпен қапталған, құйрық қанаттары дифицеркальды. Бас сүйектері аутостикалы болып келеді. Бас сүйегінің жамылғы сүйектен басқасы шеміршектен тұрады. Жоғары жақ сүйектері болмайды.Қостынысты балықтардың прогрессивті белгілеріне алдыңғы миының кушті дамуы жатады. Оның үстіңгі беті эпителиальды клеткалардан емес, нерв клеткаларынан тұрады.Зәр шығару жыныс системасы бір жағынан – шеміршекті балықтардікіне, екінші жағынан қосмекенділердікіне ұқсайды. Шеміршекті балықтардағыдай ішегінде спираль тәрізді қақпақшасы, жүрегінде жиырылып жазылатын артериалдық конусы болады. Торсылдағы болмайды. Желбезегімен қатар өкпе арқылы да тыныс алатын болғандықтан, сыртқы танау тесігі болуымен қатар ішкі танау тесігі де болады. Қостынысты балықтар девон дәуірінің орта кезінде, палезойдың аяғында пайда болып, мезазойдың бас кезінде кеңінен таралған. Қазіргі кезде екі отрядқа жататын уш тұқымдас және үш туысы сақталған.

Қостыныстылар-тұщы су балықтары. Алғашқы рет төменгі девонда пайда болған және осы заманға дейін сақталған. Қазіргі кезде Оңтүстік Америка,Африка мен Австралияның тропикалық суқоймаларында кездеседі.







18.Сәулеқанатты балықтардың систематикасы. Шеміршекті және сүйекті гоноидтылардың ұйымдасу ерекшеліктері.

Систематикасы:

Тип Chordata - Хордалылар

Тип тармағы Vertebrata - Омыртқалылар

Бөлім Gnathostomata – Жақтылар

Классүсті Pisces - балықтар

Класс Osteichthyes – сүйекті балықтар

Кластармағы Actinopterygii – сәуле қанаттылар

1.Отр.үст: Ganoidomorpha – ганоидтылар





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 2393 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...