Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлшектеніп тамақтану жүйесіндегі азық түлік топтары



Бидай Атбас бұршақ Жаңғақ, тұқым
Дөрекі иленген ұннан жасалған нан Бұршақ Күнбағыс
Макарон өнімдері Бұршақ Жаңғақ
Күріш Жасымық Кунжут
Жүгері    

Кейбір тағам бірігулеріне, мақсаты мен жеке ерекшеліктеріне байланысты адамның қарым-қатынасы әртүрлі болып келеді. Қышқыл жемістер бидай тағамындағы темірді сіңіруін жоғарлатады. Көкөніспен жемістердің өсімдік талшықтары организмнен зиянды заттардың шығарылуына ықпал етеді. Өсімдік және жануар майлары көкөністерден майда еритін витаминдердің сіңірілуіне жақсы әсер етеді. Шелтон бойынша салатта томат пен қиярдық қосырлануы, С витаминінің бұзылуына әкеледі.

Асқорыту мүшелері ауыратындарға жиі ерекше диета қажет. 1820-1830жж И.П. Павловтың оқушысы Н.И. Лепорский мұндай ауруларға көкөніс шырындары мен майлары бірігуі негізінде жасалған тамақта нуды жасап шығарған. Бұзылыстарды жоюға арналған бұл жүйе, асқазан сөлі секрециясының ерекшеліктерін есепке ала отырып жасалған. Шырын мен май қабылдау арасындағы уақыт та секреция бұзылыстарын есепке алу арқылы орнатылған.

Сонда да жоғарыда аталғандар мына сұраққа жауап бере алмайды: бөлшектенген тамақтану құндылығы жөніндегі көрініс неліктен әр елдерде қалыптаса бастады. Мың жыл бұрын Авиценна «Канал врачебной науки» кітабында жазған: «Әр түрлі тағам қабылдау 2 себептен зиян болып келуі мүмкін: біріншісі - әрқайсысының бір уақытта қорытылмауы; екіншісі – бір түрлі тағам кезінде, одан да көп жей алу мүмкіндігінің болуы. Шынында да, бір түрлі тағамды, әртүрліге қарағанда аз қабылдайды. Л. Толстой «Первая ступень» еңбегінде айтқандай: «Нан қосқан жөн. Нанды ет піскен сорпаға батырған дұрыс. Бұл сорпаға көкөніс салсақ, тіпті жақсы. Етті де жеген жақсы. Бірақ етті піскен емес, қуырылған түрде жеген дұрыс. Ал оған көкөніс пен қыша қосқан жақсы. Оны қызыл шараппен жеген жақсы. Балыққа соус қосып, оны ақ шараппен жеген дұрыс. Қуырылғанмен дәмді жеткілікті болса да тәттіні жеуге болады. жазда балмұздақ, қыста компот, варенье, т.б. Міне, түскі ас, қарапайым түскі ас. Одан алған лаззатты ұзақ уақытқа жоғарлатуға болады. Оған шек жоқ: тәбетті қоздырушы тісбасарда, пирожное де, басқа да әртүрлі дәмді заттарда...» Адамның бөлшектенген тамақтануға өтуінде, жағымды әсерді тағамның қабылдау бойынша бөлінуі емес, ол артық тағам қабылдауды тоқтату саналады. Бөлшектенген тамақтану туралы айтқанда, жеңілдетілген күндер жайлы еске түсіру қажет. Ол кезде адам тағамның шектелген мөлшерін қабылдайды және оны бірнеше қабылдауға бөледі. Мысалы: 1,5 кг қияр немесе алманы 1 күн бойынша бірнеше рет немесе қарбызды, 1,2л сүтті, 400г етті, 500г ірімшікті. Бұл жағдайда тек калорияны шектеу емес, тәбеттің жандануын болдырмайтын тағамның біртектілігі де әсер көрсетеді. Мұның барлығы қарт адамдарға да байланысты. Себебі жас келген сайын, асқорыту жүйесінің сөл бөлу қабілеті төмендейді. Бөлшектенген тамақтануға өтіп, олар рационнан организмге керек емес тағамды алып тастап, өздерін жақсы сезінеді.

44.Бөлшектеніп тамақтану жүйесі бойынша рацион құрастыру. Бөлшектенген тамақтану туралы айтқанда, жеңілдетілген күндер жайлы еске түсіру қажет.Ол кезде адам тағамның шектелген мөлшерін қабылдайды және оны бірнеше қабылдауға бөледі. Мысалы: 1,5 кг қияр немесе алманы 1 күн бойынша бірнеше рет немесе қарбызды, 1,2л сүтті, 400г етті, 500г ірімшікті. Бұл жағдайда тек калорияны шектеу емес, тәбеттің жандануын болдырмайтын тағамның біртектілігі де әсер көрсетеді. Мұның барлығы қарт адамдарға да байланысты. Себебі жас келген сайын, асқорыту жүйесінің сөл бөлу қабілеті төмендейді. Бөлшектенген тамақтануға өтіп, олар рационнан организмге керек емес тағамды алып тастап, өздерін жақсы сезінеді. Көптеген инфекциялық аурулардың себептері болып, тағамның дұрыс берікпеуі, деп санайды ортағасырлық дәрігерлер. Бұл жағдай бөлшектенген тамақтану концепциясының тағы бір нұсқасының пайда болуына мүмкіндік берген. Мұның қажеттігі жылы климатты елдерде пайда болған. Орта ғасырлардағы адамдар, микробтар жайлы білмесе де, бірнеше тағамның қосарлануы кезінде уланулар болатыны байқаған. Қазіргі медицина, уланулардың тағам дайындаудың гигиеналық нормаларын бұзуы сонымен бірге сақталуы мен 1 дорбада жеткізілуі дұрыс емес екенін біледі. Мысалы, әсер микробтармен көкөністерден етке, сүтке, түсуі. Қиылысқан микробтың зақымдалу асхана столында, бір тақтайда болуы мүмкін. Тоңазытқышта, дұрыс емес көршілестікте, микробтар етке, еттен ірімшікке түседі. Тағамның бірігуіне қойған ортағасырлық шектеулермен танысу кезінде, дәрігерлердің тағамдарды бірге сақтауға, оларды бірге қабылдауға тыйым салатынын көреміз. Оған мысалы: тибет медицинасы сүт пен балық, балық пен жұмыртқа, сүт пен жеміс бірігулерін денсаулық үшін жағымды деп санайды. Балық микробтармен ластануы мүмкін, ал сүтте олар оқай көбееді сүт ластануы жұмыртқа мен жемістен болуы мүмкін. Біріккен тамақтануға қойған ежелгі шектеулерді иудаизм кітаптарында келтірілген. Бір қабылдауда ет пен сүт тағамдарын біріктіру тыйым салынады; ет және сүт тағамдарын бөлек ыдыста сақтау керек. Қазіргі медицина ірімшік пен етті көрші сақтауға тыйым салады. В.Г. Лифляндскийдің «Лечебное свойства пищевых продуктов», кітабында сүтті қанттың қанда холестерин мөлшерін көбейтуін қарастырылады. Суық климатта елдерде тамақтық улану қаупі жоғары. Ресейде шіркеу асханаларында әртүрлі тағамдарды біріктіру болғаны белгілі. XIV ғасырда Вилланодағы Арнольд, «Салериский кодекс здоровья» еңбегінде жазған: «Балықтан кейін жаңғақ, сырды еттен кейін». Пайдалы және жағымсыз тағам бірігулері жөніндегі көріністер, қазір медицинамен де, Г. Шелтон ұсыныстарымен сәйкес келеді. Жақсы көршілер болып, күріш пен көкөністер, сүт тағамдары, дәндер мен көкөністер, жаман болып, жаңа сүт пен көкөністер, сүт пен атбас бұршақ саналады.

Қазіргі медицина, бөлшектенген тамақтануды жақтамайды, бірақ олардың сқталуы ережелерін сақтау ұсынылады. Мысалы, ботқа мен сүт тағамдық заттардың сіңірілуіне пайдалы. Бөлшектенген тамақтану жеңілдетілген күндерде қолданылады. Емдік тамақтануда тағамдық заттарды біріктіру жекелей пайдаланылады

37.Дені сау тамақтану концепциясы. Тамақтану адамға негізгі биологиялық қажеттілік болып табылады, себебі, оның өмірі тұрақты түрде тін элементтерінің шығынымен, жаңа жасушалардың және тіндердің, гормондардың, ферменттердің, антиденелердің, секреттердің, т.б. синтезімен байланысты. Егер осы шығындары тағам арқылы өтеліп отырмаса, өмірлік үрдістер тоқтап қалған болар еді.

Сонымен, тамақтану өмірлік маңызды қызметтерді қамтамасыз етеді:

а) пластикалық қызметті, осының арқасында ағзаның дамуы және жасушалар мен тіндердің үзіліссіз жаңаруы іске асады;

б) ағзадағы барлық тіршілік үрдістері үшін қажет энергетикалық қызметті;

в) ағзаны, реттеуші-каталитикалық роль атқаратын, кейбір биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуді;

Дегенмен, кез-келген тамақтану түрі, ағзаны оптималды физиологиялық жағдайда ұстап тұра алмайды, денсаулығының және жоғары жұмыс қабілеттілігінің сақталуын, қалыпты өсуі мен дамуын қамтамасыз етуге қабілетті емес.

Қазіргі ғылыми көзқарастар бойынша, мұндай талаптарға рационалды (ұтымды) деп аталатын тамақтану ғана жауап бере алады.

Рационалды (латынша ratіonalіs - саналы) тамақтану - ағзаға тағамның саны мен сапа жағынан қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қабілетті, сөйтіп барлық қуат шығынының өтелуін, бүкіл физиологиялық қызметтерінің оңтайлы өтуін, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуын, жұмысқа қабілеттілігін, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсылық күшін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ, кәрілікті кешеуілдетуге және өмірін ұзартуға қабілетті ғылыми тұрғыдан негізделген тамақтану. Тамақтанудың негізгі қағидалары:

· Тамақтану мөлшері жағынан адекватты, яғни, рационның энергетикалық құндылығы ағзаның энергия шығынын толық өтеп отыруы қажет.

· Тамақтану сапасы жағынан құнды, яғни құрамында барлық ағзаға қажетті тамақтық (қоректік) заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері қолайлы мөлшерде болуы тиіс.

· Тамақтану балансталған болуы қажет, яғни құрамы, тамақтық заттардың химиялық құрам бөліктерінің мөлшері мен арақатынастары, олардың пайдаға асуын қамтамасыз ететін ағзаның ферменттік жүйелері үшін қолайлы болуы қажет. Тамақтанудың балансталғандық қағидасы - рационалды тамақтанудың негізгі қағидасы болып табылады, ол тек негізгі тамақтық заттардың - белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттардың және дәрумендердің арасындағы балансталғандықты ғана емес, сонымен қатар белоктардың, майлардың, көмірсулардың, минералды заттар мен дәрумендердің өздерінің құрамына кіретін заттардың да балансталғандығы туралы түсінік береді.

· Тағамның әр түрлі болуы, яғни, құрамында жануар текті және өсімдік текті азықтар және жеткілікті мөлшерде тағамдық талшықтар да болуы тиіс.

· Тағам залалсыз, яғни тағамда жұқпалы немесе паразиттік аурулардың қоздырғыштары болмауы, ал микробтық және микробтық емес токсиндердің концентрациясы гигиеналық регламенттерден аспайтын болуы тиіс.

· Жақсы органолептикалық көрсеткіштері қамтамасыз етілуі, тәбет тартатын, аз көлемде тоқтық сезімін беретін, жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы керек.

· Режиммен тамақтану.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1703 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...